Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сынып оқушыларының жазбаша тілін дамыту мәселелері

10 қаңтар 2020, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Дайындаған: Естайлақова Лена
Бастауыш сынып оқушыларының жазбаша тілін дамыту мәселелері
Қай тілде болса да жатық сөйлеп, сауатты жазу үшін, сөздерді бір - бірімен байланыстырып сөйлеу білу қажет. Ол тіл дамыту жұмыстарының алуан түрлерімен ұштасады.
Бастауыш сынып оқушыларына бағдарлама көлемінде грамматикалық ережелерді меңгертіп, сурет, жаттығу бойынша жұмыс жүргізу арқылы сөз байлығын молайтып, сөйлей де, сауатты жаза білуге жаттықтыру - күнделікті сабақ процесінде қарастырылатын мәселелер.
Байланыстырып сөйлеу мен байланыстырып жазу – сөйлеудің аса қажетті компоненттері. Ежелгі жазу - сызу болмаған заманда «сөйлеу» деген ұғым ауызша сөйлеуге тән қолданылған. Жазу мәдениеті қалыптаса бастағаннан кейін «сөйлеу» ұғымы да өзінің алғашқы тар мағнасын өзгертіп, кең мағынада қолданыла бастады. Сондықтан қазір «байланыстырып сөйлеу» деген тіркес сөйлеу мен жазуда бірдей граматикалық термин ретінде қолданылады.
Байланыстырып жазудың мектеп тәжірибесінде қолданылатын мынандай негізгі түрлері бар:
1. Сөйлемдегі сөз орындары ауыстырылып, берілген оқулықтағы жаттығулар бойынша сөздердің өзара байланысын анықтау арқылы сөздерді дұрыс орналастырып, жаттығу мәтінін көшіріп жазу.
2. Мәтіндегі орны ауыстырылып берілген оқулықтағы жаттығулар бойынша мәтіндегі сөйлемдерді ой жүйесіне қарай дұрыс орналастыру арқылы мәтін құрамына енетін жеке сөйлемдерді бір - бірімен байланыстырып, жаттығу мәтінін көшіріп жазу.
3. Мәтін мазмұнына сай берілген сұрақтарға жазбаша дәл және еркін жауап жазу.
4. Мәтінде жасалған жоспар бойынша мазмұндама жазу.
5. Сурет бойынша мазмұндама жазу.
6. Сюжетті мәтін бойынша мазмұндама жазу.
7. Оқыған, көрген - білгендері туралы шығарма жазу.
Жазу жұмысы белгілі дәрежеде грамматикалық мағлұматтарды жазу емлелерін, орфографиялық және пунктуациялық ережелерді білуді керек етеді. Сөздерді бөлек жазу, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, бас әріпте және кіші әріппен жазу т. б. ережелерін меңгеруді талап етеді.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, тілдерін байытуға, сөйлем құрау шеберліктерін жетілдіруге және ойларын жүйелі жазуға бұл жұмыстың беретін нәтижесі зор.
Оқушылардың жазба тілін дамытуда сөздерді байланыстырып, сөйлем құрастыруда алуан түрлі мазмұндама, шығарма жазу жұмыстары басты тілек материалдар болып саналады.
Тіл ұстарту сабақтарының табысты болуы оқушылардың шығармашылық дамуына мүмкіндік туғызып, төмендегідей бағдарларды қалыптастырады.
- өз ойын, пікірін жеткізе білу;
- байқампаздығын дамыту;
- құбылыстарды шынайы бағалау,
- ой - өрісін, ұғымын кеңейтуің
-«өз сөзін» айту мүмкіндігін қалыптастыру;
- толық фантазиялық еркіндігі;
- орфографиялық сауаттылыққа нығайту.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары арнайы тіл ұстарту сабақтарында іске асады. Ал осы шығармашылық жұмыстарды жоспарлауда мұғалім дидактиканы
Жиі қолданылатын әрі тиімді принциптерінің бірі – түсінуге жеңіл қолайлылық принципін қолданғаны дұрыс. Бұл принципті басшылыққа ала отырып, шығармашылық жұмыстарды жүйелі қарапайым, нормадан бірте - бірте күрделендіре іске асыру қолайлы.
Мысалы, оқушылардың шығармашылыққа дайындайтын бірден - бір өз бетінше орындайтын жұмыс түрі - хат жаздыру.
Хат жазу - өз бетінше дербес орындалатын және сапалы мәтін құра білуге, өз ойын дәл әрі логикалық байланыста бере білуге жаттығудың бірден - бір жолы. Бұл жұмыс түрінің білімді де сауатты адамдар өмірінде қажеттілігіне оқушылардың көзін жеткізе отырып, тәрбие беру. Білім толықтыру үшін де пайдасы зор.
Хат жаздыру жұмысын жолдастарына, ата - әжелеріне, үй ішіне, туған - туыстарына жаздырудан бастаған жөн. Ал не жайында жазуға болатынын мұғалімдер оқушылардың естеріне салып, нұсқау беру керек.
Атап айтқанда:
- Өз бастарынан кешкен қуанышы мен реніші:
- алға қойған жоспарлары:
- көмек, ақыл - кеңес сұрау т. б.
Осындай тақырыптар арқылы оқушылар әңгімелеу процесінде алуан түрлі жайттарды айтуға болатынын және хатты әр адам өзі жазатынын ұғына біледі.
Бұл жұмыс түрі оқушыларды мазмұндама, шығарма жазуға дайындайтын болса, ал шығармашылық жұмыс жазуының алғашқы басқышы бола алады. Мұндағы басты талап - оқушы өз ойын әрі толық, әрі тұжырымды етіп, жүйелі түрде қағазға түсіру, яғни бір - бірімен жалғасты бірнеше сөйлемдерден тұратын тиянақты мәтін құрау болып табылады.
Мысалға, мазмұндама - байланыстырып жазудың көп қолданылатын, аса танымал түрі. Мазмұндама, негізінде, екі түрлі стильде жазылады: біріншісі – сипаттау арқылы жазу, екіншісі - сюжет оқиғаларын хабарлау арқылы баяндау.
Ал шығарма жазуға келсек, байланыстырып жазудың негізгі де жиі қолданылатын түрі. Шығарма мазмұндама сияқты. Бұлардың айырмасы: мазмұндама дайын оқу материалдарының мазмұнын айтып беру, жазып беру болса, шығармада оқушы өзінің ойын, көрген - білгенін айтып, не жазып береді. Шығарма - өз ойын жазбаша баяндау.
Қорыта келгенде, тіл дамыту тек қазақ тілі және ана тілінің ғана объектісі емес, басқа пәндерге де ортақ нәрсе. Олай болса, тіл дамыту жұмыстары - оқушылардың барлық пәндер бойынша ауызша, жазбаша тілін дамытып, сөздік қорын қалыптастыруға бағытталған біртұтас, бірлескен іс - әрекеттер арқылы іске асырылатын күрделі процесс. Тіл дамыту шаралары оның әдістемесін жетілдіріп, сындарлы қалыптастырғанда ғана дұрыс нәтиже береді. Тіл ұстарту жұмыстарының негізгі мақсаты оқушыларды ауызша және жазбаша түрде өздерінің және өзге біреудің ойын грамматикалық және стилистикалық дұрыс, мазмұнды да мәнді білдіруге қаруландыру болып табылады.
Оқушылардың тілін дамыту жұмыстары олардың болашағы үшін үлкен мағыналық маңызға ие.
Сонымен, айтарым, әр оқушының байланыстырып сөйлеу, оны қағаз бетінде жазбаша бейнелеуде ойын жүйелі жеткізе білуге үйрету кез келген бастауыш сынып мұғалімнің міндеті.
84
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Кім қайда істейді?
Кім қайда істейді?
Мақсаты: Түрлі мамандық иелерінің еңбектері жайлы әңгімелесу. Сұрақтарға жауап беру арқылы байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Балаларды еңбек етуге баулу.
Тіл және сөйлеу
Тіл және сөйлеу
Тілдің маңызы туралы түсініктерді қалыптастыру. Сөйлеудің маңыздылығын ұғындыру
Тіл дамыту күнтізбелік жоспар
Тіл дамыту күнтізбелік жоспар
Қазақ тілі пәнінен 4 сыныптарға арналған «Тіл дамыту» атты факультативінің жұмыс жоспары
Бастауыш
Бастауыш
Оқушыларға бастауыш туралы ұғым қалыптастыру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін және сөздік қорын дамыту.
Бастауыш
Бастауыш
Оқушыларға сөйлемнің негізгі мүшесінің бірі бастауыш туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін және сөздік қорын молайтып, ой белсенділігін дамыту.
Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу
Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Аймағанбетова Ильмира Қожайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.