Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушылардың шығармашылық қабілетін деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы дамыту жолдары (баяндама)

06 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Баяндама
Тақырыбы: «Оқушылардың шығармашылық қабілетін деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы дамыту жолдары»
2012 - 2013 оқу жылы

Жоспары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1. Жаңа педагогикалық технологияның ерекшелігі мен тиімділігі
2. 2. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы
2. 3. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясын қолдана отырып,
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға
бағытталған іс – тәжірибем
ІІІ. Қорытынды

І. Кіріспе сөз
Елдегі экономикалық хал - ахуал күрделілігіне қарамастан балаларға білім беруді әлемдік деңгейге көтеру, оларды жалпы, орта білім алуға, түгел қамтуға басты назар аудару жолында жасалған батыл қадамдар болашағымыздың жарқын, ұрпағымыздың білімді азамат болуының басты шарты.
Қазақстандық демократиялық қоғамның құрылуы және республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі Отандық білім дамуының стратегиялық жоспарды әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етеді.

Мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қатар жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Мектептегі мұғалім - ол балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оқушыларды шығармашылыққа баулуға, оның бойындағы әр түрлі қасиеттерді дамытуға, яғни сөйлеу, оқыту, қоршаған ортада дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бағалап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.

Бұрын мұғалім дегеніміз - бұл қолына уақыт аралығындағы байланысты ұстаған алып, кіршіксіз балалық әлеміндегі күш - қуат пен ақылды, талантты ашқан Колумб, барлық күрделі нәрсені қарапайым тілмен жеткізе білетін Данагөй, жалынды сөздері жастарды ерлікке жетелейтін Шешен, дүниенің жанды сұлулығын көрсететін Суретші, жан дүниенің бүкіл болмысын көре білетін адам.

Ал қазіргі уақыт жаңа типтегі мұғалімнің – оқу процесіне қатысушыны дамытатын, дарындылық пен шығармашылықты дамытудың технологияларын меңгерген, әдіскерлік мәдениетке ие маман ретінде жаңа формация мұғалімінің пайда болуын талап етеді. Жаңа формация мұғалімі білім берудің жаңа парадигмаларын көрсететін жаңа кәсіби ойлау жүйесі мен сананы меңгеруі керек. Жаңа формация мұғалімі дегеніміз - ол кәсіби және тұлғалық мәнге ие қасиеті бар маман.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Жаңа формация педагогы әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогика құралдарын шебер меңгерген, өзін - өзі әрдайым жетілдіруге ұмытылатын шығармашыл тұлға» деп анықтама берді.

Осыған орай, Қазақстанның қоғамдық - саяси өміріндегі болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізуде. Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Сондықтан оқытудың әртүрлі технологиялары зерттеліп, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі мектеп өміріне енуде. Енгізілген жаңа технологиялар оқушылардың өмір сүруге әсер етуші қабілеттерін дамыту үшін әрбір ұстаз оқу - тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, оқушыны озық, ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, сабақты түрлендіріп оқытудың түрлі әдіс - тәсілдерін қолданғанда, жақсы нәтижеге жетеріміз сөзсіз.
Оқушы шығармашылығы практикалық әрекеттер, ізденімпаздылық арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас сақталады. Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

2. 1. Жаңа педагогикалық технологияның ерекшелігі мен тиімділігі
Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан - жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялармен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 945
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Ересектерге тіл үйрету сабақтарында деңгейлеп-саралап оқытуды қолдану жолдары.
Ересектерге тіл үйрету сабақтарында деңгейлеп-саралап оқытуды қолдану жолдары.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы дегеніміз – әр тұлғаны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту.
Қазіргі заманда білім беруде жаңа технологиялар
Қазіргі заманда білім беруде жаңа технологиялар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы «№3 орта мектебі» ММ биология пәні мұғалімі Адамьянова Шолпан Советовна
Үнемі білім жетілдіру және жаңалыққа ұмтылу
Үнемі білім жетілдіру және жаңалыққа ұмтылу
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Тұрсынхан Айтжанова атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қасымбаева Бибігүл Шарапқызы
Менің инновациялық сабағым
Менің инновациялық сабағым
Қостанай қаласы, №11 орта мектебі Есингожина Зибагүл Пішенбайқызы
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақша» ММ бастауыш сынып мұғалімі Давлетова Шолпан Избасхановна
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы №182 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрмағанбетова Жанар Мейрімжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.