Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кәсіби білім беру орындарында инновациялық әдістер мен технологияларды кәсіби түрде оқыту

18 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Кәсіби білім беру орындарында инновациялық әдістер мен технологияларды кәсіби түрде оқыту

Білім беру жүйесі алдында тұрған талаптарды жүзеге асыру жолында ғалымдар мен педагогтар танымдық іс - әрекетті дамыту әдістерін іздестіруде. И. П. Павлов «... жақсы әдіспен талантты емес адам көп нәрсе жасайды, ал нашар әдіспен ұлы адамның өзі де текке жұмыс істейді» - деген болатын.
Міне, сондықтан жеке тұлғаны оқыту мен дамытудағы белгілі әдістердің рөлін бағалай отырып, қоғам дамуының әр кезеңінде адам ақыл - ойының «терең қайнарына бойлай алатын» әдістерді пайдалану жолындағы ізденістер мен ұсыныстар бүгінгі таңда өзекті деп санау қажеттігін айту керек.
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесіндегі ең басты міндеті – білім берудің ұлттық модуліне көшу арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Қазіргі заман талабына сай пән оқытушысы ғана болу аз, оқытушы - ұстаз, инноватор, иннотехник болуы тиіс. Мұғалім иннотехник дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек, содан кейін пән бойынша қандай тақырыпқа пайдалану керектігіне тиімді зерттеу жүреді. Яғни әрбір инновациялық технологияларды меңгереді, содан кейін меңгерген технологияларды апробациядан (сабақ барысында қолдану) өткізеді, мұғалім талдау жасай отырып, тақырыпқа сай технологияны таңдайды. Оқытушы білім алушының табиғи дарын, қабілетін ашу жас ерекшелігін ескере отырып, технология элементтерін тиімді пайдалана алу керек.

Инновация дегеніміз – бұл лабораториялық емес жаңа идеяны бірінші рет жүзеге асыру, ғылым жүзінде пайда болса да практикада негізделген. Жаңалық енгізу – мекемеге, ұйымға жергілікті аймақтық, мемлекеттік мекемелерге енгізілген үлгіге бағытталған.
Инновация сөзі латын тілінен аударғанда жаңалықты ендіру деген мағынаны білдіреді.
Технология деген сөз грек тілінен алғанда техне – өнер, кәсіп, ғылым, логос – ұғым, оқу деген түсінікті білдіреді.
Технологиялық инновациялар – бұл жаңа заманның компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялары. Технологиялық инновациялар экономикалық механизмдерде, оқытушылар мен білім алушылар еңбегін ұйымдастыруда түбегейлі өзгерістерге, оқытушылық қызмет сипатына зор үлес қосылады.
Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:
● оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, іс - әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;
● оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;
● оқу процесінде қарым - қатынастың еркін болуы;
● оны үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы.
Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы - педагогикалық қарым - қатынас пен қарым - қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.
Интерактивті әдіс - тәсілдерді жиі пайдалану, әр сабақта оның мүмкіндіктерін түрлендіріп отыру – педагогтар қауымының басты міндеті.
Интерактивтік оқу технологиясы (ИОТ) – деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоциялық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, білім алушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым - қатынас құруға кепілдік беретін, оқытушы мен білім алушының іс - әрекетін оқу - ойындар түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.
Интерактивті әдістерге мыналар жатады:
♦ миға шабуыл әдісі;
♦ топпен жұмыс;
♦ проблемалық шығарма әдістері;
♦ рөлдік ойындар;
♦ зерттеулер;
♦ іскерлік ойындар;
♦ сын тұрғысынан ойлау әдісі;
♦ пікірталастар және т. б.
Оқудың интерактивті әдістерінің үлгісі:
«Ми шабуылы», «ми штурмы» («дельфи» әдісі) – бұл әдіс, берілген сұраққа кез - келген оқушы жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері керек. «Ми шабуылы» хабарландыруды анықтау керек болғанда және қатысушыларының белгілі сұраққа қатынасы кезінде қолданылады. Жұмыстың бұл нысанын кері байланыс алу үшін қолдануға болады.

Өткізу алгоритмі:
1. Қатысушыларға талқылау үшін белгілі бір тақырып немесе сұрақ беру.
2. Осы мәселе бойынша өзінің ойын айтуға ұсыныс жасау.
3. Айтылғандардың барлығын жазу (олардың бәрін қарсылықсыз қабылдау керек). Егер сізге ол түсініксіз болатын болса, айтылғандарды қайталап анықтауға жол беріледі (кез - келген жағдайда идея қатысушының аузынан қалай шықса, солай жазылады).
4. Барлық идеялар мен талқылаулар айтылып біткеннен кейін, берілген тапсырма қандай болғанын қайталау керек қатысушылардың сөзінен сіз не жазып алдыңыз соның барлығын тізіп шығу керек.
5. Қатысушылардан, олардың пікірі бойынша алынған нәтижеден қандай қорытынды жасауға болатынын және тренингтің тақырыбымен байланысты оның қалай болатынын сұрай отырып жұмысты аяқтау керек.
«Ми шабуылы» аяқталғаннан кейін (көп уақытты алмай, орташа 4 - 5 минут), жауаптың барлық нұсқаларын талқылау керек, бастыларын және келесілерін таңдау қажет. «Ми шабуылы» қажеттілігіне қарай тиімді әдіс болып табылады:
♦ даулы мәселелерді талқылау;
♦ талқылауға қатысуға онша сенімді емес қатысушыларды ынталандыру;
♦ қысқа мерзім ішінде идеяны көптеп жинау;
♦ оқушының дайындығын анықтау.

Оқытудың интерактивтік моделінің негізгі шарттары:
1. Емін - еркін пікірталасқа түсу мүмкіндігі
2. Белгілі бір материалды емін - еркін баяндау.
3. Семинар сабақтарының көп болуы, оқушылардың инициативасының жетекшілігі.
4. Топтық тапсырмалардың қолданылуы және сол арқылы ұжымдық іс - әрекеттерді дамыту.
5. Жазбаша жұмыстарды орындау.

Бүгінгі мемлекеттің білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасындағы міндеттердің бірі – білім беру жүйесі мен оқытудың сапасын арттыру, сабақтың әдістерін және мазмұнын жетілдіру, әдістемелік жағынан дамыту болып табылады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан - жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып оқу - тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Білім алушы іс - әрекетінің мазмұны ақпаратты қабылдау, оны ұғыну, білімділік дағдыларын жетілдіру. Оқытушының міндеті білім алушының іс - әрекетін ұйымдастыру, ақпаратты жүйелеу, оны қабылдауға жағдай жасай отырып, білім алушыға бағыт, бағдар беру.

Технологиялық оқыту, білім берудің, жеке тұлғаны жан - жақты дамытудың жаңа ізденістерін талап етеді. Оқушының білім алу, даму т. б. іс - әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу, оған басшылық ету, білімді өз белсенділіктерімен алуларына түрткі жасау технологияның басты белгілері.
15 261
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны
Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны
Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу - тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі.
Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру
Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру
Физика пәнінің мұғалімі Жанұзақова Сауле Айғалиқызы
Қазіргі заманда білім беруде жаңа технологиялар
Қазіргі заманда білім беруде жаңа технологиялар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы «№3 орта мектебі» ММ биология пәні мұғалімі Адамьянова Шолпан Советовна
Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі
Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №153 Ш. Есенов атындағы мектеп - лицейдің тарих пәні мұғалімі Битаева Салтанат Есенгелдіқызы
Тұлғаны дамытуға бағытталған инновациялық орта құру
Тұлғаны дамытуға бағытталған инновациялық орта құру
Даулетиярова Айман Біржанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қобда ауданы, Жиренқопа орта мектебі
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
[right]ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×