Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәңгілік Ел идеясы – ұлтымыздың түпқазығы

03 қыркүйек 2019, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
«Мәңгілік Ел» идеясы – ұлтымыздың түпқазығы

Қазақстан – егеменді, тәуелсіз мемлекет. Ата бабамыздың арманы асқақтаған, алаш аты аспандаған заманда өмір сүріп жатқанымыз әркімнің көкейіне зор мақтаныш ұялатады.
Тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің жетістігі зор күш - жігер мен ортақ еңбекті талап еткенін әр қазақстандық түсінеді. Тәуелсіздік халқымызға тегін келмеді. Қаншама азаматтарымыз жалынға шарпылды, елім деп еңіреді, қаншама ұрпақ зар жылады, жапа шекті. Асынған бес қаруын айлап шешпеген еліміз төрт жүздей шабуылды басынан кешірген екен. Еліміз «егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты» таңдады. Ендігі міндет – бейбіт өмірді сақтау, «ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру», ортақ еңбектің нәтижесінде «берекелі қоғам құру», тәуелсіз елімізді «Мәңгілік ел ету». «Мәңгілік ел» болу жолындағы мазмұнды істерімізбен дараланатынымыз айдан анық. Елбасы Н. Ә. Назарбаев осы жайында «Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік ел» боламыз» – деп баса айтады.
Шекарасы «перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген», «күшейсе, бірліктен күшейген» ата - бабамыздың қанымен сызылған байтақ ел – Қазақ елі бүгінгі күндері тәуелсіздік бесігінде тербеліп жатқан жайы бар. Егемендікті берік еткен көшбасшымыз Н. Ә. Назарбаевтың сындарлы саясаты елдің өсіп - өркендеуіне зор ықпал еткенін халқымыз жақсы біледі. Елбасының қай Жолдауын алсақ та, олар «шамшырақ сияқты біздің жолымызға сәуле шашып, алға басуға жігерлендіреді». Жыл сайын елге ұсынған Жолдаулар халық сенімін одан әрі нығайта түсіп, мерейін үстем етті. Мемлекет басшысы экономикадағы реформаларға көп үміт артты. Оның нәтижесі де көп күттірмегенін ел көрді, ерен еңбек бағаланды. Іргелі істер ілгері дамуымыздың негізі болғаны да айқын. Жыл сайын Жолдау қызу талқыға салынып, көпшіліктің оң ықыласына бөленіп отырғаны анық.
Қалыптасқан мемлекеттің бірлігі мен тұрақты дамуына негізделген «Қазақстан - 2050» стратегиясында қазақстандық реформа сәтті жоспарланғанын анық көруге болады. Еліміз «егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты» таңдады. Ендігі міндет – бейбіт өмірді сақтау, «ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру», ортақ еңбектің нәтижесінде «берекелі қоғам құру», тәуелсіз елімізді «Мәңгілік ел ету». Ал «Қазақстан - 2050» стратегиясы – «бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан» мемлекет болып қалыптасуымыздың бірден - бір кілті. Қазіргі кезде біз «Жаһандық саясатта» өз орнымызды таптық. Экономиканың қарқынды дамуы мен елдегі тұрақтылық мемлекеттің алға жылжуына мүмкіндік бергенін өмір көрсетіп отыр. Ал стратегиялар мен Жолдаулар жаңа бағыт - бағдар беретіні айқын. Елбасы бұл стратегияда қоғамның барлық саласына қамқорлық танытады.
Н. Ә. Назарбаевтың тұлғаның арқасында елдігіміздің еңсесі биіктеп, өресі марқайып шыға келетіні сөзсіз деп ойлаймын.
Мәңгілік Ел идеясы сонау түркілік дәуірден бастау алып, бүгінге дейін жеткен қазақ халқының Ұлттық идеясы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Мәңгілік ел» боламыз дей келе, ұлттық сананы алдыңғы орынға шығарды. «Мәңгілік Ел» идеясы – ұлтымыздың түпқазығына айналды. Мәңгілік ел құру – кең - байтақ жерімізді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған ата - бабаларымыздың асқақ арманы. Мәңгілік Ел – «Алашым, жұртым» деп қасық қаны қалғанша азаттық үшін күрескен батыр ұлдардың ортақ тілегі. Мәңгілік Ел – халқым деп жырлап өткен ақиық ақындардың, арыстар мен боздақтардың арман - мұраты.
Тәуелсіз ел атанып, егемендіктің туы желбірегелі еліміз зор жетістіктерге жетіп отыр. Тарих тарланы атанған М. Қозыбаев Тәуелсіз еліміз жайында былай деп жазады: «Балғын тәуелсіздік туралы түсінігіміз кеңи түсті. Біз бүгін тәуелсіз ел деп халықаралық ұйымдарға емінбей еркін кіретін, көгілдір байрағымызды желбіретіп, басқа елдің төріне ілетін, әлемдік қоғамдастықта қай елдің өкілдері болса да, қаз - қатар алдыңғы легінде жүретін, елі аман, жұрты тыныш, шекарасы бүтін, көңілі көтеріңкі, қабағы ашық, жүзі жарық саясаткер көсемі бар парламенттік республикалық мемлекетті айтамыз». Ғалымның осы нұрлы сөздері қазақ еліне берілген үлкен баға деп білемін. Ел дамуын жан - жақты қамтитын негізгі құжат – Елбасының халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдаулары. Салиқалы ой иесі Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев биыл да Қазақстан халқына «Қазақстан - 2050» стратегиясын ұсынды. Айқын мақсат, игі іс жүктеген тарихи маңызы бар бұл Жолдау халық сенімін нығайтатыны анық.
Елбасымыз ақыл - парасат иесі адамның қоғамдағы орны басты назарда екенін тілге тиек етеді. Адамның қоғамдағы жағдайы мемлекеттің даму деңгейін білдіретін көрсеткіш екені белгілі. Сондықтан да Жолдауда халықтың әл - ауқатын арттыруға бағытталған мазмұнды шараларға баса назар аударылған.
Әлемдік деңгейдегі рөліміз, ұлттық экономика, әлемдік тұрақтылық, келісім мен татулық, ұлт денсаулығы, медициналық білім беру, «Балапан» арнайы бағдарламасы, жаһандық қауіпсіздік, ұлттық қорғаныс жайында жаңа міндеттер мен мазмұнды бағыттарды айқындап берді.
Елбасы экономика жайында «Алдымен экономика – содан соң саясат» деген айқын формуламен ілгерілеп келе жатқанымызды, осы таңдаған бағытымыз еліміздің жаңғырып, бәсекеге қабілетті болатынын баса айтады. Инженерлік білім беру, заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды Үкіметке тапсырды. Жоғары оқу орындарына да өздерінің ғылыми - зерттеушілік қызметін де белсенді дамыту керектігін айтып, зор міндеттер жүктеп отыр. Білім саласына ерекше ықыласы мен қамқорлығын танытты. Осы игі шаралар нәтижесінде: «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – дейді Мемлекет басшысы. Елдегі өзге ұлт өкілдерімен тіл табысып, ортақ мүддеге еңбек ету керектігін де назардан тыс қалдырған емес.

СҚО, Петропавл қаласы
«№7 орта мектеп» КММ
Тоқтарова Асия 8 сынып оқушысы
Жетекшісі: Габбасова Самал Саркеновна
165
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие - Мәңгілік елдің кепілі
Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие - Мәңгілік елдің кепілі
Оқушыларды Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Шығарма. Мәңгілік еліміздің - мәңгілік тілі
Шығарма. Мәңгілік еліміздің - мәңгілік тілі
Тілім менің – қазынам, қасиетім, Қасиетім бар әлем бас иетін. Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ, Бола көрме, Ана тіл, қасіретім
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария етілді.
«Мәңгілік ел» идеясы арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудің жылдық бағдарламасы
«Мәңгілік ел» идеясы арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудің жылдық бағдарламасы
«Бір ел – бір тағдыр» оқушыларға жас ұрпақтың патриоттық сезімін жандандыра түсіп, «Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызы мен мақсаттарын түсіндіру арқылы «Мәңгілік ел» идеясының маңызын түсіну.
Тіл - «Мәңгілік ел» идеясының басты негізі
Тіл - «Мәңгілік ел» идеясының басты негізі
«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруда ұлт зиялыларына да жүктелер міндет өте ауыр. Сол зиялы қауымның бірі - ұстаздар. Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағылымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де – білім.
Білім мен тәрбие беру арқылы оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Білім мен тәрбие беру арқылы оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Н. С. Манаев мектебінің биология пәні мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.