Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім сапасын арттырудағы технологиялар қажеттілігі

10 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Білім сапасын арттырудағы технологиялар қажеттілігі
Қазіргі таңда егеменді Қазақстанның дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену үрдісінде оқу - тәрбие процесін ізгілендіру бағытына байланысты мұғалімдердің кәсіби дайындығына деген талап арта түсуде. Демек, білім беруді ізгілендіру мен демократияландырудың негізгі шарттарының бірі - бұл жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану. Жалпы педагогикалық технологиялардың пайда болу себептері қазіргі педагогикалық теорияда былайша сипатталады:
• оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін және оларды жан – жақты ескере отырып дамыту қажеттілігі;
• білімді вербальді (сөздік) тәсілмен ғана оқушыларға жеткізуден, жүйелі іс - әрекеттік тәсілге ауысу қажеттілігі;
• мұғалімдердің іскерліктерін жоғарылату, дамыту, жетілдіру қажеттілігі;

Технология ұғымы біздің жүзжылдықта негізгі жалпы ғылыми ұғымдардың бірі болып саналады. Ол өндірістік салада пайда болып қазіргі кезде педагогика саласында да өзінің мәнді орнын табуда. Философиялық көзқарас тұрғысынан технология теория мен практиканың арақатынасы контекстінде қарастырылады. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты дайындау сапасын көтеру мақсатында қазіргі кезеңдегі педагогикалық технологияларды пайдалану әрекеті көптеген тәжірибелі мұғалімдер, педагогтар, психологтар, ғылыми ізденушілер, әдіскерлердің оқыту мен тәрбиелеуді жүйелі де тиімді ұйымдастыру талпынысынан туындап отырғаны баршамызға мәлім.

Оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологиялардың маңыздылығын айта отырып, «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасын іс – тәжірибеде қолданудың маңызы зор екендігіне тоқталғанды жөн санадым. Оқушыларды оқытуда «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасын қолдану барысында оқушылардың өзара бірлескен іс - әрекетін ұйымдастыру, соның нәтижесінде олардың бойында өзара көмек көрсету, еркін түрде өз ойларын көпшілік алдында қорғау, басқалармен өзін салыстырып түзеу, өз - өзіне сыни көзқараспен қарау, сыни ойлауды дамыту, еркін қарым - қатынас жасау, өзін - өзі жетілдіру міндеттері шешіледі.

Мұғалім алдын - ала сабақ жоспарын құруда түрлі интерактивті оқыту формаларын, СТО - ның әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы ұйымдастырады. Сабақ бір сарынды болып кетпеу үшін шағын топтар жұмыстарын, жарыстар, тренингтер ұйымдастырады. Себебі, психологтардың дәлелдеуінше іс - әрекетпен сана тығыз байланысқан ұғымдар. Іс - әрекетте болмаған нәрсе санада да қалыптаспайды. Сондықтан оқушылардың өзара бірлескен белсенді іс - әрекеті арқылы ғана саналы білімдер қалыптастыруға болады. Мұндай технологияны ендіруде жұмыссыз отыратын оқушылар болмайды. Оларда сабаққа деген қызығушылық жоғары болады, сабаққа қатыспаушылық болмайды, олар өздерінің даму динамикасын, жетілгендерін жақсы сезінеді.

Аталған технологияны қолдануда әрбір оқушы түрлі қарым - қатынастық жүйелерге ендіріледі. Олардың бірнеше тәрбиелік әсер беретін қарым - қатынастың жүйелерінің ықпалын сезінеді. Оқу - танымдық оқушыларды шағын топтарға бөле отырып оқытқанда олардың өзара қарым - қатынастары бекиді, өзара бақылау, өзара тексеру жүзеге асырылады. Оқушылар өздерінің құрдастарымен ынтымақтастыққа жұмыс істеу барысында өз білімін басқалардың білімімен салыстыруға, рационалды ойлау тәсілдерінің қалыптасуына және сонымен қатар дүниетанымын кеңейтуге мүмкіншілік алады. Қарастырылып отырған технологияның бір ерекшелігі тұлға аралық қатынастарды байланыстыра отырып оқушылардың өз пікірлерін негіздей алуға, басқалардың ойларын сыни тұрғыдан қабылдауға, жалпы қарым - қатынас мәдениетіне үйрету. Сондықтан бірлесіп, бірігіп жұмыс істеу олардың өз күштеріне деген сенімділік пайда болады, олар өздерінің жеке пікір иесі болуына құқықты екенін сезінеді, басқа бір пікірлермен салыстыра отырып дұрыс шешім қабылдауға, өзін - өзі бағалауға үйренеді.

«Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасын тек білім алу үшін ғана емес, сонымен қатар әрбір оқушының тәрбиеленуіне, жеке тұлға болып қалыптасуына, әлеуметтенуіне, қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді. «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасын пайдалану барысында мұғалім әрбір оқушының өзін - өзі іске алуына ыңғайлы психологиялық - педагогикалық жағдай туғызуы қажет. Егерде «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасын мен дәстүрлі оқыту әдістерін салыстыратын болсақ көптеген ерекшеліктерін атап өтуге болады. Ол ерекшеліктерді мынандай кесте түрінде көрсеткен ыңғайлы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 755
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде.
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».
Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану - білім сапасын арттырудың негізгі шарты
Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану - білім сапасын арттырудың негізгі шарты
Астана қаласы, №64 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Арпабаева Баян Габбасовна
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақша» ММ бастауыш сынып мұғалімі Давлетова Шолпан Избасхановна
Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі
Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №153 Ш. Есенов атындағы мектеп - лицейдің тарих пәні мұғалімі Битаева Салтанат Есенгелдіқызы
Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудағы жаңа педагогикалық технологияны қолданудың тиімділігі
Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудағы жаңа педагогикалық технологияны қолданудың тиімділігі
Бүгінгі күні педагогикалық алаңда білім берудің жаңа моделін құраудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×