Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш класс оқушыларының сабаққа қызығушылығын арттыруда ойынның маңызы

10 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Бастауыш класс оқушыларының сабаққа қызығушылығын арттыруда ойынның маңызы
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, кәсібі біліктілігі жоғары тұлғаны тәрбиелеп, оларды бәсекеге қабілетті білім негіздерімен қаруландыру және қазіргі жылдам өзгеріп отырған дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін – өзі іске асыруға, өзін – өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында
«Білім беру реформасы табысының басты өлшемі тиісті білім мен білім алған еліміздің кез - келген азаматы әлемнің кез - келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейде көтерілу болып табылады. Біз елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деп атап көрсетті.

Қоғамның ғылыми техникалық, әлеуметтік экономикалық дамуы өскелең ұрпақтың интеллектуалдық, білімдік, жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіре түсуді талап етуде. Сондықтан қазіргі кезде орта білім беретін мектептің әдістемелеріне түрлі жаңа технологиялар мен әдіс - тәсілдер көптеп енгізіліп отыр. Сол себепті қазіргі оқыту үрдісі репродуктивті әдіспен қана қоймай, яғни « таратқыш қабылдағыш» тұрғыда қалыптаспай, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынас «тұлға – тұлға» күйінде өзара сыйласымдылыққа, сенімділікке негізделген. Мұнда оқушы оқыту үрдісінде тек дәлелденген, қатып қалған білімді игеріп қоймай, өзіндік мақсатты іс - әрекеттер жасай алатын, өз ой пікірін айтып, оны дәлелдей алатын болуы қажет.

Өйткені, бұл оқыту үрдісі оқушыға бағытталған. Демек оқушының бойында қалыптасқан дағды мен біліктерінің меңгерген білімдерінің қай деңгейде қалыптасқандығына қарай оқыту үрдісінің нәтижелігі шығады. Мұғалімнің оқушыға сапалы білім беру дәрежесі сабақты ұйымдастыру жолдарын білуімен тікелей байланысты. Күнделікті бір сарынды, бір ғана әдіспен өтілген сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығуын кемітіп, білімді игеру қабілеттерін төмендетеді. Соның ішінде ойынның маңызы зор.

Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер де аз емес. Себебі ойын оқу, еңбек іс - әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынадай кесте арқылы суреттесек:
Іс әрекет:
- оқу әрекеті
- еңбек әрекеті
- ойын әрекеті
«Ойын» ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынандай қызметтерді атқарады:
- ойын – сауық (бұл ойынның негізгі қызметі шаттану, қызығушылығын ояту)
- коммуникативтік немесе қарым - қатынастық диалектикасын меңгеру;
- диагностикалық (ойын барысында өзін - өзі тануы)
- коррекциялық тұлғаның құрылымдық көрсеткіштердің позитивті өзгеруіне үлес қосу;
- әлеуметтендіру адамдардың қоғамдасып өмір сүру нормасын меңгеруін қоғамдық қарым - қатынастар жүйесіне бекіту;
Ойындардың мынандай төрт басты қырлары болады:
- еркін дамушы іс әрекеттілік нәтижесінен немесе іс - әрекеттілік нәтижесінен процесінің қамы үшін ғана емес тек баланың тілегіне байланысты қабылданады.
- шығармашылық, белгілі деңгейдегі импровизациялық осы іс - әрекеттіліктің өте белсенді мінездемесі (шығармашылық «жолы»)
- эмоционалды көтеріңкілік, бәсекелестік, қарсыластық (ойынның табиғи сезімділігі « эмоциялық кернеулік»)
- түзу немесе жанама ережелердің бар болуы, ойын дамуындағы логикалық мазмұнды ашу.
Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімдерін жетілдіреді.
Ойын – бір қарағанда қарапайым құбылыс іс әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір - біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір - біріне деген сенімін арттырады.
Ойын кезінде барлық оқушы бірдей, өйткені барлығы да не істесем, қалай айтсам жеңемін, қалай нәтижеге жетемін деген мақсатта жұмыс істейді. Тақырыпты білмей отырған оқушының ойын кезінде қорқынышы, ұялшақтығы жойылып, басқа балалармен бірге бір деңгейде жұмыс істей алады. Тез тілдік материал жатталады, ол оқушы өзінің басқалармен бірге сабаққа қатысқанына көңілі толып отырады.
Сонымен қатар ойын кезінде белгілі бір нәтижеге жету үшін оқушылар тек қана сөзді ғана қолданып қана қоймай, мимика, жест түрлерінде қолдана алады. Ал, ақыл - ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар ерік, сезім түрлерінде дамытады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын ойын сабақ, ойын - жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық есеп ойындар, ұлттық ойындар. Мұндай ойындар оқушыны жан - жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Сондықтан бүгінгі күні қоғамымыздың даму бағытында жан - жақты дамыған сауатты, саналы азама тәрбиелеу мәселесінің баянды болуы оқу - тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға жетелеп, оның тұлғалық дамуын қалыптастыруға болады.
Ойынға қойылатын талаптар мыналар:
- балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру
- баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру
- білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету
- ойын барысында балаға жаңа білім, білі, дағдылардың қайнар көзіне жету
- баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік, дағдылармен сәйкес келетіндігі.

Сабақты біріңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап алады.
Ұлы Абайдың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?» деген пікірінен бала өміріндегі ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш класс оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен. Олар: Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев. Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров т. б.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 390
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Заманауи тәрбиедегі жаңаша технологиялар
Заманауи тәрбиедегі жаңаша технологиялар
Қазіргі оқу жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық - педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы №182 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрмағанбетова Жанар Мейрімжанқызы
Тұлғаны дамытуға бағытталған инновациялық орта құру
Тұлғаны дамытуға бағытталған инновациялық орта құру
Даулетиярова Айман Біржанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қобда ауданы, Жиренқопа орта мектебі
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
[right]ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудағы жаңа педагогикалық технологияны қолданудың тиімділігі
Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудағы жаңа педагогикалық технологияны қолданудың тиімділігі
Бүгінгі күні педагогикалық алаңда білім берудің жаңа моделін құраудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында»
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұрмағанбетова Жанар Мейрімжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×