Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Электр - магниттік жүйелі аспаптар

21 маусым 2013, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Сабақтың тақырыбы: Электр - магниттік жүйелі аспаптар
Сабақтың мақсаты: Электр - магниттік жүйелі аспаптардың құрылысымен, жұмыс істеу принципімен танысу және қолдана білу;
Сабақтың міндеттері:
білімділік: оқушылардың электр магниттік жүйелі аспаптар туралы білім - білік дағдыларын қалыптастыру; олардың практикалық маңызын ұғындыру.
дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін дамыту; сөйлеу шеберлігін, ой ұшқырлығын қалыптастыру, анықтама беру, ерекшелігін нақтылау
тәрбиелік: еңбекке баулу, адамгершілікке тәрбиелеу; ғылымға қызығушылықтарын және мамандыққа сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер:
сұрақ - жауап, жеке тапсырмалармен жұмыс, тест ‘‘Кім жылдам?” «Дайындығың қалай?», «Ой қозғау» стратегиясы.
Пән аралыќ байланыс: Физика «Электр өлшеуіш приборлар», «Электромагниттік аспаптар».
Көрнекіліктер: Плакат «Электр өлшеуіш аспаптар», «Электромагниттік жүйелі аспаптар», «Сөзжұмбақ», электр өлшеуіш аспаптың қозғалмалы бөлігі, амперметр, волтьметр, электромагнит.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Өткен сабақты пысықтау
Есептер шығару
Тест «Кім жылдам»
Жаңа сабақты түсіндіру
Қорытындылау
Соз жұмбақ «Электромагнит»
Үйге тапсырма
Бағалау

Жаңа сабақты меңгерту
Электромагниттік өлшеуіш аспаптарын тұрақты немесе айнымалы ток тізбектеріндегі кернеуді немесе токты өлшеуге қолданады. Қаралып отырған түрдегі аспаптарды өндіріс екі құрылымдық түрде: жазық және дөңгелек орауышты (катушкалы) түрінде жасайды.
Жазық орауышты электр - магниттік аспаптардың жұмысы ферромагниттік өзекшенің тогы бар орауыштың ішіне тартылатын принципіне негізделген. Мұндай аспап (64 - сурет) негізгі қаңқаға оралған саңылауы бар орауыштан тұрады. Аспаптың қозғалмалы бөлігі нұсқама тілі бар
1 біліктен, симметриясыз бекітілген өзекшеден 2, және қайтарушы серіппеден 3 тұрады. Нұсқама тіл өзінің орнықты қалпына қарағанда тез тынышталуы үшін ауалық тежеуіші бар тыныштандырғыш 4 қолданылады.
(сурет)
Аспапты электр желісіне қосқанда орауыш арқылы ток жүреді, пайда болған магнит өрісі өзекшені орауыштың ішіне тартады. Өзекше білікке симметриясыз бекітілгендіктен аспаптың қозғалмалы бөлігі бір бұрышқа бұрылады. Қозғалмалы бөлік ток тудырған айналмалы момент пен, спираль серіппесінің қарсы әрекет моменті тепе - тең болғанша бұрылады.

Электр - магниттік волтьметрлерде орауыш орамдарының саны үлкен болып, 2000 - 10000 - га жетеді. Орам сымының диаметрі 0, 08 - 0, 1 мм болады. Амперметрлердің орауыштары қималары дөңгелек немесе таспа тәріздес жуан мыс сымдардан жасалынады да олардың орам сандары көп болмайды. Сыртқы магнит өрістері электр - магниттік аспаптың жұмысына үлкен әсерін тигізеді, бірақ оны ферромагниттік қапталмалы арқылы бәсеңдетуге болады.

Дөңгелек орауышты аспаптың (65 - сурет) ішіне нұсқама тілімен бірге аспап осіне бекем орнатылған жылжымалы 1, және қозғалмайтын екі өзекше орнатылған. Орауышпен 3ток жүргенде магнит өрісі қоздырылады, өзекшелердің екі ұштары аттас полярлықпен магниттеледі, аттас полюстердің бір - бірінен тебілуі айналмалы момент туғызады. Қозғалмалы өзекше 1 қозғалмайтын өзекшеден 4 тебіліп нұсқама тілді білікті белгілі бір бұрышқа бұрады. Сыртқы магнит өрістерінің әсерін әлсірету үшін орауышқа ферромагниттік экранды 2 кигізеді. Аспап магнит тынышталдырғышымен 5 жабдықталған.

Электр - магниттік аспаптарының артықшылықтарына олардың қарапайымдылығы, арзандығы, пайдаланудағы сенімділігі, қысқа мерзімдік артық жүк түсіміне шыдамдылығы және тұрақты және айнымалы ток тізбектерінде өлшеулер жүргізуге жарайтындығы жатады. Электр - магниттік жүйедегі аспаптардың кемшіліктеріне дәлдігінің салыстырмалы аздығы (дәлдік класы1; 1, 5; 2, 5), шкалаларының біркелкісіздігі, үлкен қуат жұмсайтындығы, көрсетімінің ток жиелігіне байланыстылығы және сыртқы магнит өрістерінің көрсететін ықпалы жатады.

Сөз жұмбак “Электромагнит”

Сұрақтар
1. Электр және магнит құбылыстарын зерттейтін бөлім
2. Периодқа кері шама
3. Уақыттың ең қысқа интервалы
4. Арасында диэлектрлік қабаты бар 2 металл пластинадан тұратын құрылғы қалай аталады?
5. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын электр машинасы
6. Егер энергия тұтынушының кернеуі бір элементтің кернеуіне тең болса, онда элементтерді қалай жалғайды?
7. Бір кернеудегі айнымалы токты, сол жиіліктегі айнымалы токтың екінші кернеуіне түрлендіретін аппарат
8

9. Периодтың ішінде қабылдайтын шаманың мәні
10. Кедергіге кері шама
11. Q=I ²R ▲t
12Аздап күкірт қышқылы қосылған су қалай аталады?
13. Үш немесе одан да көп тармақтың қиылысу нүктесі

Үйге тапсырма
Қорытындылау
Бағалау
15 890
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі. Тогы бар шарғының магнит өрісі. Электромагниттер. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекеті. Электрқозғалтқыш. Электрөлшеуіш аспаптар.
Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі. Тогы бар шарғының магнит өрісі. Электромагниттер. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекеті. Электрқозғалтқыш. Электрөлшеуіш аспаптар.
Тоғы бар өткізгіштің және тогы бар шарғының магнит өрісі болатынын түсіндіру, электромагнитті пайдалануға болатынын білу. Электрқозғалтқыш, электр өлшеуіш аспаптар ұғымдарын қалыптастыру және жұмыс істеу принциптерімен таныстыру, магнит өрісінің
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіш және өткізбейтіндерді күнделікті өмірде және өндірістерде қолдана білуге үйрету.
Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр өрісіндегі диэлектриктер
Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр өрісіндегі диэлектриктер
Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр өрісіндегі диэлектриктер. Оқушылардың электр өрісіндегі өткізгіштер, электр өрісіндегі диэлектриктер түсініктерін қалыптастыру.
Электр магниттік жүйелі өлшеуіш аспаптар
Электр магниттік жүйелі өлшеуіш аспаптар
Аленова Алтынай Жаулықызы №1 Ақтөбе кәсіптік лицейінің электротехника пәні оқытушысы
Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі
Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп – гимназияның физика пәні мұғалімі Тулеушова Асел Бақытжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×