Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өз-өзіне қол жұмсау қоғам дерті ме?

15 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Өз - өзіне қол жұмсау қоғам дерті ме?
Тіршіліктегі басты құндылық – адамның өмірі екені белгілі. Бір күннің ішінде сан мыңдаған адам өмірге келіп жатса, сол секілді сан мыңдаған адам бақилық болады. Оның ішінде, талқаны таусылып, Жаратушы қалауымен өмірден озатындарын айтпағанда, өз өміріне өздері балта шауып, ажалынан бұрын өмірімен қоштасатындары қаншама. Әсіресе, өз - өзіне қол жұмсау әрекеті жастар арасында жиі көрініс береді. Мұндай келеңсіздіктің сыры неде? «Өз - өзіне қол жұмсап, өмірден баз кешетіндей басына қандай күн туды екен?» деген ой осындайда сананы тұмшалайды. Сау адам тұрмақ, науқас адамның өзі бір шыбын жаны үшін шырылдап, дертіне дауа іздеп зыр жүгіреді емес пе? Айдың - күннің аманында төрт құбыласы тең кейбір жастарымыздың өз - өзіне қол салуы бейжай қарауға болмайтын мәселе. Бұл бүкіл әлемді алаңдатып отырған осынау мәселе соңғы жылдары қоғамдық дертке айналды. Дүниежүзілік денсаулық ұйымының зерттеулері нәтижесіне жүгінсек, өзін - өзі өлтіру жөнінен Қазақстан үшінші орынға, Орталық Азия елдері бойынша бірінші орында тұр екен. Осыған сәйкес, елімізде әр сағат сайын бір адам өз - өзіне қол жұмсайтын көрінеді.

Жалпы әлемді алаңдатып отырған қоғамдық дерт ғылымда өз - өзіне қол жұмсауды «суицид» деп атайды екен. Суицид – алдын – ала ойластырылған өз - өзіне қол жұмсау (өзін өмірден қию). Суицид тек адамзаттың әрекеті. Әдетте суицид жасаушы адамдар өте күшті жан ауруымен ауырады және стресс күйінде болады, сонымен бірге өз проблемаларын шешудің мүмкін еместігін сезінеді. Олар жиі психикалық аурулармен ауырады, эмоциялық бұзылыстар, әсіресе депрессия жиі болады және болашаққа үмітсіз қарайды. Суицид негізгі үш түрлі жолмен жүзеге асатыны белгілі.
1) Нағыз - Өлімге бағытталу. Ол кезде соқ жасалмайды, кейде ойланбай жасалынған сияқты көрінуі мүмкін. Бұндай суицидке көңіл - күйдің төмендігі, депрессиялық күй немесе өмірден кету туралы ойлар. Қоршаған орта бұл адамның осы күні байқамауы да мүмкін. Өмірдің мәні туралы ойлау, уайымдау нағыз суицидтің ерекшелігі болып табылады.

2) Жасырын - бұл суициалдық мінез - құлықтың түрінде, суицидке бару себептері байқалмайды, бірақ сол бағыт пен сондай нәтижені көздейді. Бұндай іс - әрекеттік мінез - құлық өлімге бағытталмайды, өз өміріне қауп келтіру, өліммен ойынға ұқсайды. Бұндай адамдар өмірден кетудің ашық түрін таңдамайды «өз еркімен», суицидтік мінез - құлықтың себептеріне байланысты. Мысалы: көлікті өте қатты жүргізу, спорттың қауыпты түрімен шұғылдану немесе қауыпты бизнеспен айналысу, зиянды наркотиктерді пайдалану.

3) Демонстративті (парасуицид)- Өмірмен қоштасумен байланысты емес, өзінің проблемаларына көңіл аударуды қалауы, көмек сұрау, қарым - қатынасқа түсу. Шантаж жасаудың өзіндік әрекеті болуы мүмкін. Осындай іс - әркетте, ойламаған кенеттен, өз өмірімен қоштасқан оқиғалар кездеседі.
Суицидке ұшырасу себептері:
1. Бақытсыз махаббат;
2. Қоршаған адамдармен түсініспеушілік;
3. Жұмыстағы, мектептегі проблемалар;
4. Мақсатты түрде балағаттау (өзін - өзі өртіруге дейін жеткізу);
5. Қорлау (зорлық, ұрып - соғу).;
6. Өмір мәнін жоғалту;
7. Қаржы проблемасы;
8. Денсаулық проблемалары
9. Дінге байланысты фанатизм (секталарда көп кездеседі);
10. Психикалық аурулар
11. Жеке өміріндегі сәтсіздіктер т. б. атап өтуге болады.
Өзін - өзі өліге қиюға жақындығын сөздік, қылықтық, ситуациялық белгілер арқылы да білдіреді. Тікелей сөздер: Мен өлім туралы ойлаймын”, “Өмір сүргім келмейді”,“Өлгенім жақсы еді” Жанама сөздер:“Мен қашан өлгенде, олар өкінетін болады”, “Енді сіздің қамқор болмай – ақ қоюыңызға болады”. және т. б сөздерді көп қолдану арқылы өзіні - өзі өлімге дайындап жүргенін аңғаруға болады. Күйіну, жылау, өмір белсенділігінің жетіспеуі, шешім қабылдай алу қабілетінің жоқтығы, жанұясынан және жақын адамдарынан өзін оқшаулау, ішімдікті, есірткіні қолдану мөлшерінің өсуі, тәбетінің болмауы немесе жоғарылауы, тұйықтық, жеке істерін ретке келтіру, тәуекелді қылыққа талпыну, бұрын өз - өзіне қол жұмсау әрекетінің болуы, кінә сезімі, өзін - өзі төмен бағалауы, спортқа және басқа істерге қызығушылығының жоғарылауы, жеке гигиена ережелерін сақтамау т. б қылықтар арқылы да, сонымен қатар жақын және сүйікті адамының өлімі, мектепке байланысты проблемалар, әлеуметтік оқшаулау, қалыпты қарым – қатынасқа қабілетсіздік, психикалық аурудың болуы, ата – анамен күрделі дау-дамайдың болуы, бақытсыз махаббат және т. с. с. ситуациялардың салдарынан адам өзін - өзі өлімге қиюға дайын болатынын бірі білсе бірі білмейтіні ақиқат. Яғни жоғарыда айтылған белгілерді аңғарған бойда, қоғамдық дертке айналған бұл мәселен де алдын алуға болады.

Бүгінгі таңдағы өте салмақты мәселеге айналған осынау аты жаман дертті әркім әрқалай қабылдап, өз алдына топшылайды. Бірі – заманның өзгеруі десе, екіншілері – әлеуметтік жағдайдың қиындығынан, не болмаса, денсаулықтың салдарынан деп таниды. Ал кейбіреулер тұқым қуалаушылық жолымен келеді деседі. Ойлап қарасаң, дене түршігерлік жәйт. Расында, мұндай жағдайларға адамдар түрлі себептермен барады.

Шығыста «Бір күндігіңді ойласаң, күріш ек, он жылдығыңды ойласаң, ағаш ек, жүз жылдығыңды ойласаң, ұрпағыңа жақсы тәлім - тәрбие бер», деген қағида бар. Бұл жерде айтайын дегенім, егер әрбір балаға жастайынан жақсы тәрбие беріп, стереотипке бой алдырмай, өмірді бағалай білуге үйретіп өсірсек, мұндай қайғылы жағдайларға тап болмасымыз анық. Бұл ретте баланың бойында патриоттық сезімді оятып, өмірге деген құлшынысын арттыру үшін нәтижелі әрі түзу бағыт - бағдар беруіміз абзал. «Адам өмірге ессіз болып келеді, есалаң өмір сүреді», деп адам өміріне қысқа ғана «мінездеме» берген Асқар Тоқпановтың бұл сөзінен талайды аңғаруға болады.

Мұхаммед (с. а. у.) пайғамбарымыз айтқандай.«Кімде - кім өзін темір қарумен өлтірген болса, ол әрқашан тозақта сол темірді көтеріп жүреді. Ал кімде - кім у ішіп өлетін болса, ол адам тозақта мәңгі у ішіп жүретін болады. Егер біреу өзін өлтірмек болып таудан құласа, ондай адам тозақта мәңгі құздан құлап бара жатады».

Қалай десек те, тілге тиек етіп отырған бұл проблеманың себебі өте көп. Дегенмен, мұсылман баласы үшін өзіңе - өзің қол жұмсау ауыр күнә екендігі еш күмәнсіз. Өйткені, жан – Жаратушының адам баласына берген ең қасиетті аманаты. Өз өмірін қию – сол аманатқа жасалған қиянат. Дінге сенімі бар адам өмірдің қиындықтарын сынақ деп біледі, өткінші деп қарайды. Әрбір қиындықтан кейін, жеңілдіктің келетініне сенеді. Жаратушыдан үмітін еш үзбейді. Сабыр етеді. Өмірдің ең қиын сәттерінде де өзін өлтіруге бармайды. Ендеше, өзін - өзі өлтірудің себептерін өмірдің қиындықтарынан іздеу дұрыс емес. Мұндағы басты себепті «сенім» деп білген жөн. Өмірді - Жаратушының бізге берген үлкен сыйы ретінде қабылдап, ар түрлі соқпақ - соқпақ жолдардың қиыншылықтарына төзіп, әр қиыншылықтың астынан бір жақсылық іздеп, өз - өзімізді өлімге қимай, керсінше тығырықтан шығатын жол іздеп, өмірдің қадірін түсіну ол біздің үлкен парызымыз.

Өмір таусылмас қуанышпен өтуі тиіс. Басқа қандай қайғы келсе де, өмірді бақытты, қуанышқа толы етуге болады.
"Өлім аузында айтылатын бес өкініш" кітабының авторы Бронни Вее көптеген жылдар бойы өмірінің соңғы күндерін ауруханада өткізген жандарға күтім жасаумен болыпты. Сондағы өкініш пен өксікке толы сөздердің қаншасын ести жүріп, ішіндегі ең көп айтылған бес сөзді тізіп алыпты:
1. Өкінем, достарымның қалауына жағып, ал өзімнің ойымдағыдай өмір сүруге батылдығым жетпей келгеніне...
2. Өкінем, соншалықты көп жұмыс істегенім үшін...
3. Өкінем, өз сезімімді танытуға батылдық жетпегені үшін...
4. Өкінем, достарымның бәрінен айырылып қалғаныма...
5. Өкінем, өзіме бақытты болуға ерік бермегенім үшін...

Өліп бара жатқан жандарға бұлардың бәрі өкініш қана, ал қаншама өмірі алда біз бен сіз сияқты жандарға жақсы сабақ болуы керек!
Басқаны былай қойғанда, адамның ауасы таза, суы мөлдір, аспаны ашық, айы мен күні орнында, гүлінің хош иісі бұрқыраған жер бетінде аяқ басып жүруінің өзі бақыт. Әрине, адам тек табиғат берген сыймен шектеліп қала алмайды. Адамға еркіндік, демократия, материалдық және рухани байлық керек. Бірақ оларды жасау әркімнің өз қолында. Яғни төзуге мүмкін болмайтын жағдайда да өмір сүре білу керек деп білемін.
16 275
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жасөспірімдер арасында суицидті әрекетті алдын алу
Жасөспірімдер арасында суицидті әрекетті алдын алу
Суицид (ағылшын тіліндегі suicide сөзінен шыққан, аудармасы өзіне - өзі қол жұмсау) дегеніміз бұл мақсатқа бағытталған өз бетімен өмірден кету. Өкінішке орай, бұл термин қазір көп қолданатын сөзімізге айналды.
Жасөспірімдердің өз өзіне қол жұмсауының алдын алу
Жасөспірімдердің өз өзіне қол жұмсауының алдын алу
Соңғы жылдары адамдардың өз - өзіне қол салу фактілерінің жиілеп бара жатқаны байқалуда. Әсіресе көпшілікті алаңдатып отырған «Суицид» деп аталатын осы дерттің мектеп оқушыларын да жағалауы дабыл қағарлық жағдай.
Өміріңді аяла!
Өміріңді аяла!
Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында көп орын алып жатқан өз-өзіне қол жұмсауды алдын-алу мәселелерін қарастыру
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №8 «Теремок»бала - бақшасы тәрбиешісі: Балдырова Бақыт Мейрамовна
Өмірді сүйе білейік
Өмірді сүйе білейік
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сарбие селосы, Сапақкөл орта мектебі әлеуметтік педагог Роза Сатығалиева
Кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсаушылықтың алдын алу жолдары
Кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсаушылықтың алдын алу жолдары
Ермаханова Майра Утепбаевна Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінде педагог - психолог
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×