Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сатылай кешенді талдау технологиясының тиімділігі

07 ақпан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Сатылай кешенді талдау - қазақ тілінің төл технологиясы

Ғалым Н. Оразахынова өзінің « Сатылай кешенді талдау технологиясының ғылыми - әдістемелік негіздері» атты еңбегінде сатылай кешенді талдау технологиясымен жұмыс жүргізудің жолдарын айқын көрсетеді. Ғылыми еңбекте мұғалімдерге сабақ үрдісіне қажетті бағдарлама үлгісі, түрлі сабақтар, ауызша командалық олимпиада тапсырмалары, тест түрлері де берілген. Қысқасы, бұл кітап - ізденімпаз мамандарға арналған әдістемелік көмекші құрал.

Ізденімпаз маман ретінде аталған технологияны 2005 - 2006 оқу жылынан бастап, ғалым еңбегін басшылыққа алып, сабақ үрдісінде пайдалана бастадым. Ең әуелі 5 - сыныптарға тіл білімінің фонетика саласы бойынша дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беруді және фонологиялық талдау жасай білудің жолдарын үйреттім. 2007 - 2008 оқу жылында жаратылыстану және қоғамдық - гуманитарлық бағытта білім алып жатқан 10 - 11 сынып оқушыларының таңдау, қолданбалы курстарында қосымша білім беру педагогы ретінде тіл білімінің күрделі категорияларын кешенді талдау арқылы үйретуді қолға алдым. Сатылай кешенді талдау технологиясының өзіндік 10 деңгейі (Бірінші деңгей - тілдік бірліктерді толық жазылым бойынша с. к. т., екінші деңгей - тілдік бірліктерді қысқаша жазылым бойынша с. к. т., - тілдік бірліктерді жазылым бойынша ықшамдау принципімен өрнектеу үшінші деңгей, айтылым бойынша ауызша толық талдау, төртінші деңгей - тілдік бірліктерді жазылым бойынша символдар арқылы ықшамдау принципімен өрнектеу, бесінші деңгей - диалог арқылы талдау, алтыншы деңгей - жат жазу, жетінші деңгей - уақытқа талдау: өте жылдам - 3 минутта, жылдам - 5 минутта, баяу - 7 минутта, сегізінші деңгей - компьютерлік талдау, тоғызыншы деңгей - ашық тест, оныншы деңгей - шығармашылық жұмыс) арқылы оқушы сауаттылығын арттыру, зерттеу жұмысын жүргізе алатын тұлға қалыптастыру бағытындағы жұмыстар сабақ үдерісінде жүйелі пайдаланып отырылды. Деңгейлік ұстанымдар оқушы жауапкершілігін арттыруда зор роль атқарады. Деңгейлік ұстанымдарды жүйелі жүргізудің нәтижесінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын қабілеті жоғарыоқушылар олимпиада мен ғылыми жұмыстарда І, ІІ, ІІІ орындарға ие болып, 2009 - 2010 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуде қазақ тілі пәнінен қатысқан 20 баланың 10 - ы 22, 23 балл, 6 - ы 25 балл жинады. 2008 - 2009 оқу жылында қабылдап алынған биылғы 2012 - 2013 жылы тоғызыншы деңгейге жетіп отыр. Тәжірибе барысында бұл технологияның мұғалімнен де, шәкірттен де терең сауаттылықты талап ететіндігі байқалды.
Дәстүрлі оқыту жүйесінде тіл білімі салаларын оқыту - тілдің ең кіші бөлігі фонетикадан басталатыны белгілі. Сатылай кешенді талдау технологиясы да бұл дәстүрді сақтайды. Сондықтан да сатылай кешенді талдау қазақ тілінің төл технологиясы екендігін айта келіп, жас мамандарға көмек ретінде тіл білімінің фонетика саласы бойынша 5 - сыныптарға өтілген сабақ үлгісін ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Қазақ тілінің төл технологиясы сатылай кешенді талдау арқылы фонетикадан алған теориялық білімдерін қайталау. Сөздерге ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізіп, теориялық білімді бекіту, тиянақтау.
2. Дамытушылық. Тіл байлығын ауызша, жазбаша арқылы дамыту. Ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік. Жинақылыққа, ұқыптылыққа баулу. Ана тілін құрметтеуге, ұлы тұлғалардың өсиеттерін бойына сіңіре отырып адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау, жинақтау сабағы.
Әдісі: Тілдік талдау, тест жұмыстары, ойын элементтерін пайдалану.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта материалдары, үлестірмелі қағаздар, ұялы телефондар.
Пәнаралық байланыс: Математика, әдебиет.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сабақ жабдықтарын бақылап, назарларын аударту.
2. Сабақтың негізгі бөлімі: 1 - тапсырма. Диалогті талдау «Телефон» ойыны арқылы жүргізіледі.
Жүргізуші: Қожабекова Айнұр.
«Отқа күйгеннен де, ұятқа күйген жаман» мақалындағы «Отқа» сөзіне фонологиялық талдау жасау.
- Эльдар, сәлеметсің бе? Мен үй тапсырмасын орындап отыр едім. Көмек бересің бе?
- Иә, көмектесемін.
- Отқа сөзі қандай буынды сөз?
- Бұл сөз айтылу, жазылу, жасалу жолдарына қарай жуан буынды сөз.
- Неге?
- Себебі сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жуан дауыстылар.
- Бұл сөзде қанша буын бар?
- Бұл сөз от - қа болып екі буынға бөлінеді.
- Неге?
- Себебі сөз құрамында екі дауысты дыбыс бар.- от буыны тұйық буын.
- Неге?
- Себебі буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр.
- Қа буыны ашық буын.
- Неге?
- Себебі буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұр.
- Бұл сөз қалай тасымалданады?
- Бұл сөз от - болып 1 жағдайда тасымалданады.
қа
- Неге?
- Себебі сөз екі буыннан тұр немесе сөз буын жігіне сәйкес тасымалданған.
- Екпін сөздің қай дыбысына түсіп тұр?
- Қазақ тілінде сөз екпінінің орны біршама тұрақты. Сөзге қосымша жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбысына қарай ығысып отырады. Сондықтан екпін қа буынындағы а дауысты дыбысына түсіп тұр.
- Бұл сөзде буын үндестігі бар.
- Неге?
- Себебі түбірі от жуан болғандықтан оған жалғанатын қосымшаның қа жуан нұсқасы келіп тұр. Сондықтан біз оның ке жіңішке нұсқасын алмаймыз.
- Бұл сөзде түбір мен қосымшаның арасында дыбыс үндестігі ілгерінді ықпал бар.
- Неге?
- Себебі түбірдің соңғы дыбысы т қатаң болғандықтан өзіне жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысының қ қатаңнан басталуын талап етіп тұр. Сондықтан біз оның ға ұяңнан басталатын нұсқасын алмаймыз.
- Рахмет, сау бол.
- Сау бол.
2 - тапсырма. Сұлу, гүлдер сөздеріне қысқаша жазылым бойынша фонологиялық талдау жасаңыздар.
1. Жуан. б. с.
2. Сұ - лу
а. б а. б
3. Сұ - лу
4. Сұ - лу/
5. + ---
6. С + л --- 0
3 - тапсырма. Ш. Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» - ой толғау
Сергіту сәті. Кім жылдам? Дүниежүзілік сөзінен бірнеше лексикалық мағынасы бар сөздер шығару.
4 - тапсырма. Дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беріңіздер.
Астана сөзіндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.
5 - тапсырма Тест жұмысы.
Сабақты бекіту: Нені үйрендім?
Бағалау
Үйге тапсырма: Өнеге сөзіне математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.
Қорыта айтқанда, сатылай кешенді талдау технологиясымен сабақ өткізу барысында оқушылар көптеген жетістіктерге жетеді. Яғни, бір сабақ үрдісінде бүкіл тарау бойынша берілген білім түгелімен қайталанып, қорытылады; сабақ барысында бүкіл сынып оқушыларының белсенді жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі; оқушылардың ізденісі артады, түрлі әдебиеттер мен сөздіктер, анықтамалар және мерзімді басылымдармен өз бетінше жұмыс істеу дағдысын игеруге көмектеседі; оқушылар сұрақтарға қысқа және нақты жауап беру дағдысын игереді; көп сөзділіктен аулақ болады; оқушылардың ынтымақтаса жұмыс істеу дағдысы дамиды; шығармашылық қабілеті артып, оқушы шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады.
31 595
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Қызықты грамматика» үйірмесінде «Сатылай кешенді» талдау технологиясын үйретудің тиімділігі.
«Қызықты грамматика» үйірмесінде «Сатылай кешенді» талдау технологиясын үйретудің тиімділігі.
Оқушылардың қызықты грамматика үйірмесінде сатылай кешенді талдауының ғылыми мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрлысын сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу.
Сиыр. Жуан дауыстылар
Сиыр. Жуан дауыстылар
Жуан дауысты дыбыстар жайлы түсінік бере отырып, төрт түлік туралы мәлімет беру және сөздерді сатылай кешенді талдау үлгісін меңгерту
Фонетикалық бірліктерді сатылай кешенді талдау
Фонетикалық бірліктерді сатылай кешенді талдау
Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақтөре Айгүл Сапарқызы
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Атырау қаласы Жалпы білім беретін №6 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабдешова Бақытжан Шапиховна
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева Баяндама: Әдебиет сабағында «Сатылай кешенді талдау” технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×