Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жас педагогтардың кәсіби әлеуметтенуіне ықпал етуші факторлар

19 шілде 2019, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
ЖАС ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ӘЛЕУМЕТТЕНУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТУШІ ФАКТОРЛАР

Аңдатпа: Мақалада педагог мамандардың кәсіби әлеуметтендіру мәселелерi, оның принциптерi, бағыты және нәтижелі кәсіби әлеуметтендірудің педагогикалық шарттары қарастырылады.
Тірек сөздер: тұлғаны кәсіби әлеуметтендіру, педагогтың кәсіби әлеуметтенуі, педагогикалық шарттар.
Аннотация: В статье рассматривается проблема профессиональной социализации педагога, ее принципы, направления, а также условия успешной профессиональной социализации.
Ключевые слова: профессиональная социализация личности, профессиональная социализация педагога, педагогические условия.
Abstract: The article deals with the problem of professional socialization of the teacher, its principles, directions, as well as the conditions of successful professional socialization.
Key words: professional socialization of the person, professional socialization of the teacher, pedagogical conditions.
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші - жастар. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мен, сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ер жетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты - біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деген сөзі мемлекетпен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды [1].
«Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында: «Қазіргі заманғы қоғамда адамнан тек политехникалық білімді болуын талап етіп қана қоймай, жоғары деңгейдегі мәдениет, ғылым мен техниканың түрлі салаларында терең мамандануын, қоғамда өмір сүріп, тіршілік ете білуді талап етеді» [2]. Дарынды, білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуына үлес қоса алады [3].
Кәсіби әлеуметтенудің заманауи тұжырымдамасы француз әлеуметтанушы Г. Тардттың кәсіби әлеуметтену теориясынан бастау алады. Өрісі кең кәсіби әлеуметтену теориясын индивидтің қарым - қатынас барысында жалпыға міндетті қабылданған нормаларды меңгеру арқылы әлеуметтік жүйеге араласу процесін сипаттайтын Т. Парсонс өңдемелеген.
Педагогикалық тұрғыда кәсіби әлеуметтену - адамның өмір бойы дамуы мен қалыптасуындағы әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеру үдерісінде қоршаған ортамен өзара іс - қимыл, сондай - ақ, өзі өмір сүретін қоғамда өзін - өзі дамыту және өзін - өзі табысты көрсету болып табылады.
Жас мамандардың жеке тұлғасын кәсіби әлеуметтендіру төмендегі негізгі міндеттерді көрсетеді:
- жас мамандардың жеке тұлғасы болашағын, саяси және әлеуметтік маңыздылығын өзектендіру;
- интеллектуалдық, ұйымдастырушылық, әдістемелік және тәрбие міндеттерін жүзеге асыруға шоғырландыру;
- ашық ақпараттық, білім беру, жеке тұлғаны кәсіби әлеуметтендіру, қалыптастыру, кәсіби әлеуметтік және тұлғалық кеңістікті құру, жас мамандардың жеке тұлғалық жауапкершілігін сезіну және өз бетінше дербестік қасиетін сақтай отырып, кәсіби әлеуметтік ортаға бейімделуі;
- жас мамандарды рухани, интеллектуалдық және өз денсаулығы мен кәсіби әлеуметтік біліктігі мен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыру;
- жас мамандардың әлемдік және ұлттық мәдениетті игеруіне байланысты толеранттылыққа, келісім және ұлтаралық мәдениет пен қарым - қатынасқа тәрбиелеу;
- қоғамға, қоршаған ортаға, табиғатқа жағымды көзқарас қалыптастыруға ықпал ететін кәсіби әлеуметтік педагогикалық жағдай жасау;
- кәсіби бағдар мен тұлғаның өзін - өзі іске асыруына және өз білімін үздіксіз жетілдіру қажеттігін тудыру.
А. В. Мудрик кәсіби әлеуметтенудің факторлары ретінде макрофакторларды, мезофакторларды және микрофакторларды бөліп көрсетеді [4].
Педагогтың кәсіби әлеуметтенудің макрофакторларына біз әлемде болып жатқан процестердің Қазақстандағы білім беру процесіне әсер ету факторы ретінде қарастырамыз. Қазақстанның білім беру жүйесінің шетелдік, соның ішінде Еуропалық білім беру стандарттарына сай болуы. Әлемдік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында Қазақстан Республикасы отандық білім берудің озық дәстүрлері мен стандарттарын сақтай отырып, әлемдік білім беру тәжірибесіне бағытталған стратегиялық курсын таңдады. Бүгінде Елбасымыз алға қойған, дамыған отыз елдің қатарына кіру жөніндегі «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» - баршамызға ортақ жауапкершілік жүктеп, Қазақстанның білім беру саласын жаңғыртуындағы негізгі бағыттарын айқындауды көздейді.

Назарова Шынар Талғатқызы
М. Өтемісов атындағы БҚМУ, БҚО, Орал қаласы
Жас педагогтардың кәсіби әлеуметтенуіне ықпал етуші факторлар. жүктеу​​​
1 822
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кәсіби сөздер
Кәсіби сөздер
Кәсіби сөздер таралу шегіне қарай ірі кәсіпке байланысты сөздер және шағын кәсіпке байланысты сөздер деп екі салаға бөлінеді.
Ар - ұят туралы
Ар - ұят туралы
Ар - ұят түсінігін иеленуші жеке адам болып саналады. Ар - ұят "адамның жеке өмірінің әр түрлі оқиғаларын көре білу, бағалай білу және оған қайғыра білу қабілеті".
Коучинг - сессия жоспары: Кәсіби қоғамдастық – педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру құралы ретінде.
Коучинг - сессия жоспары: Кәсіби қоғамдастық – педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру құралы ретінде.
Кәсіби қоғамдастықтың маңызы туралы алғашқы түсінік қалыптастыру. Желілердің білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңыздылығын көрсету. Мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі
Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру
Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру
Физика пәнінің мұғалімі Жанұзақова Сауле Айғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×