Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу

19 ақпан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Бүгінгі таңдағы мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі Қазақстан Республикасының азаматтарының пат-риоттық рухын көтеру болып табылады. Елбасы Н. На¬зарбаев жылдағы Жолдауында патриоттық тәрбиеге көп көңіл бөледі.
Ал осы бағытта Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика, бизнес және құқық колледжінде патриоттық тәрбие алға қойылған мақсаттардың бірі болып табылады. Қазақстан Рес¬публикасының азаматтарына патриоттық тәрбие бе¬рудің өзектілігі қоғамның рухани әлеуетін ны-ғайту қажеттілігіне негізделген. Әрбір азаматтың жауап¬кершілік сезімін, Отансүйгіштік қасиетін арттыру. Қа¬зіргі кезде егемендікке қол жеткізіп, алға қарай нық басқан, экономикасы берік Қазақстанның гүлденуіне үлес қосатын әр жас ұрпақтың патриоттық сезімі болуы қажет.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азамат өзін - өзі айқын билеуін қалыптастырады» деп нақты көрсетті. Бүгінгі күні жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында Қазақстанның білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде де «Қазақстан аза¬маттарының отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орта¬лықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» – деп анық айтқан болатын.

Елбасының салиқалы саясатын қолдай оты¬рып, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық универ-ситетінің экономика, бизнес және құқық колледжінің ұжымы әскери - патриоттық тәрбие беруде жұмыс жос¬парына сәйкес төмендегідей іс - шаралар өткізді: Ұлы Отан соғысының және Ауған соғысының ар¬дагерлерімен кездесулер, мұражайларды аралау, әскери - спорттық жарыстар өткізіледі, сап және ән байқауы, жастардың Қарулы Күштерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әскери бөлімдерді аралау.
Қалалық және облыстық жарыстарға қатысу, сияқты іс - шаралар студенттердің бойындағы шыдамдылық, батылдық, топпен бірге жұмыс істеу, спортқа деген сүйіспеншілік, рәміздерге, ел тарихына деген құрмет сезімдерін оятады.

Осы іс - шаралардың бәрі әрқашан жастардың пат¬риоттық рухтары жоғары болып, Отанын сүюге және оның тарихын білуге, туған тілі мен дінін құрметтеп, қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында жүргізіледі.
Қазақстанның баянды болашағы өскелең ұрпақтың қолында. Демек, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу отбасынан басталып барлық оқу орындарының, барлық пәндердің соның ішінде айрықша алғашқы әскери дайындық пәнінің алдында тұрған басты міндеті болып табылады. «Алғашқы әскери дайындық» пәнін Кеңестер Одағы тараған соң, орта оқу орындарынан алып тастау – жастарға әскери патриоттық тәрбие беру, оларды әскер қатарында қызмет етуге дайындау ісіне едәуір зиянын тигізіп, жалпы білім беру деңгейіне де әсер етіп, Қарулы Күштерінің жеке құрамының моральдық - адамгершілік сипатынан да көрініс тапты. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы №1340 «Алғашқы әскери дайындық туралы» қаулысы бойынша «Алғашқы әскери дайындық» пәні жалпы орта білім беретін мектептер мен бастапқы және орта кәсіптік білім беретін ұйымдарда 1996 - 1997 оқу жылынан бастап қайта енгізілді.

«Алғашқы әскери дайындық» пәні оқу бағдар¬ламасының негізгі мақсаты: саптық, тактикалық, атыс, медициналық дайындық, топография, азаматтық қорға¬ныс бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру, Отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу, алған білімдерін практика жүзінде көрсетуге ықпал жасау.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық универ¬ситетінің экономика, бизнес және құқық колледжінің ұжымы білімді, жігерлі, жасөспірімдерді тәрбиелеуде әр түрлі ұлттардың, халықтардың мәдениетін қабыл¬дау жағдайында ғылыми көзқарасты, саяси сана - се¬зімді, қазақстандық патриотизмді, ұлттық келісімді қалып¬тастыра отырып, әрқашан қажырлы еңбек етеді.
Б. Жұмабеков,
Қазтұтынуодағы ҚЭУ - дің экономика, бизнес және құқық колледжінің оқытушы - ұйымдастырушысы.
7 047
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Студенттерді патриоттық тәрбиелеу моделінің шеңберінде іс-шаралар өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар
Студенттерді патриоттық тәрбиелеу моделінің шеңберінде іс-шаралар өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар
Тәрбие мазмұнының қазақстандық компоненті 2006 - 2011 жылдарға арналған «ҚР білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасында» нақты анықталған, онда тәрбиенің басым бағыттарының бірі қазақстандық патриотизмді қалыптастыру болып табылады.
Балаларға патриоттық тәрбие беру мәселесі
Балаларға патриоттық тәрбие беру мәселесі
Балаларға патриоттық тәрбие беру мәселесі
Патриоттық тәрбиенің маңызы
Патриоттық тәрбиенің маңызы
Ембі қаласы, «Достық» балабақшасы МКҚК тәрбиешілері Қожамұратова Гүлбақыт Нұрғалиқызы
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Қазақстанның жастары қаншалықты патриот? (дебат)
Қазақстанның жастары қаншалықты патриот? (дебат)
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономика, бизнес және құқық колледжінің А.Ә.Д. пәнінің оқытушысы Жумабеков Бейбіт Кайыржанович
Білім алушыларды әскери - патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы
Білім алушыларды әскери - патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы
Жас ұрпақты Отанына, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, олардың бойына сіңіріп қалыптастыру халық тәрбиесінде жетекші орын алады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×