Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алты ойшыл қалпақ әдісі

26 шілде 2019, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Алты ойшыл қалпақ әдісі
Балалардың ойлау қабілетін дамытуда алты ойшыл қалпақ әдісін кең пайдаланады. Оның авторы американдық профессор Эдвард де Боно. Осы әдісті пайдалану кезінде мына жайттар болуы тиіс.
1. Әркім ойлану керек және ойларын айтады;
2. ойлау дағдысының дамуының бірі;
3. Тым күрделі жағдайларды қарапайым жағдайлармен алмастыру керек;
4. Жоспарлы және сатылы әрекет болу керек;
5. Затты зерттеу қажет және сөз таластырмау керек;
6. Менің пікірім әрқашан дұрыс демей, керісінше пайдалы ұсыныстар жасау керек. Басты міндет оны көре білу;
7. Біз көрмей тұрған, бірақ көруге міндетті ететін шешімдер мен идеялар болуы керек.
Балалардың өзі ойлау қабілеттерінің ерекшеліктерін жақсырақ түсінуін, ойлау бейнелерін бақылаудың және мәселенің шешу кезінде ойлау үрдісін тиімді пайдалану мақсатында ойда қойылған міндеттермен нақтырақ байланыстыруға үйрету. Алты ойлау қалпақтарын қарапайым және практикалық әдіс. Ол практикалық ойлаумен байланысты. Негізгі үш қиындықты жеңуге мүмкіндік береді:
1. Эмоциалар;
2. Шарасыздық;
3. Түсінбестік.
Әдіс ойлауды алты типке немесе тәртіпке бөлуге жол береді, олардың әрбіреулеріне түрлі түсті қалпақ сәйкес келеді. Бөлу арқылы әрбір тәртіп тиімдірек пайдаланады, жалпы ойлау үрдісі бір нүктеге топталып, тұрақты болады.
Алты қалпақты қолдану жоспары
1. Әдіс принциптері мен қолдануды үйрену, бұл ережелерді есте сақтап, пайдалануды үйренуге және оларды саналы түрде тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.
2. Осыдан кейін нақты проблемаларды шешу кезінде ойлау бейнесін түсіну, бақылау және бейімдеу үшін белгіленген "ойлау тәртіптерін" қолдану.
3. Өзіміздің ойлау әдісімізді тек анықтау үшін қалпақты киіп, шешіп, ауыстырып, біз сол қалпақ көрсететін нақты рөлді өзіміз атқарамыз.
Алты қалпақтар әдісі – ойлау кезінде белгілі бір принципті пайдалану: кенеттен ойлаудың түрлі аспектілеріне бөлек - бөлек назар аударуды үйрену талпынысы. Нәтижесінде осы әр түрлі аспектілердің үйлесімділігі толық көлемде ойлатады. Алты ойлау қалпақтары бағалау және талдамалық ойлауды толықтыра түсетін шығармашылық және құрылымдық ойлау үшін арналады.
Қалпақтарды пайдалану ережелері
1. Ойлау қалпағын киіп, біз сол қалпақ білдіретін рөлді иеленеміз.
2. Нақты түсті қалпақты шешіп, біз сол ойлау типінен бас тартамыз.
3. Қалпақты басқа қалпақпен ауыстыру кезінде ойлау әдісі ауысады. Бұл әдіс адамды ренжітпей, ойлау барысын ауыстырады. Біз айтылған ойларға қарсылық білдірмейміз, оларды ауыстыруды сұраймыз.
4. Өзіндік пікірді білдіру үшін тек қалпақты атауға болады, солайша қай ойлау әдісі пайдаланатындығы көрсетіледі. Мысалы, қара қалпақты киетіндігіңізді тек айтсаңыз ғана, сіз оны ұсынған адамға қарсылық білдірмей, идеяны талқылай аласыз.
Алты ойшыл қалпақ әдісі. жүктеу
7 398
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық құндылықтар (Алты қалпақ әдісі)
Ұлттық құндылықтар (Алты қалпақ әдісі)
Ұлттық құндылықтар туралы әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар төңірегінде ой қорыту, өздерінің “ойларын білдіру”.
Сансызбай Сарғасқаев. Шыбық
Сансызбай Сарғасқаев. Шыбық
Сансызбай Сарғасқаевтың өмірімен, шығармаларымен тереңірек танысу. Мәтінді тереңірек түсініп оқуға, талдауға үйрену, мәтіндегі түйінді ойды ашу.
5 әдістен - 50 әдіске
5 әдістен - 50 әдіске
1. «Миға шабуыл» (әдіс) 2. «Шаттық шеңбері» (сергіту сәті) 3. «Ақылдың алты ойлау қалпағы» Эдвард де Боно бойынша 4. «Гүлмен тілек» (сергіту және топқа біріктіру) 5. «Сұраққа жетіп ал» әдісі
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын сабақта тиімді қолдану
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын сабақта тиімді қолдану
Топ мүшелерінің сын тұрғысынан ойлауға бағыттай отырып, өз ойларын айтуға, жаңа тәсілдерді сабақта қолдануға мүмкіндік алу.
Ақылдың алты қалпағы
Ақылдың алты қалпағы
Білім беру мен сабақ үдерісінде оқушыларды мәселелерге сыни көзбен қарауға, проблема бойынша өз көзқарасына рефлексия жасауға, «Ойлаудың алты қалпағы» туралы үйренеді.
Кім болғым келеді?
Кім болғым келеді?
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майшұқыр негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Туребекова Айгерім Маратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×