Білімділер поралы

Астана - елдің бірлігі, Астана - жердің кіндігі

Сабақтың тақырыбы: Астана - елдің бірлігі, Астана жердің кіндігі.
Мақсаттары: 1) Қ Р - ның астанасы - елордамыз Астана қаласының ертегі әлеміндегідей ғажап қала екендігін, оның Елбасының күш - жігер, қажыр - қайратының, елдің бірлігінің, жұмыла еңбек етуінің арқасында бой түзегендігін түсінуіне ықпал ету.
2) оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
3) Отансүйгіштікке және жауапкершілік сезіміне баулу.

І Ұйымдастыру кезеңі
Еліміздің мемлекеттік ән ұраны орындалады.
ІІ - Балалар бүгін сабақта елордамыз Астана қаласына сырттай саяхат жасаймыз. Интерактивті тақтадан Астана көріністері тақырыбындағы бейнекөріністі тамашалайық.

ІІ Топтық жұмыс: 1 - топ: Астананың географиялық орны.
2 - топ: Астана қаласының рәміздері.
3 - топ: қаланың қалыптасу кезеңдері.
1 - топ жетекшісі: Астана қаласы кең - байтақ Отанымыздың жүрегінде, халқымыздың қасиет тұтып қастерлеген әйгілі Сарыарқаның төрінде, Есіл өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан.
2 - топ жетекшісі: Астана қаласының рәмізінің жобасын Елбасы Н. Ә. Назарбаев ұсынған. Рәміздің іші мен сырты сақинадан құралған шеңбер түрінде. Бір - бірімен өзара үйлесім тапқан қос шеңбер - өміршең даму мен мәңгіліктің белгісі. Негізгі элемент - Бәйтерек – тамырын кең жайған тіршілік бейнесі. Шаңырақ - әлем кеңістігінің бір нүктеге тоғысуы. Бәйтеректе « құсқанаты» оюы бейнеленген, ол - Самұрық құсына ұқсастықты білдіреді. Бәйтеректің шаңырақпен астасқан бейнесі - Қазақстанның арғы - бергі тарихының куәсі. Ал сыртқы сақина Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астананың асқақтығын паш етеді. « Астана» деген жазуы бар тұста симметриялық сызықтар – шаңыраққа шашылған уықты білдіреді.

3 - топ жетекшісі: Қаланың қалыптасу кезеңдері. Қаланың негізі 1830 жылы қаланған.
1961 жылға дейін Ақмола қаласы.
1961 - 1992 жылға дейін Целиноград қаласы.
1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды ( Ақмола)
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола қаласы тәуелсіз Қазақ мемлекетінің астанасына айналды. Елбасының 1998 жылғы 6 - мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгерді.

ІІІ кезең « Ұшқыр ой»
Құпиялы ұяшықтарда еліміздің егемендік алғаннан кейінгі жылдардағы тарихи өзгерістер жайлы сұрақтар беріледі. Әр топ ұпай санын таңдай
Отырып 3сұраққа жауап береді.

ІV кезең. Поэзия минуты. Әр топтан бір оқушыдан Астана жайлы өлеңдер мәнерлеп оқиды.
V кезең « Зерде» оқушы шығармашылығын шыңдау.
1 - топ: шығарма « Сүйікті қалам – Астана»
2 - топ: сурет салу « Болашақ Астана»
3 - топ: өлең жолдарын аяқтау.
Ұштастырып жермен көктің арасын,
Күннен күнге сұлуланып барасың.
--- ------------- --- ----- ---
----- ---- ------ ---- --------

VІ кезең «Ақ тілектер» әр топ Астана қаласына өз тілектерін айтады.
1) Астана әлемдегі ең нұрлы қала болсын.
VІІ кезең қорытынды:
Бүгін міне Астана қаласына саяхатымыз аяқталды. Астана көркем де ұлан байтақ екеніне көзіміз жетті. 1999жылы Астана қаласына «бейбітшілік қаласы» медалы мен Құрмет Дипломы тапсырылды. Бұл 100 жылда бір рет берілетін атақ. Осындай атақты Астана қаласы ие болғанына өте қуаныштымыз, мақтан етеміз.
Ән « Астана»
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адамдық диханшысы
  • Асель28
    Жазған: Асель28
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 147
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 147
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика