Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Суландыру технологиясы

18 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Суландыру технологиясы
Сабақтың мақсаты: оқушыларға суландыру технологиясын, ауыл шаруашылығы дақылдарын суландыру әдістерін үйрету. Суармалы жерге қойылатын агротехникалық талаптарды меңгерту.
Білімділігі: оқушыларға жаңбырлатқыш машиналардың жасалу жүйелеріне қарай түрлерін, егістіктің беткі қабатын суару, жаңбырлату, суды шашатын агрегаттармен таныстыру.
Дамытушылығы: оқушылардың еңбекке қызығушылығын арттыру. Суармалы жерді игеруге баулу.
Тәрбиелілігі: ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы түсіндіру, техника түрлерін көрсетіп талдау.
Пәнаралық байланыс: өткен сабақтағы тақырыппен байланыс, сызу, химия, география, тарих, экономика.
Сабақтың түрі: интерактивтік сабақ.
Сабақтың барысы
а) Ұйымдастыру кезеңі. Кезекшіден оқушылардың сабаққа дайындығын сұрау.
б) Үй тапсырмасын сұрау.
1) Техникалық дақылдарға қандай дақылдар жатады?
Жауабы: Қант, зығыр, картоп, мақта, күнбағыс.
2) Мақта талшығының өнеркәсіптегі маңызы қандай?
Жауабы: Мақта - біздің елімізде талшықты дақылдар ішінде ең көп тарағаны. Мақта талшығы - тоқыма өндірісінің негізгі шикізаты. Автомобиль жасау, авиация саласында мақта кеңінен қолданылады. Біздің елімізден басқа Өзбекстанда, Тәжікстанда, Түркіменстанда, Қырғызстанда, Закавказьеде, Әзірбайжанда, Арменияда өсіріледі.
в) Қантты неден және қалай өндіреді?
Қант қызылшасынан өндіріледі. Қызылша әуелі Қытайда, Үндістанда пайда болған. Біздің елімізде Қазақстанның Оңтүстік – Шығыс, Батыс - Қазақстан аймағында да қызылшадан түрлі қоспалар қосу арқылы қант дайындалады. Барлығы да техника арқылы өңделінеді.

Өткен сабақты пысықтау.
- Оқушылар, өткен сабақта техникалық дақылдарды жинау, техникалық дақылдар алынатын өсімдіктер, қант қызылшасы, картоп, зығыр, күнбағыс т. б. дақылдардың қалай өсірілетіні, одан не өндірілетінін, оны қандай техникамен жинайтынын, қай жерлерде өсірілетінін айттыңдар. Енді осы дақылдарды өсіру үшін су керек екендігі баршамызға аян. Су – тіршілік көзі. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Суландыру ткхнологиясы» деп аталынады.

Жаңа сабақты түсіндіру: «Суландыру технологиясы»
1. Егістіктің беткі қабатын суару.
2. Жаңбырлату әдісі.
3. Топырақтың астыңғы қабатын суару.
Ал бізде суарудың екі тәсілі қолданылады. Олар, Егістіктің беткі қабатын суару, жаңбырлату арқылы суару.
Егістіктің беткі қабатын суару топырақты суарудың ең қарапайым және оңай тәсілі. Мұндағы басты кемшілік, су көп шығындалады. Себебі су топырақ қабаттарына сіңіп кетеді. Су атызға біркелкі жайылмайды. Сондықтан атыз тегіс болуы керек. Ал, жаңбырлатып суару су шығынын азайтады. Ол үшін қолданылатын жаңбырлатқыш машиналары бар. Жаңбырлатқыш машиналар алысқа, орташа, қашыққа шашатын болып үшке бөлінеді. Алысқа шашатын ДДН - 70, ДДА - 100 дақылдармен жаңбырлатқыш техникалық дақылдарды, жеміс, жас орман көшеттерін суаруға арналған машинаның су шашу өнімділігі - сағатына 0. 85 га, суды орта қашықтықта шашатын жаңбырлатқыш машиналар мен қондырғылар: «Радуга», «Волжанка» жаңбырлатқыш аппараттары биіктігі 1. 5 метрден аса қоймайтын дәнді және техникалық дақылдарды көкөніс, бақша дақылдарын, көпжылдық шөптерді шабындықтарды жаңбырлатып суаруға арналған.
Жақыннан шашатын машиналарға 100 м - ден су шашатын 2 консульді ДДА - 100 МА агригаты жатады. Олар жаңбырлатқыш машиналарға, құрылғыларға және суару жүйелеріне орнатылады.
Суару кезінде су ағысы күйентеге соғылып, оны бір жағына қарай айналдырады. Күйентені серіппе бастапқы қалыпқа келтіреді. Сонда ғана айналаға су шашылып суландырады.
Суды жаңбырлатып суарудың артықшылығы - 18 м, гидронттағы су арыны (екпіні)- 0, 4 Па, жаңбырлату жиілігі - 0, 27 мм/мин. Суды орта қашықтыққа шашатын жаңбырлатқыш аппараттары «Роса - 1», «Роса - 2», «Роса - 3» аппараттары болып бөлінеді. Олар шеңбер және сектор бойымен жұмыс жасайтын үш шүмекті болады.
Жоғарыда түсіндірілген жаңбырлатқыш машина аппараттарының сұлбасын интерактивті тақтадан көрсетіп, жаңбырлатқыш аппараттарының сұлбасын жеке - жеке түсіндірген кезде, оқушылар ынта қойып тыңдайды.

Суармалы жерлерге қойылатын агротехникалық талаптар:
1. Егістік алқаптарды тегістеу.
2. Сорланған тұзды жерді жуып, шаю.
3. Күріш алқабын дайындау кезінде топырақты атызды тегістеу.
4. Солтүстік, Солтүстік шығыс аудандарда жерді 10 - 120см тереңдікте жырту.
5. Оңтүстік және оңтүстік шығыс аудандарда сыдыра жырту 5 - 6 см.
6. Құмды жерлерді 3 - 4 жылда терең етіп, 27 - 29 см тереңдікте жырту.
7. Қалың қабатты ауыр жерді 60 см тереңдікке дейін жырту.
8. Суармалы егістікте өсімдіктерді күту үшін әрбір суарудан кейін жердің беткі қабатын жұмсартып отыру керек.

Сабақты қорытындылау:
Сұрақтар қою.
1. Суармалы жерлерде қандай агротехникалық шаралар қолданылады?
2. Әр түрлі алқаптардағы топырақты суарудың қандай әдістері бар? Интерактивті тақтамен жұмыс істеу, оқушыларды бағалау.
Ой сергіту үшін суға байланысты мақал - мәтелдерге кезек береміз.
«Судың да сұрауы бар».
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
«Сулы жер, нулы жер»
«Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ер көгерер».
«Көп түкірсе - көл болады».
«Су - тіршілік көзі».
Үй тапсырмасы:
Ауылшаруашылық машиналары оқулығы «Суландыру технологиясы» 377 - 386 беттер.
6 030
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақтың ұлттық қоржынның жасалу технологиясы
Қазақтың ұлттық қоржынның жасалу технологиясы
Ата - бабамыздың халыққа сіңірген орасан зор еңбектерін балаларға насихаттау. Қоржын пішу және тігін технологиясын үйрету.
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы Конспект Ертедегі деректерде үйсіндер “ағаш егіп, қалалар мен елді мекендер салған” - деп жазылған. Суармалы егістіктер, суландыру жүйесі, бау - бақшалар үйсіндердің астанасы Чигу қаласының маңында орналасқан. Шу
Оңтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің география пәні мұғалімі Тлеумуханова Гулсим Тулегеновна
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Абдрахманова Айсұлу Смағұлқызы
Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелерін шешу
Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелерін шешу
Көрсеткіштік теңдеулер мен олардың жүйелеріне анықтама беру және оларды шешудің тәсілдерін үйрету. Теңдеулердің қарапайым және күрделі түрлерін оқушыларға шығарып үйрету және алған білімдерін тереңдету.
Ауыл шаруашылығы технологиясы
Ауыл шаруашылығы технологиясы
Ауыл шаруашылығы технологиясы Егіншілік шаруашылығы, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×