Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім беруді ақпараттандыру

07 наурыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
“... Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз” Н. Назарбаев
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаттары: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі міндеттері:
- ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
- білім беруді ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
- оқу - тәрбие процесінде жаңа ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз ету бойынша ғылыми - ізденушілік және оқу - әдістемелік жұмыстарын жүргізу;
- мектеп пәндері бойынша жасақталатын жалпыға міндетті білім стандарттарының және оқу - әдістемелік кешендерінің мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкіндіктерімен жетілдіру, білім беруді басқаруда ақпараттық жүйені құру;
- білім беру мекемелерінің қызметкерлері үшін программалық - техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды, электрондық оқулықтарды жасақтау;
- педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуге дайындау және жүйелі түрде біліктіліктерін көтеру.
Білім беруді ақпараттандырудың қағидалары:
- қоғамның әрбір мүшесі үшін алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;
- жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- білім мен тәрбиенің бірізділігі;
- жалпы компьютерлік сауаттылық;
- оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы ( интенсификация).
Нәтижелер:
- жаңа ақпараттық технолгияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру;
- жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;
- жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру;
- біздің еліміздегі және шет елдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
- білім берудің телекоммуникациялық желілерін құру;
- республиканың білім беру мекемелерін басқарудың біртұтас ақпараттық желісін құруға негіздеп, білім берудің басқару салаларының ақпараттық желісін құру.
ХІХ ғасырда өмір сүрген белгілі шығыстанушы Әбубәкір Диваев былай деген екен: «Білімнің нұры себілмейінше, бірде - бір озық ел бола алмайды». Егемен Қазақстанның гүлденген өркениетті ел болуы, бүгінгі жастардың көзі ашық, білімді азамат болып жетілуіне байланысты.
Қазіргідей санның сапаға ауысуы кезеңінде, ұстаз алдында мынадай талап, міндеттер туындайды:
- ұстаздың алдымен өзінің білімді болуы;
- шәкірттерінен білімді талап етуші болуы;
- білімді тыңдаушы болуы;
- сонымен қатар білім жолындағыларды қолдаушы болуы.
Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты - өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланы шығармашылыққа шыңдау, баланың өзіне деген сенімін туғызу.
Жаңа формация мұғалімі – рухани – адамгершілігі, рефлекцияға қабілетті, ақпараттық – коммуникативтік, әлеуметтік – тұлғалық және басқа да құзырлылықтары қалыптасқан, шығармашыл ұстаз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 177
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білім сапасын ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
Білім сапасын ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр - сырын терең
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».
Білім беруде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
Білім беруде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың дамыған кезеңі. Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі. Бүгінгі білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру –
Авторлық бағдарлам: Компьютерлік графика
Авторлық бағдарлам: Компьютерлік графика
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №2 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Тарбақов Бауыржан
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Жезқазған гуманитарлық колледжінің физика, информатика пәні оқытушысы Қалжанова Гүлфайруз Мұхтарқызы
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану заман талабы
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану заман талабы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жалаңтөс баты ауылы, Қ. Пірімов атындағы № 103 орта мектептің бағдарламашысы Култанова Куншара Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×