Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері

11 қараша 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тақырыбы: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Қатысушылар: Ата - аналар, мұғалімдер
Мақсаты: Отбасындағы қарым - қатынас мәдениетін сақтауға, отбасында бір - біріне деген сый - құрметтер дамытуға ықпал ету.
Міндеттері:
1. «Қарым - қатынас мәдениеті» ұғымының мәнін ашу.
2. Баланың жаңа ортаға бейімделуі
3. Ата - анамен бала арасындағы байланыс туралы ситуациялық сұрақтар
4. Отбасы тәрбиесі жағдайында әдіс - тәсілдерін ұсыну.
5. Ата - анаға кеңес
6. Рефлексия

Өтілу формасы: Тренинг
І Топқа бөлу: Топқа ат қою
ІІ Слайд: Ұлы ғұлама адамдардың сөздеріне сүйене отырып, отбасы тарбиесі туралы түйіндеу.
1) Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау;
Әдістері: Топтастыру, Екі жақты күнделік,
Көрнекілігі: нақыл сөздер мен сұрақтар жазылған бетшелер, жүрекшелер, т. б.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Оқушыларды отбасының бірлігін сақтап, ата - ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған тренингімізге қош келдіңіздер!
Құрметті ата - аналар!
Отбасы — адам баласының өсіп - өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата - ана өздерінің негізгі борыштарын — тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.
Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым – қатынасын, тіл табысып түсінуін, бірін – бірі тыңдап, ата – ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету. Оқытудың, білім алудың, мәдени мінез – құлықтың әдет – дағдыларын қалыптастыру. Отбасындағы баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау. Баланың ақылына, күшіне біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауға дайын болуға үйрету.
Ата - ананың ең ардақты міндеті: бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре беру, күн сайын емес, сағат сайын бала оқуын, еңбегін, ойынын, жолдастарымен қарым - қатынасын үнемі шаршамай, ерінбей бақылап, жақсылыққа жол сілтеу. Бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы, сондықтан бала тәрбиесі — ата - анадан жауапкершілікті талап етеді.
Бала тәрбиесінің негізі — бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ — бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата - ана — баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата - ананың сіңірген еңбегіне, тәлім - тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата - ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан - жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда.
Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Ол өзі бір шағын мемлекет. Ол мемлекеттің аты «Бақытты жанұя» деп аталады. Сол мемлекетке саяхат жолында біз көптеген сатылардан өтіп, нәтижесінде барлығымыз бірігіп біз аңсаған «Бақытты жанұяның» моделін жасап шығарамыз. Ендеше, барлығымыз да белсенді түрде қатысайық!
Ал ол үшін, әрине, бірнеше сатыдан өтеміз. Алдымен «отбасы деген не?» деген сауалға жауап іздеп көрейік.

Адамзат бесігін тербеткен ұя
Үлгі – өнеге бастауы
Жағымды қасиеттерге баулиды
Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Ата - ананың үйдегі қарым - қатынасы, киім киісі, мінез - құлқы бәрі - бәрі балаға үлгі. Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан - мейір алады». «Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Бала тәрбиесі - бесіктен. Ертеде бір кісі балалы болып, баласы 6 айға толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң 6 айлық болса, онда сен тәрбиені бастауға 6 ай кешігіпсің» деген екен.
Сондықтан да әрбір ата - ана баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек.

Жауапты: М. М. Аканова А. С. Исина
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері. жүктеу
28 641
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасы – ақындар өлеңінде
Отбасы – ақындар өлеңінде
Отбасындағы қарым — қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның қандай болу керектігін кеңінен түсіндіру.
Сөз мәдениеті және тілдік қарым - қатынас
Сөз мәдениеті және тілдік қарым - қатынас
"Аққыстау орта мектебі" ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есбосынова Жансая
Отан - отбасынан басталады
Отан - отбасынан басталады
Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау
Жарасымды қарым - қатынас
Жарасымды қарым - қатынас
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қарашоқы орта мектебі педагог - психолог Мирзаканова Жанар Авабакриевна
Іскерлік ортада сөйлеу мәдениеті
Іскерлік ортада сөйлеу мәдениеті
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Бөгетсай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маханалина Багдагул Разакбергеновна
Ұжымдағы адам
Ұжымдағы адам
Адамдардың қарым - қатынасы дегеніміз - өз ара пікірлесу ақпарат алмасу идея бөлісу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×