Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазандықты сумен қамту көздері

19 наурыз 2013, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
"Гидравлика негіздері және аэродинамика" пәнінен ашық сабақ

Тақырып: « Қазандықты сумен қамту көздері»
Сабақ номері: 28
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгеру сабағы
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Баяндау, мәліметтер беру, түсіндіру, жазба жұмыстары, сұрақ - жауап.
Құрал - жабдықтар: Мультимедиалық проекция аппараты
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Жаңа тақырыпты меңгерту, пәнге деген қызығушылықты арттыру. «Қазандықты сумен қамту көздері» тақырыбы бойынша кең мәлімет беру, бағалау, қорытынды жасау.

Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрістерін есте сақтау қабілеттерін, тыңдаған материалдарды еске сақтай отыра, пәнге деген қызығушылығын арттыру, білім деңгейін нығайту.

Тәрбиелік: Оқушыларға кәсіби бағыт бағдар беру, таңдаған мамандығына деген құрмет пен сүйіспеншілігін арттыру, өз шешімін дұрыс таңдауға баулу және оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: «Физика», «Жылыту жүйесі».

Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі 2мин
ІІ. Өткен тақырып бойынша қайталау 20мин
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру 52мин
ІV. Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау 12мин
V. Үй тапсырмасы 1мин
VІ. Сабақты қорытындылау 3мин

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Мен сендерге өткен сабақтағы алған білімдеріңді қолдана отырып ойлану, толғану жолымен келесі тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беруді ұсынамын.
ІІ. Өткен тақырып бойынша қайталау жүргізу.
1. Карточка
1) Құбыр дегеніміз не?
Құбыр – көлденең қимасы көбінесе, сақина тәріздес болып келетін өзегі қуыс бұйымды айтамыз
2. Су құбырының жұмыс істеу принципі.
Су құбырының жұмыс істеу принципі мынандай: су жинау үшін биік мұнара үстіне үлкен ыдыс орнатылады. Одан үйлерге, тұтынушыларға қарай тармақталған құбырлар жүргізіледі. Құбырдың үйдегі немесе пәтердегі ұшы (шеті) шүмекпен жабылады. Шүмектегі қысым биіктігі шүмектің биіктігі мен ыдыстағы судың еркін беті биіктігінің айырымына тең болатын су бағанының қысымына тең. Бұл біршама елеулі қысым, өйткені су құбырының мұнарасы қаланың, ауылдың, аймақтың ең биік жеріне салынады.

2. Карточка.
1) Құбыр желісі.
Құбыр желісі – құбыр тасымалы көлік құралдарының бірі, сұйық сусымалы жүктерді, мұнайды, газды құбырмен тасымалдау, сондай - ақ осында тасымалдауға арналған құралдар, тетіктер, коммуникациялар жиынтығы.
2) Арынды құбыр желісі.
Арынды құбыр желісі – сұйықтықты төменнен жоғары қарай немесе ұзын бойға кесіндісін толтыра тасымалдауға арналған сору станциясының құбыр желісі. Сұйықтықтың арынды құбыр желісінің бойында өзгеріп отырады. Арынды құбыр темір, бетон, болат, асбестцемент, шойын, және пластмассадан жасалады.

3. Карточка.
1) Құбыр диаметрлері.
Құбыр диаметрлері: 15, 20, 25, 35, 40, 50, 65, 76, 100, 150.
2) Құбыр желісі неше түрге бөлінеді.
Құбыр желісі магистральдық, жергілікті мұнай құбыры және газ құбырлары.
4. Тапсырма.
Сөз жұмбақ.
Қ
Ұ
Б
Ы
Р
• 1. Құбыр тасымалы немесе көлік құралдарының бірі? (құбыржелісі)
• 2. Ламинарлық ағыс тәртібі қандай қозғалыс тәртібі деп аталады?(сұйықтық)
• 3. Заттың газдық фазасы, өзінің тепе - теңдікте болатын газтәріздес күйі?(бу)
• 4. Кеңістіктегі уақыт бірлігіне берілген жылу саны?(жылу ағыны)
• 5. Термодинамикалы тепе - теңдік жағдайда болатын, макроскопиялық физикалық жүйеде көптеген жағдайда бір жағдайдан екінші жағдайға көшетін процессті не деп айтамыз?(термодинамика)

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақ тақырыбы: « Қазандықты сумен қамту көздері»
Ендігі жаңа тақырыбымызды бастайық. Тақырыбымыз өте ауқымды. Сондықтан да негізгі 3 - бағытта қарастыратын боламыз.
1) Қазандық қондырғы.
2) Су қыздырғыш қазандықтар.
3) Қазандық агрегаттар құрылмасының(конструкциясының) дамуы.
1) Қазандық қондырғы
Қажетті бу немесе ыстық су жасауға арналған, қазандық агрегаттардың және қосымша құрылғылармен механизмдердің жиынтығын қазандық қондырғы деп атаймыз.

Қазандық қондырғылар:
1 - ленталы конвейерлер; 2 - жұмсалатын отынға арналған бункер; 3 - қырнаушы қоректендіргіш; 4 - шынжырлы тор; 5 - сулы экрандар; 6 - фестон; 7 - бу қыздырғыш; 8 - су үнемдегіш (экономайзер); 9 - құбыр - шалы ауа жылытқыш; 10 - жинаушы (коллектор); 11 - шлак бункері; 12 - желдеткіш; 13 - шлак уатқыш; 14 - түтін сорғыш; 15 - күл шығарғыш; 16 - күл ұстағыш; 17 - клапан (мигалка); 18 — циклон; 19 - булы эжектор; 20 - түтін құбыры; 21 - циркуляциялы пішіннің түсірмелі құбыры; 22 - қазан барабаны; 23 -- сақтандырушы қақпақ; 24 - бу қыздырушы жинауыш(коллектор); 25 - бу вентилінің бас тиегі; 26 - айналдыра қалаушы; 27 - деаэратор; 28 - булы су жылытқыш; 29 - пайдаланушы сұйық сорғыш; 30 - конденсатты сұйық сорғыш

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 605
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Калций және магний қосылыстары
Калций және магний қосылыстары
Химия пәнінен ашық сабақ
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздері тарауын қайталау арқылы, 9 сынып оқушыларының алған білімдерін, икемділіктерін тексеру, пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыру.
Көрсеткіштік теңдеулер және теңдеулер жүйелерін шешу
Көрсеткіштік теңдеулер және теңдеулер жүйелерін шешу
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Қ. Қ. Тоқмұхамедов атындағы №14 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Сарсенбаева Ляззат
Спирттер
Спирттер
Химия пәні мұғалімі: Қуаналиева Ш.
Аэродинамика және гидродинамика арасындағы байланыс
Аэродинамика және гидродинамика арасындағы байланыс
Скакова Айгерим Ниязхановна Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы "Құрылыс колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны арнайы пәндер оқытушысы
Іскерлік ойын:«Менің бизнес жоспарым»
Іскерлік ойын:«Менің бизнес жоспарым»
Білімділігі: экономикалық сауаттылық арқылы оқушылардың дүниетанымдылық көзқарасын кеңейту. Кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып, бизнес жоспарын жасау, түйіндеме жазу, жарнамалау жолдарын үйрету;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×