Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Инклюзивті білім берудегі «Аялы алақан» орталығының маңыздылығы

02 наурыз 2013, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Ғылыми баяндама
Инклюзивті білім берудегі «Аялы алақан» орталығының маңыздылығы

Аялы алақан орталығының мақсаты: ерекше білімді қажет ететін балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ету; мүмкіндіктері шектеулі балаларды түзете – дамыта оқытып, жойылған қызметтің орнын толтыра білім беруді ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте жастан түзету көмек көрсету:
Міндеті: мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы білім беріп, қоғамдағы өз орнын табуға мүмкіндік жасау:
Орталықтың ұстанымы - мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық іс - әрекетімен эмоциялық ерікті жағының кемшіліктерін еңсеру, өз бетімен өмір сүруде, балаларды қазіргі қоғамдық жағдайларда әлеуметтік бейімделуге дайындау, осы балаларды оқыту процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу.

ХХI ғасыр бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі. Қазіргі қоғамдық білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 11 бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі тек біліммен қана қоймай, өздігі мен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеу ісіне қажеттілік тудыру. Бүгінде еліміз ғылыми – техникалық прогресстің негізгі белгісі қоғамдық ақпараттандыру болатын жаңа кезеңге енді.
Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толық аяқталды. Орта білім берудің 12 жылдық моделіне енгізуде

«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтардың кредосына айналуы тиіс» делінген.[1]
ҚР – дағы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «E – Learming» оқыту жүйесі бойынша білім беру сапасын және басқару тиімділігін арттыру үшін процесін автоматтандыру, педагогтар мен оқушылардың ең жақсы білім беру ресурстарына және технологияларына қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап көрсетілді.[2]

Оқытудың ақпараттық – технологиясы ақпаратпен жұмыс жасайтын арнайы тәсілдер, педагогиялық технологиялық, бағдармалық және техникалық құралдармен кешендер (кино, аудио - видео, телекоммуникациялық желілер және т. б)
Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (АКТ) дамыту және олардың білім саласында қолдану қажеттігі өте қажет.
«Қазіргі заманда жастарға ақпаратты технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет», - деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, әр педагогтың алдында инновациялық әдіс – тәсілдерді оқып үйреніп, білім беруде ақпаратты технологияны тиімді қолдана білу және үнемі ізденіп, жетілдіріп отыру, жас ұрпақтың білім көрсеткішін сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр. Мұғалім оқушылардың компьютерлік сауаттылығына сүйене отырып, оқытудың әдіс тәсілдерін қолданады. Бұл үшін біріншіден жекелеген пәндерді оқытудың сапасын көтеруге, екіншіден компьютерлік сауаттылықты дамытуға, оқушылардың компьютерлік мәдениетін қалыптастыруға ұмтылады. Компьютер бұл оқуды ұйымдастыру және сыныптан тыс сағаттарда маңызды мәселелерді шешудегі жан – жақты оқыту құралы. Сондықтан да ол дәстүрлі оқытуды кең мағына шеңберінде енгізуді көздейді. Оқу үрдісіндегі компьютерді қолдану міндеттері:
1. Оқу үрдісіндегі кейінгі байланысты қамтамасыз ету
2. Оқу үрдісін көрнекіліктермен қамтамасыз ету
3. Кең таралған білім көздерінен ақпаратты іздестіру
4. Оқу үрдістерін немесе құбылыстарын құру
5. Ұжымдық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру
Компьютер білім беру саласында әр түрлі қызметтерді атқарады;
а) оқыту пәні ретінде;
б) педагогикалық меңгеру жүйесінің компоненті ( сыңары) ретінде;
в) білім беру мекемелерін басқарудың сыңары ретінде;
г) ғылыми – педагогикалық қызмет құралы ретінде;
Оқыту құралдары негізінде компьютерді пайдалану тәсілдері әр түрлі:
топпен немесе жеке жұмыс, сыныппен жұмыс.
Компьютерді қолдану мен оның бағдарламаларына жетекшілік етудің негізгі аспектілері:
Психологиялық – берілген бағдарламаны оқуға ынталандыруға қалай әсер етуін, қызығушылығын жоғарылату немесе төмендету оқушыларға өз күшіне сенімсіздік тудырмауға әсер етеді.

Әдістемелік - бұл бағдарлама оқушының материалды озық меңгеруін және материалдың методикаға сай берілуін қамтамасыз етеді;
Ұжымдық – жаңа ақпараттық технологиямен жабдықталған компьютермен өтетін сабақтардың методикаға сай берілуін қамтамасыз етеді.
Адам өзін қоршаған әлемдегі ақпараттардың 90 пайызын көру жүйесі арқылы алады. Ал есту арқылы тек 9 пайызын және 1 пайызын иіс сезу мен дәм сезу арқылы қабылдайды.- дегендей адам барлық әлемді сезім мүшелерінің көмегімен таниды, ал қабылдау мүмкіншіліктері әр түрлі болады. Сезім мүшелеріне әсер етуші ақпараттық қор бейне(көру), аудио - бейне (есту мен көру), аудио есту құралдары болып бөлінеді. Оқыту мен тәрбие беру үрдісінде техникалық құралдарды пайдаланудың мақсаты - оқушылардың бағдарламаға сай материалдарды терең білуіне, ғылым мен техниканың негіздерін түсінуіне, оқушылардың білім сапасын арттыруға жоғары дәрежеде үлес қосу. Осы сезім мүшелерінің қызметін жақсарту барысында сабағымда заман талабына сай терапияларды(арома, фито, арттерапия және еңбектену терапияларын) қолданамын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 704
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдарымен білім берудің тәсілдері
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдарымен білім берудің тәсілдері
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану.
Инклюзивті оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері» тақырыбында өткізген коучинг - сессия сабағы
Инклюзивті оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері» тақырыбында өткізген коучинг - сессия сабағы
Атырау қаласының жалпы білім беретін №6 орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі Темірғалиева Гүлбақыт Жалғасовна
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының ағылшын тілі мұғалімі Абибуллаева Жазира
Мектептегі инклюзивтік оқыту
Мектептегі инклюзивтік оқыту
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы, Теңіз негізгі мектебінің әлеуметтік педагогы Мусина Балдырған Әлиқызы
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдары
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдары
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған жалпы орта білім беретін мектебі /түзете-дамыта оқыту/ сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна
Психикалық даму тежелісі дегеніміз не?
Психикалық даму тежелісі дегеніміз не?
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған жалпы орта білім беретін мектебі Коррекциялық /түзете - дамыта оқыту/ сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×