Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тігін өндірісіндегі техника қауіпсіздігінің жалпы ережелері

19 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Сабақтың тақырыбы: Тігін өндірісіндегі техника қауіпсіздігінің жалпы ережелері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тігін өндірісіндегі техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: дәстүрлі
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.
Құрал – жабдықтар: дәптер, сызғыш, қалам.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу;
б) Оқушыларды түгендеу;
в) Үй тапсырмасын сұрау.

2. Жаңа сабақтың қысқаша мазмұны:
Цехтарда жұмыс істеу техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтан өткен қызметкерлерге еңбекті қорғау жөніндегі қызмет жабдықтарында дербес жұмыс істеуге жіберілгендерге ғана рұқсат етіледі.
Қызметкерлерге жол берілмейді:
1) жұмыс орнын бөгде заттармен ыбырсытуға;
2) цехта сіріңке жағуға және ашық отты қолдануға;
3) өзінің тиесілігіне сәйкес келмейтін құралды немесе жарамсыз құралды пайдалануға;
4) іске қосылып тұрған жабдықты қалдырып кетуге;
5) машинаның табалдырығында және оның маңайына жуу - жағар заттарын және бояуларды төгуге;
6) егер оған қажет болған кезде бірінші көмек көрсету мүмкін болмайтын үй - жайда жалғыз жұмыс істеуге;
7) цехта сырт киімдерді сақтауға, тамақ ішуге;
8) дабыл шамы жанып тұрған кезде жабдықты қосуға;
9) алынып тасталған немесе әлсіз бекітілген қоршаулар кезінде жабдықта жұмыс істеуге;
10) қауіпті аймақтарды қоршамастан сақтық құралдары жарамсыз жабдықта жұмыс істеуге;
11) жарық түсіргіш арматурасыз және сол жұмыс орны үшін жарықтандырудың нормаларына сәйкес келмейтін жарықтандыру кезінде жұмыс істеуге жол берілмейді.

Жұмыс басталардың алдындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары

Қызметкер жұмыс басталардың алдында:
1) оқушы өзіне қажетті орамал мен алжапқышты киеді, оның қалталарында ешқандай да құралдар мен саймандар болмауы қажет;
2) журналдан оның жай - күйі туралы жазбаны қарап алдыңғы ауысымнан жабдықты қабылдайды;
3) жағатын, сөндіретін, тежегіш құрылғыларға аса назар сала отырып жабдықтың жарамдылығын тексере отырып барлық үйкелген бөліктерді майлайды;
4) шебер, қоршауларды бекітудің жарамдылығы мен беріктігін, бар болуын, жұмыс орнындағы тазалық пен тәртіпті тексереді;
5) жалпы енгізу өшіргішін сөндіреді және дабыл нүктесін іске қосады;
6) машина жарамсыз болған жағдайда цех шеберіне баяндайды және жарамсызды жөндемейінше жұмысқа кіріспейді.

Жұмыс уақытындағы техника қауіпсіздігінің
талаптары

Жабдық іске қосылып тұрған кезде:
1) дұрыс қойылмаған матаны, немесе басқа жартылай фабрикатты түзетуге;
2) тесмаларды түзетуге және кигізуге;
3) жабдықты тазалауға, майлауға және ондағы кез - келген олқылықтарды жоюға;
4) жабдықты қараусыз қалдыруға, қоршауды алуға, оларға сүйенуге және мініп тұруға, сондай - ақ машинаның қозғалыстағы бөліктеріне жақындауға жол берілмейді.
Жұмыс аяқталардағы техника қауіпсіздігінің
талаптары

Қызметкер жұмыс аяқталарда:
1) машинаны тоқтатады, басқарудан ажыратады;
2) жұмыс орнын тәртіпке келтіреді және орындалған жұмыстың жай - күйі туралы күнделікке жазып машинаны шеберге тапсырады;
3) жалпы енгізу өшіргішін сөндіреді;
4) арнайы киімді, арнайы аяқ - киімді және жеке қорғаныс құралдарын шешіп жеке шкафқа қояды.
Апаттық жағдайлардағы техника қауіпсіздігінің
талаптары

Апаттық ахуалдар мен жазатайым жағдайлар кезінде "тоқта" түймешесін басу немесе жалпы енгізу өшіргішін сөндіру арқылы машинаны дереу тоқтату керек.

Жабдықты электр желісінен ағыту мынадай жағдайларда дереу жүзеге асырылады:
1) қозғалтқыштан немесе оның қозғалыс реттеуші аппаратурасынан күйік, түтін немесе от иісі шыққан кезде;
2) моторлар мен жабдықтар ұшқындаған кезде;
3) қатты діріл кезінде;
4) электрэнергия беру тоқтаған кезде.

Өндірістік (технологиялық) процестерге қойылатын техника қауіпсіздігінің талаптары
Пайдалануға берілген жабдықты есепке алғанда барлық өндірістік процестерге арналған еңбек қауіпсіздігінің талаптары тікелей түрде ұйымда әзірленеді және әкімшілікпен бекітіледі.

Жұмыс аяқталғаннан кейін цехқа келуге жол берілмейді.

Қорытынды: Сабақты қорытындылау арқылы оқушыларға сұрақтар қою.
1. Жұмыс басталардың алдындағы еңбек қауіпсіздігінің қандай талаптары бар?
2. Жалпы тігіншіге орамал мен алжапқыш не үшін қажет?
3. Тігін машинасы мен оқушының арақашықтығы неше сантиметр болу керек?
4. Апаттық жағдайлардағы қандай қауіпсіздік ережелерін білесіңдер?
5. Жұмыс соңындағы қауіпсіздік ережелері?
33 145
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Информатикадан қысқа мерзімді жоспарлар
Информатикадан қысқа мерзімді жоспарлар
Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру тәсілдерімен танысады; Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тапсырма орындауда тиімді пайдаланады. Компьютерде дұрыс жұмыс істеу ережесін ұстануға үйренеді.
Жұмбақтар жинағы. Техника
Жұмбақтар жинағы. Техника
Жұмбақтар жинағы Техника
Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады: 1. Жалпы 2. ДК - де жұмысты бастау алдында 3. Жұмыс істеу кезінде 4. Жұмысты аяқтағанда 5. Авариялық жағдайларда
Информатикадан қысқы және орта мерзімді жоспар
Информатикадан қысқы және орта мерзімді жоспар
Астана қаласы, №48 мектеп - лицейдің информатика пәнінің мұғалімі Өмірзақов Нұржан Тұтқабайұлы
Информатика 11 сынып
Информатика 11 сынып
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру. Есептеуіш техникамен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасымен танысу. Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, көз талғанда жасалатын жаттығулармен танысады.
Тігін машинасымен жұмыс істеу
Тігін машинасымен жұмыс істеу
Түркістан қаласы, Ататүрік атындағы №17 мектеп гимназия Домаева Ақмарал Абдикаримовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×