Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру

11 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру.

Мақсатым: Білімді, әрі дағдыларды меңгеретін, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, терең ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қолданатын технологияларым: СТО, тірек сызба. ойын арқылы.

Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу-тәрбие үрдісін іздестіру, жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір қиындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттері оқу әрекетінде көрінеді де, даму өнімі – оқуға құштарлық, қызығушылық болып табылады.
Шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлардың болуы қажет.

Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар.
Әлеуметтік
- Отбасындағы әлеуметтік жағдай.
- Отбасындағы шығармашылық.
Педагогикалық:
- мұғалімнің бала белсенділігін қолдауы
- әдістемелік көмек.
- бағалау әділеттілігі
Психологиялық:
- Ойлау тереңділігі, қиялдың ұшқырлығы.
- өз күшіне сенуі, ынталылығы.
Физиологиялық:
- бала денсаулығының жақсы болуы.
Сонымен қатар қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі бағаламау сияқты психикадан кедергілерден тұратын қарама-қайшылықтармен күресу қажет.
Оқушы шығармашылығының ғылыми педагогикалық проблема ретіндегі өзекті мәселелерінің бірі – оның қалыптасу кезеңдері.
Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы пікірлес досы, бапкері болуы тиіс.
Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы тиіс.
Оқушылардың қызығушылығын арттырып отыру үшін ұстазы сабақ үстінде сабақтан тыс уақыттарда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып отыруы тиіс.

1. Тақырыпты терең ұғындыру, түсіндіру.
2. Сабақта немесе сабақтан тыс уақытта әр түрлі тақырыптарда пікір-талас тақырып тудырып отыру.
3. Логикалық ойлауын жетілдіретін тапсырмалар беру.( логикалық есептер, ребус, сөзжұмбақ, анаграмма)
4. Ойларынан тест тапсырмаларын құрап келу, есеп құрау, ертегі құру, шағын әңгіме құрау, өлең жолдарын құрау.
5. Қиялдау арқылы сурет салғызу.
6. Ана тілі сабақтарында мінездеме беру.
7. Әртүрлі тақырыпта сайыс, пікірталас өткізіп, алған әсерлеріне шығармалар жаздыру.

Бұл айтылған жұмыстарды барлық оқушыға бірдей қолдану артық еді. Өйткені әр оқушының қабылдау деңгейі әр түрлі. Барлық оқушы шығармашылықпен жұмыс істейді деу де артық етеді.
Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, қабылдау деңгейі әртүрлі болады. Әрнеге бейімділік оянып келе жатқан қабілеттің белгісі.
Әр оқушының бейімділігі әртүрлі. Кей оқушы сурет салуға, өлең құрауға, ауызекі сөйлеуге, ребус құрауға икемді болуы мүмкін. Логикалық ойлау жылдамдығы да ұшқыр балалар болады. Әр баланың икемдігіне қарай тапсырмалар беру арқылы шығармашылық деңгейін арттырып отыруы тиіс. Оны ұстаз әр пәнде байқап отыруы керек.
Шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолдансақ, оқушылардың пәнге қызығуы артады, білім сапасы көтеріледі.
- Оқушылардың логикалық ойлауы дамиды.
- Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарап өмірден өз орнын табуына ықпал етуі керек.

Мен сабақтарымда оқушылардың ой-қиялын дамыту барысында мынадай шығармашылық тапсырмаларды қолданамын. Балаларға өздерін тапқырлыққа, білгірлікке, мақсатқа талпынуға және қиялдауға итермелейтін ойындар мен тапсырмалар өте ұнайды.
Бастауыш сынып оқушыларының қиялы әдеттегіден ерекше. Олар шындық өмірді қиялдағанымен біріктіре отырып, өзі ойлап тапқан дүниеде өмір сүруі мүмкін. Олар ағаштардың немесе хайуанаттардың сөйлесетініне сенеді. Бұл жастағы балалар естіген ертегі әңгімелер желісімен өзі де құрастыра алады.
(слайдтар) «Жеті лақ», «Қарлығаш пен Дәуіт».
Сауат ашу сабақтарында ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда мынадай өлең шумақтар құрастыруға болады.
- на – на-на
Сырғанайды шана
- та-та-та
өтіп кетті бір апта (слайд)
- са – са-са
Шағып алды маса
- ға-ға-ға
Қаладан келді аға

Бұл кейін 3-4 сыныптарда өз беттерімен өлең шығаруға дайындық болмақ.
Мәтін ертегі әңгімені өз бетінше аяқтауға үйрету.
«Ертеде бір түйе болыпты. Ол кіп-кішкентай екен. Оны өзінен үлкен жануарлар мазақтай беріпті. Әсіресе шыбын көп күліпті. Бірде ол түйе көлеңкелеп жатқан ағаштың бұтағына отырып алып, оны мазақтай бастады»
Ертегіні аяқта деген тапсырма беріледі. Сонда оқушылар былай аяқтайды.
... Шыбын түйені қоймастан мазақтай берді. Солай отырғанда оны бір торғай жеп кетіпті.
( Нұржан Жанна)
... Сонда түйе ашуланып шыбынның бетіне түкіріп жібереді, сонда шыбын тұншығып қалады.
(Қосым Назар)
«Сөзден сөз тер»,«Баспалдақ» «Буыннан сөз құра», «Сиқырлы әріп» ойындары оқушының ой шапшаңдығын арттырады, қиялын дамытады.
«Кемпірқосақ», «Дөңгелек», «Бауырсақ»

«Баспалдақ»
Б__
Б__ __
Б__ __ __
Б__ __ ____
Б__ __ __ ___
«Сиқырлы әріп»
Қандай әріп төрт сөзден сегіз сөз жасайды.
... ала,... алға ар... а... өрік.

Буыннан сөз құра
най ---- зе ----- ре
ба ----- те ----- ғай
пан ---- ла ----- за
«Ана тілі» және «Қазақ тілі» сабақтарын да уақыт тауып шығармашылық жұмысты жүргуге болады.
Ол үшін мұғалім мәтіннің, жаттығудың өн бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайлар іздеп табуы керек.
1) Ақын жазушылардың дайын мәтіндерін өз ойларымен аяқтату.
2) Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
3) Мәтін бойынша мақал құрастыру.
4) Заттарға; табиғат құбылыстарына жұмбақтар құрастыруға болады.
5) Шығарма, мәтін құрастыру.
- тақырып бойынша
- жоспар бойынша
- тірек сөздер арқылы
6) Өлең құрастыру
_______ _________ ________ аулаға
___________ ______ _______ көңілді
_____ _________ __________ ______ (слайд)
____________ ______________ өрілді
7) Кейіпкерлерге мінездеме беру.
8) Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу.
9) Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен берілген тапсырмалар шешкізу (анаграмма сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы суреттемелер).
10) Тірек сызбалар.

Оқушыға қай пән болсын сабақты түсіндіргенде тірек сызба пайдалану тиімді деп ойлаймын. Себебі ол оқушының ойын жүйелі жеткізуге үйретеді.
Математика сабақтарында санамақтардың рөлі зор.
Оқушыларды математика сабақтарында шешендікке баулу мақсатында халқымыздың айтыс өнеріне орай «Айтыс» ойынын өткізуге болады. Бір оқушы сан айтады, екінші оқушы оның айтқан санына ұқсайтын сөз тіркесін айтып жауап қайтарады.
Мысалы: 1- оқушы: Бір
2 - оқушы: Сыныпқа тез кір.
1 - оқушы: Екі
2 - оқушы: Серікпен күресуге бекі
1 - оқушы: Үш
2 - оқушы: Менімен жарысқа түс.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға өз бетінше іздеуге зор әсерін тигізеді.
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін әртүрлі кездесулерден, саяхаттардан, журналдарын, оқығандарынан алған әсерлерін әңгімелеуге, шығарма ретінде жаздыруға болады.

Қорыта келгенде:
Шығармашылық тапсырмаларды орындаудан алынатын нәтиже: Жауапкершілігі артады, қажет болса көзқарасын өзгертеді, басқаларды таңдай біледі, өзін-өзі бағалайды, қарым-қатынас жасауға үйренеді, өз ойын тұжырымдап қорытынды шығарады.
16 374
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабақтарында шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.
Бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабақтарында шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.
Оқушылар бойындағы шығармашылық қабілеттерін анықтай отырып, бала бойындағы рухани адамгершілік құндылықтар арқылы түрлі іс - әрекетін қалыптастыру. Балалар бойындағы шығармашылық қабілеттің белгілерін анықтау жолдарын іздестіру, қиындықтар мен
Баяндама. Логикалық тапсырмаларды бере отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Баяндама. Логикалық тапсырмаларды бере отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз
Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс
Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс
Шаукебаева Индира Актасбаевна А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі
Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы №24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сансызбаева Алтынкул Мұхтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×