Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстаздарға арналған тренинг. Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті

19 шілде 2019, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Ұстаздарға арналған тренинг
Тақырыбы: Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті
Мақсаты: Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым - қатынас орната білу.
Тренинг сабақ құрылымы:
1. Танысу
2. Әдістеме «Менің мінезім»
3. «Мен - үйде» және «Мен - жұмыста» жаттығуы
4. «Тиімді қарым - қатынас орнату» жаттығуы
5. «Ыстық картоп» жаттығуы
6. Релаксациялық жаттығу «Сарқырама»
7. Қорытынды «Күн шуағы» жаттығуы

Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі өткізілетін психологиялық тренингке қош келіпсіздер! Бүгін сіздердің психикалық көңіл - күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз - өзіңізге құрметпен қарауға, бір - бірімізбен сыйластық қарым - қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
Топтағы қағида:
1. Белсенділікті арттыру
2. Бірігіп жұмыс істеу
3. Бір - біріне кедергі келтірмеу
4. Өз ойыңды ашық айта білуге үйрену
5. Өзіңе пайдалы нәрсені алу
6. Әріптестермен жақсы қарым - қатынаста болу
7. Өзін еркін ұстауға үйрену

1. «Таныс болайық!» жаттығуы
Мақсаты: Өзін таныстыру, ұжымға бейімделу, айналасындағылармен бірлесіп жұмыс жасауға оң бағытталу.

2. Әдістеме: «Менің мінезім»
Мақсаты: Өзіне деген сенімділігін, өзін тануға деген қабілеттерін анықтау.
Әрбір қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөледі.
Әр бөлікке төмендегі жануар, аң, құс аттарын жазып шығады.
Түйе, Жылқы, Сиыр, Қой, Ешкі, Ит, Мысық, Тауық, Қаз, Аққу, Қарлығаш,
Үйрек, Бұлбұл, Арыстан, Қасқыр, Түлкі, Маймыл, Қоян, Тауешкі, Тасбақа,
Жылан, Балық.
Соңында 1. Үйде, 2. Жұмыста, 3. Жолдастарының арасында, 4. Өзіндік баға деп бөлінген бөліктерге жазылған жануарлар, құстар адамның сол бөлікке қатысты мінездемелермен танысады.

Жауабы:
1. Түйе - шыдамды
2. Жылқы - тектілік
3. Сиыр - өкпелегіш
4. Қой - жайдарлылық
5. Ешкі - ұйымдастырушылық
6. Ит - адалдық
7. Мысық - биөрісі басым адамдар
8. Тауық - шығармашыл
9. Қаз - тазалық
10. Аққу - сезімтал
11. Қарлығаш - бауырмал
12. Үйрек - ұқыптылық
13. Бұлбұл - әнді жақсы көретін
14. Арыстан - қайратты
15. Қасқыр - жігерлі
16. Түлкі - бейімделгіш
17. Маймыл - әртістік қабілеті бар
18. Қоян - елгезек
19. Тауешкі - талғамы жоғары
20. Тасбақа - мейірімді
21. Жылан - салқынқанды
22. Балық - еркіндікті қалайды
Талдау: жаттығудан алған әсеріңіз? Өзіңізді теңеу қиын болды ма?

3. «Мен – үйде» және «Мен – жұмыста» жаттығуы (10 минут)
Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез - құлықтарыңыз бен жүріс - тұрыстарыңызды жазыңыздар.

Талқылау:
1. Осы жағдайлардағы мінез - құлықтарыңыз бен жүріс - тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.
2. Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды?
3. Не себепті айырмашылықтар болады?
4. Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек пе? Неге?

4. «Тиімді қарым - қатынас орнату» жаттығуы.
Ортаға 6 мұғалім шақырамын. Сіздерге тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды үнсіз оқып, вербалдық емес қарым - қатынас құралдарының көмегімен жағдаяттарды ойнап шығуы тиіс. Басқа қатысушылар не жайлы «баяндалып» жатқанын шешулері керек.

5. «Ыстық картоп» ойыны
Мақсаты: Қатысушылардың көңіл - күйлерін көтеру.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Алдын - ала дайындалған сұрақтар қағазға жазылып, дөңгелек пішінде умаждап, ыстық картоп дайындаймыз. Қарқынды әуен қосылады да, қатысушылар ыстық картопты жылдам бір - біріне береді. Әуен тоқтатылған кезде ыстық картоп кімнің қолында болады сол адам тез қағазды ашып, жазылған сұраққа жылдам жауап беруі тиіс. Сұрақтар:
Бүгінгі көңіл - күйің?
Сенің сүйікті тағамың?
Сенің хоббиің?
Спорттың қай түрін ұнатасың?
Қандай киім үлгісін ұнатасың?
Жылдың қай мезгілін ұнатасың? Не үшін?
Қай түсті ұнатасың?
Жылдың ең қысқа айы?
Кактус гүліне ұқсайтын жәндік?
Сүйікті әнің?
«А» дыбысынан басталатын бес затты ата?
Кері оқығанда тура мағынаны беретін адамның дене мүшесі?
Саған ұнайтын кино?
Сүйікті әншің?

6. «Сарқырама» релаксациялық жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың өздерін сергек сезінуіне көмектеседі.
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.
Жүргізуші: «Жайланып отырыңыз және көзіңізді жұмыңыз. 2 - 3 рет деміңізді шығарыңыз, дем алыңыз. Өзіңізді сарқыраманың жанында тұрмын деп елестетіңіз. Бірақ бұл басқа сарқырамаларға ұқсамайтын ерекше сарқырама. Судың орнына бұл сарқарамадан жұп - жұмсақ аппақ жарық ағуда. Енді өзіңізді осы сарқыраманың астында тұрмын деп ойлаңыз және осы сарқырамадан сіздің басыңыздан төмен қарай ақ жарықтар ағып жатыр деп ойлаңыз… Өзіңіздің маңдайыңыз, ауызыңыз, бетіңіз бен мойныңыздан ағып жатқан ақ ұлпа жарықты сезініңіз… Ақ жарық сіздің иықтарыңыз бен арқаңыздан ағып жатыр, бұл сізге өзіңізді жайлы сергек сезінуіңзге көмектеседі. Арқаңыздан аққан ақ жарық сіздің арқаңыздағы ауыртпалықты алып кеткендей болады…
Сонымен қатар жарық сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздан және саусақтарыңыздан ағып жатыр. Сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздың жұмсақ әрі сергек болғандығын сезіндіңіз. Жарық сіздің аяқтарыңыз бен өкшеңізден ағып кетіп жатқандығын сезіндіңіз. Бұл жарық сіздің денеңіздегі қысымды өзімен бірге алып кетіп, денеңізді жұп - жұмсақ әрі сергек етуде. Сіз өзіңізді жайлы сезінудесіз, сіздің денеңіз жағымды күштер мен қуаттарға баюда… (30 секунд). Ал енді, сіздің бойыңызды таратқан сарқырамаға өз алғыстарыңызды білдіріңіз. Денеңізді тік ұстап, көзіңізді ашыңыз».
Талдау: Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?

7.«Күн шуағы» жаттығуы
Мақсаты: позитивті көңіл - күй орнату.
Барысы: әрбір қатысушының алдын ала дайындалған күннің бейнесі дайындалған. Күннің ішіне және сәулесіне қатысушылар бір біріне өз тілектерін жазады.
Қорытынды: Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын қалды. Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын. Мен сіздермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын.
Тренингке қатысқандарыңызға рақмет! Сау болыңыздар!

Камбарова Мейрамкул Темиралиевна
Педагог - психолог, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназия,
Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы
318
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Тренинг: Жақсы көңіл - күй жан азығы
Тренинг: Жақсы көңіл - күй жан азығы
Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу,
Тренингтер жинағы
Тренингтер жинағы
мұғалімдердің психикалық көңіл - күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым - қатынас орнату.
Әлеуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері
Әлеуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері
Топ - бұл ақиқат дүние, топта, өмірдегі сияқты өзіндік тұлға аралық қарым-қатынас, шешім қабылдау, мінез-құлықты таңдау проблемалары бар.
Жақсы көңіл-күй – жан шуағы
Жақсы көңіл-күй – жан шуағы
Ұжымдағы қызметкерлердің көңіл - күйлерін көтеру, ұжымда сыйластық қарым - қатынас орнату, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өздеріне құрметпен қарауға, жаңашылдық пен ізденімпаздыққа баулу.
Тәрбиешілерге арналған психологиялық жаттығулар
Тәрбиешілерге арналған психологиялық жаттығулар
Тәрбиешілердің психикалық көңіл – күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымдық сыйластық қарым – қатынас орнату.
Жақсы көңіл - күй жан азығы
Жақсы көңіл - күй жан азығы
ШҚО, Кокпекті ауданы, Самар ауылы, Жұбандық Болғанбаев атындағы орта мектеп педагог – психолог Кезенбаева Алмагуль Кайрдиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.