Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астық жинайтын комбайнның жалпы құрылысы

18 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Арал көпсалалы колледжінің арнаулы
пән оқытушысы Жұмабек Орынбаев

Астық жинайтын комбайнның жалпы құрылысы
Сабақтың тақырыбы: «Астық жинайтын комбайнның жалпы құрылысы».
Сабақтың мақсаты: астық жинайтын әмбебап комбайнының жалпы құрылысымен, негізгі бөліктерімен танысу. Астық ору тәсілдерінен түсінік беру. Комбайндарға қолданылатын қозғалтқыштардың қуат күштері мен айналыс сәттері туралы және комбайнның жалпы құрылысы туралы мәлімет беру.
Білімділігі: өнім жинау кезіндегі әмбебап комбайнының ысырапсыз қыруар істі атқаратындығы, механизмдері туралы білімін арттыру және оқушылардың техника тіліне қабілетін машықтандыру.
Дамытушылығы: ата кәсіпке сүйіспеншілікті ояту, мамандыққа баулу. Тәрбиелілігі: ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы түсіндіру, техника түрлерін көрсетіп талдау.
Пәнаралық байланыс: өткен сабақтағы тақырыппен байланыс, сызу, химия, география, тарих, экономика.
Сабақтың түрі: баяндау, талдау, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы
а) Ұйымдастыру кезеңі. Кезекшіден оқушылардың сабаққа дайындығын сұрау.
б) Үй тапсырмасын тест сұрақтары арқылы сұрау.

1. Дизелдік қозғалтқыштың тұтануы қалай аталады?
А) электр жарқылымен;
Б) газ қысымының ұлғаюымен;
В) ауа қысымының қызуынан.

2. Дизельде қоспа қай жерде түзіледі?
А) цилиндр ішінен тыс жерде;
Б) цилиндр ішінің толық көлемінде;
В) Сығылу камерасында.

3. Сеңгіршік қандай қызмет атқарады?
А) электр жарқылын шығарады;
Б) таза ауа енгізеді;
В) жанармай бөлігін бүркиді.

4. Сеңгіршік инесі ұяшықтан ненің әсерінен шығады?
А) серіппе әсерінен;
Б) ауа қысымының әсерінен;
В) жанармай қысымының әсерінен.

5. Сеңгіршікке жанармай қай жері арқылы келіп құйылады?
А) төбе тесігі арқылы;
Б) шүйде саптамасы арқылы;
В) ине ұяшығындағы тесіктен.

6. Сеңгіршік тетіктері қай жеріне жинақталады?
А) жақтауларына;
Б) төбесіне;
В) тұрық тетіктеріне.
7. Сеңгіршікке жанармай қайдан келеді?
А) төменгі қысымды сорғыдан;

Б) қол сорғыдан;
В) жоғарғы қысымды сорғыдан.

8. Жоғарғы жанармай қысымын қалыптастыратын тетік.
А) поршен;
Б) плунжер;
В) сықпақ (шток).

9. Сытылма жанармай қайда барып құйылады?
А) төменгі қысымды сорғының құйылмасына;
Б) нәзік сүзгі тостағына;
В) жанармай багына.

10. Цилиндр ішіне жанармай қай жерден бүркіледі?
А) бүріккіш инеден;
Б) бүріккіш қуыстан;
В) бүріккіш тесіктен.
Астық жинайтын комбайнның құрылысы
Өздігінен жүретін комбайнның негізгі құрылысы алты бөліктен тұрады: жаткадан, молотилкадан, шөмелелеуіштен, жүріс бөлігінен, қозғалтқыштан және жинауыштан.
Жатка келесі негізгі бөліктер мен механизмдерді қамтиды: бағдарлауыш башмактары мен жатка тұрқын, малтығыш тасымалдауышымен көлбеу тұрқын, теңселме механизмі мен деңгейлеуішін, реттегіш механизмі мен қалбағайын және вариаторын, тегершігімен кескіш аппаратын, жетектегіш механизмімен иірлігін.

Молотилканың құрылысы келесі бөліктерден тұрады: бастыру құрылғысынан, сабан сіліккіштен, тазалайтын және тасымалдайтын құрылысынан (иірлік пен элеватордан), беріліс системасынан, басқару аймағынан, гидравликалық жүйеден және электр жабдықтарынан.
Жүру бөлігі өзіне вариаторлы және жүргізгіш мостымен бағыттаушы доңғалақтарды қамтиды. Жүргізгіш мост доңғалақтары, өз кезегінде тізбектегіштен, қорапты берілістен, дифференциалдан, доңғалақтардан және тежегіш жүйесінен құралады.

Смд - 15К және СМД - 17К дизельдерін қуаттылығы 8 а. к. тең болатын, СТ - 100 электр стартерімен бірге жабдықтап шығарады. СК - 6 және СКПР - 6 комбайндарында 4 қозғалтқышын қолданады, оның қуаты 150 а. к. тең, айналыс сәті 1900 об/мин. Біздің елімізде көп жылдық тәжірибеден өткізген тәсілдер бойынша астық екі тәсілмен орындалады: төте орып жинауда комбайн егістікпен бір орып жүрген кезде, барлық жинау процестерін атқарады: бір мезгілде орып, бастырып (масақтан дәнді ажыратып), астықты тазалап, сабағын шөмелелеуішке жинап, шөмеге түсіріп отырады. Бұл тәсіл өте тиімді, бірақ оны піскен құрғақ егістікте қолданады. Егістік пісіп жетілмей ылғалы көп жағдайда оны орып жалға тастауға және бірнеше күн кептіру керек. Мұндай жағдайда бөлшекті тәсілді қолданады. Сондықтан мұндай тәсілді бөлшектік немесе екі фазалы тәсіл деп атайды. Әдетте комбайн жаткасы комбайн алдына теңселмелі етіп орнатылған, ол тура оруға арналған. Бөлшекті оруға дестелегіш жатканы қолданады. Оны комбайн көтеріп жүреді, кейде тракторға тіркейді. Дестелеп жалға тастаған астықты кепкеннен кейін сағдарлап алуға жинауыштарды қолданады. Елімізде осы екі тәсіл де кеңінен қолданылады.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Комбайн неше бөліктен тұрады?
2. Комбайнға қандай қозғалтқыштар қолданылады?
3. Комбайнды неге әмбебап деп атайды.
4. Астық орудың неше тәсілі бар?

Үйге тапсырма беру. Оқулықтан 356 - 362 беттер.
Қорытындылау.
10 772
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Астық тұқымдастар - бағалы азықтық өсімдіктер
Астық тұқымдастар - бағалы азықтық өсімдіктер
Астық тұқымдасына жататын өсімдік түрлері, ерекшеліктері, көбеюі, табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.
Минералдық тыңайтқыш шашатын РТТ - 4. 2А машинасы
Минералдық тыңайтқыш шашатын РТТ - 4. 2А машинасы
Минералдық тыңайтқыштар туралы мағлұмат беріп, қандай мақсаттарға пайдалану керектігін, түрлерін біліп, минералды тыңайтқыш шашатын машиналардың құрылысы, атқаратын қызметі, жұмыс жасау принципімен оқып танысу.
Гүлдің құрылысы
Гүлдің құрылысы
Гүлдің негізгі құрам бөліктері: тостағанша жапырақшалары мен жыныс мүшелеріне толық сипаттама беріп, олардың құрылысымен таныстыру
Астық тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары
Астық тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, № 11 Қоскөл орта мектебінің биология пәні мұғалімі Тортаева Айгүл Серікқызы
Тракторлар мен автомобильдердің жүрістік бөлігі және басқару механизмі
Тракторлар мен автомобильдердің жүрістік бөлігі және басқару механизмі
Арал көпсалалы колледжінің өндірістік оқу шебері Әленов Толағай Қойшыұлы
Суландыру технологиясы
Суландыру технологиясы
Қызылорда облысы, Арал қаласы Арал көпсалалы колледжінің арнаулы пән оқытушысы Жұмабек Орынбаев
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×