Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлы дала - Мәңгілік ел тірегі

30 сәуір 2020, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Ұлы дала - Мәңгілік ел тірегі
Қайырлы күн құрметті президиум және әріптестер!
1 слайд Әр халықтың сан ғасырлық тарихы бар. Ал Қазақ халқымыздың сан ғасырлық тарихы сонау тереңде жатыр. XXI ғасырға қандай дәрежеде аяқ ала бастағанымызды білу әр перзенттің міндеті. Әлемдегі әр түрлі халық өз мәдениетін, салт - санасын жоғарғы дәрежеге қояды. Қазіргі таңдағы жеткен жетістіктеріміз ата – бабаларымыздың ерең еңбегі мен қажымас қайратының арқасында. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың айтуы бойынша: «Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз.»
2 слайд Елбасының мақаласын мұқият оқып, қуандым. Себебі «Ұлы даланың жеті қырында» Қазақстан өңірінде болған өркениеттерді қалай тану керек екенін айтып, оның методологиялық аспектілерін анықтаған. Еуроцентристік көзқарастан арылу керектігін батыл жеткізді. Көшпенділер не болмаса жартылай отырықшы елдерді надан және жабайы елге жатқызатыны белгілі. Осы көзқарастан арылу принциптік ұғым. Бұл – бір. Екінші – Қазақстан аумағында жасалған өркениеттер жайы. Адамзат өркениетінің ошағы – Орталық Азия десек, соның үлкен бөлігі – Қазақстанда. Қазақстан аумағындағы бұрынғы қазіргі барлық өркениетті жаратушы да, оған мұрагерлік етуші де, дамытушы да – қазақ халқы деп анықтама беру керек.
Ұлы даланы жайлаған ұлтымыздың ұлылығына, бабаларымыздың даналығы мен батырлығы қарастырылады. Ұлы дала халқы металл, алтын өндіру технологиясының терең тарихымен мақтана алады. Сондай - ақ, Түркі әлемінің бесігі болып, Еуропа мен Азияны жалғаған Қазақстан Ұлы Жібек жолын жаңғыртуды да көздеп отыр. Қазақ даласының сулы, нулы табиғаты да елеусіз қалмады.
3 слайд Елбасы төл тарихымызды бағалап, жаңғыртуға арналған нақты тапсырмалар жүктеді. Оның ішінде «Архив - 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау, Түріктанушылардың дүниежүзілік конгресін ұйымдастыру, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу сынды тарихи әрі маңызды міндеттер бар екені, сонымен қатар Атамекенін ардақ тұтып, Отанын сүйген Ұлы даланың әрбір баласы Елбасы меңзеген мәнді мақаланы жүрегімен түйсінуі қажет. Ұлт тарихының бастаулары, Ұлы дала өркениеті, түркі әлемінің генезисі, түркілердің адамзат тарихына қосқан үлесі сияқты маңызды тақырыптарды жүзеге асырудың да нақты жолдары көрсетілгенін айттып өтті. Әлемдік өркениет көшіне ұлттық сипатын сақтай отыра Елбасы мақаланың негізі өзегі деп түсіндік.
4 слайд Мақаланың әр бөлімі өткенді сараптай отырып, бүгінмен ұштастыра, ойлас­тыра айтылған. "Ұлы даланың жеті қыры" аз уақытта 9 тілге аударылып, түркі тілдес елдердің ғалымдары мен саясаттанушыларының қызығушылығы мен қолдауына ие болды. Қазрігі таңда мақалада көрсетілген міндеттерді іске асыруға байланысты аудан мектептерінде арнайы жоспар жасалып, жұмыстар басталды.
Осы мақаладағы бастамаларды іске асыруда мектепте өткізіліп жатқан Өлкетану курстарының да өз үлесі бар. Бүгінгі күні осы курс аясында мектеп оқушылары Солтүстік Қазақстан өңірі жайлы терең білім алып, бар мағлұматтармен зерттеу дағдыларын дамытуға өз үлесін қосып отыр.
5 слайд Қазақстан тарихы бойынша өлке тарихы, айналамыздағы ескерткіштер, өңірдің тарихи тұлғалары туралы деректер жинасақ, ауыл іші қолөнер кеңі көрмесі ұйымдастырылуда. Қазақ әдебиетінен өлкенің жыры мен өлеңдері, ауылым туралы бір жыр және газет баспа беттерінен шолулар жасалады. Музыкадан ауыл талантары, туған өлке музыкасы, ауылым жыр ордасы тақырыбында интеллектуалды ойындар, конференция, дөңгелек столдар өткізілуде. Мектеп жанындағы өлкетану мұражайларының жанынан оқушылардан арнайы зерттеуші топ құрылып мектеп мұражайын тың деректермен толықтыруда.
Өткен жаз уақытында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыумен Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылына Шоқан Уалихановтың мұражайына экспедициялық саяхат жасаса, биылғы жазғы демалыста ұлы даланың жеті қырының әл қисасы атқа міну болса, сол текті тұяқтың Қазақ топырағынан шыққанын дәлелдеген Ботай тұрағына экспедициялық саяхат ұйымдастыру жоспарланып отыр.
6 слайд Біз тарих сахнасына атпен шыққан халықпыз. Біздің атқа мінгенімізге 7 мың жыл болыпты. Сондықтан да атқа мінген соң, жермен аттың төрт тұяғы арқылы байланыстық. Аттың үстіне шыққаннан кейін көкжиегіміз кеңейді. Басқа халықтар сияқты неден қорықсақ, содан құдай жасаған жоқпыз. Біз аспанға, жұлдызға қарап ой - өрісімізді дамыттық. Тәңірге, Аллаға табынатынымыз содан. Ал жылқы мәдениетіне келгенде Елбасы өте үлкен сара саясатты көрсетіп берді. Ауыл балалары «Тай – атқа, ат мұратқа жеткізер» деп жабағы үйрету дәстүрін ұстанып жүр.
7 слайд Аудандық білім бөлімінің жоспарымен келісі отыра «Ұлы дала - Мәңгілік ел идеясы» тақырыбында облыстық семинарымызды өткізгелі отырмыз. Семинар барысында: «Менің мектебімнің тарихы» тақырыбында ашық сабақ, «Ауылым – алтын бесігім» мұражай сабағын, «атқа міну» дәстүріміз тақырыбында сыныптан тыс жұмыстар жоспарланып отырмыз.
8 слайд Яғни қорыта келгенде, Мұхтар Мағауин «Аласапыран» романынан «Біз атқа мінгенде бүкіл дүние жаяу жүр еді. Біз жазу шығарып, жыр толғаған кезде қазіргі Еуропа қараңғылық түнегінде жатқан. Біз айбынды мемлекет түзеп, жарты әлемді билеп отырған кезде бүгінгі заманның ең озық жұрттары тайпалық құрылым деңгейіне жеткен. Бір тұтас ұлы түркі халқы мың жыл бойы салтанат құрды, ғылым мен өнердің озық үлгісін жасады, рухы биік, аруағы үстем, күш қуаты артық болды. Кім білер, кім сенер, біз осындай да сондай едік.» деп қазақ халқының бай халық екенің дәлелдеп отыр. Ендеше ұлттық санасы жаңғырып, рухани жаңғыру жолында тарихын түгендеп, атына қайта мінген қазақтың кеудесін ешкім баса алмайтыны көрсетіледі. Осындай игі бастамаға ат салысу - әрқайсымызға қастерлі міндет. Бұл – бір, екі күннің мәселесі емес, ұзақ жылға арналған бағдар. «Біз руханиятымызды қалай жаңғыртамыз?» деген сауалға бірлесіп жауап іздесек деймін. Бұл мәселені Джон Кеннеди айтпақшы, «Мемлекет маған не береді емес, мен мемлекетке не беремін?» деген тұрғыдан қарастырып көрсек. Ел үмітін ақтау, ел болашағы - бүгінгі жас ұрпақта! Ендеше елбасы атап өткендей: - Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін ел болашағы жастарымыз еліміздің патриоты болсын!

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу​​​
299
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Эссе: Ұлы дала елі
Эссе: Ұлы дала елі
Ата жұрт, атамекен - өте кең ұғым. Атамекен - адамның ата - бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп - өніп келе жатқан жері. Өмірден көретін қызығы мен бақытының тұрағы.
Елбасына арнау
Елбасына арнау
Асқақтай бер Нұр аға алып таудай. Көш басшысын елімнің арыстандай, Құрметтемей тұра ма мына халқым. Өзіңіздей асқар тау, алып жанды - ай,
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария етілді.
1 желтоқсан - мәңгілік ел болуға бастаған күн
1 желтоқсан - мәңгілік ел болуға бастаған күн
Тәуелсіз қазақ елінің тарихы сол елдің екі тізгін, бір шылбырын өз қолына ұстаған Нұрсұлтан Назарбаевтың тағдыры, бұған керісінше Елбасының тағдыры қазақ елінің тағдыры мен тарихы болып қалыптасты. Бұл қос тағдыр тұтас бір халықтың тағдыры!
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру.
ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы
ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Сатмағанбетов Берік Жақыпұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.