Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім беруде қазақстандық патриотизмнің құндылықтарын қалыптастыру

07 шілде 2013, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Білім беруде қазақстандық патриотизмнің құндылықтарын қалыптастыру

“Қазақ баласын ұлтжандылық, отаншылдық сезімде тәрбиелеу, білім берудің мектепке дейінгі
жүйесінен жоғарғы оқу орнына дейінгі барлық ұйымдардың міндеті. XXI ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте болған халық қана тұтастығын сақтап қала алады.” (Н. Ә. Назарбаев)

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2007жылғы “Ұлы мұраттар ұлы ниеттерден бастау алады немесе дамушы мемлекеттен - дамыған елдерге” атты Қазақстан халқына жолдауындағы “Қазақстан патриотизм мен саяси ерік - жігер - жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары” атты тарауында “ Біз осы таяуда ғана Тәуелсіздігімізді атап өттік. Өткен жолымыз лайықты болды, ал біздің бірлескен шешімдеріміз бен тындырған ісіміздің нәтижелері таңданарлықтай болды. Мұның бәрі де, жаңа жалпы қазақстандық патриотизмнің ірге тасын қалап, біздің Отанымыздың, біздің барша көпұлтты және көп конфессиялы қоғамымыздың, біздің балаларымыздың тамаша келешегі бар екеніне негізді мақтаныш пен сенімділікті туындатады”, деп Қазақстандық патриотизм жаңа Қазақстанды құрудың негізгі тірегі екеніне тоқтала отырып, халық өзінің ерік - жігерін тарихи ауқымдағы жобаларды іске асыру үшін жұмылдырған кезде жаңа даму деңгейіне жалпы қазақстандық патриотизмнің іргесі қаланатынын атап көрсетеді. Көп ұлтты Қазақстан халқы үшін Отансүйгіштік сезімінің рухани саладағы тату - тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттік материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар. Отансүйгіштік рух - қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден - бір күш.

Қазіргі кезде республикамыздың егемендігі мен бейбітшілігін сақтауда тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән беріліп отырғандығы Қазақстан Республикасы конституциясында, Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік “Білім” бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентінің республика халқына жолдауларында, Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мәдени - этникалық білім беру тұжырымдамаларында,“Адам құқық - тарының жалпыға бірдей декларациясында ”,“Бала құқығы туралы декларацияда”, үкіметтің құжаттарында және ағымдағы басылым беттерінде айқын аңғарылады.

Бүгінгі таңда патриотизм ұғымы тек мемлекеттік тұрғыда ғана емес, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен тыныштықты сақтау мәселесі тұрғысынан қарастырылады. Қазақстандық патриотизмді әлемдік тыныштық пен бейбітшілікті сақтаудың негізгі бір тұғыры деп айтуға болады. Еліміздің алғашқылардың бірі болып ядролық қарудан бас тартуы, сынақ алаңдарын жабуы, бұл әлемдік бейбітшілікті сақтауға жасалған негізгі қадам болып табылады.

Патриотизмнің қалыптасуының тарихи алғы шарттары ежелгі сақ, ғұн, Түркі қағанаты, Алтын Орда, XYI - XYIII ғ. ғ., XIX ғасырдың басындағы ұлт - азаттық көтеріліс, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде негізі қаланып, 1986 жылғы қазақ жастарының еліміздің тәуелсіздігі үшін күресі арқылы жалғасын тауып, бүгінгі еліміздің дамуы үшін өз үлестерін қосып жатқан Қазақстан халықтарының еңбектерінен көрініс тауып жатыр. Бүгінгі мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің мазмұны: әр азамат тың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну, мемлекеттік рәміздеріне, мемлекеттік тілге, тарихқа, мәдениетке құрметпен қарау, сонымен қатар өзге ұлтты, олардың салтына, дәстүріне, мәдениетіне құрметпен қарау.

Тәрбиенің заңдылықтарына сүйене отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру жүйесі“мектеп - отбасы - әлеуметтік ортаны” кіріктіре отырып, сабақ үрдісіндегі және сабақтан тыс уақытта тығыз байланыста жүргізілуі тиіс. Жеке тұлғаның бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға байланысты сабақта және сабақтан тыс уақытта шараларды жүргізу бары - сында алдыма төмендегідей мақсат қойдым: пән сабақтарындағы білім мазмұны мен сыныптан тыс уақыттағы жүргізілетін тәрбие жұмыстарын өзара байланыстыра, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардан білім мен тәрбие бере отырып, елін, жерін сүйетін және оны қорғай білетін патриот - азамат тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыруда негізгі міндеттер:

- тұлғаның патриоттық құндылықтарын қалыптастыру;
- ұлттық ерлік дәстүрлерден, әдет - ғұрыптардан нәр ала отырып, туған елге, жерге, ана тілге деген сезімдерін, Отанға деген сүйіспеншілігін туғызып, дамытып, қалыптастыру;
- ұлттық рәміздердің пайда болуы және олардың шығу тарихын біле отырып, еліміздің рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасының тұтастығын сақтайтын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтатын азамат тәрбиелеу.

Ұрпақтарымызды парасатты да бойында азаматтық намысы бар елін, жерін сүйетін азамат етіп өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық дамудың негізін келешек ұрпақ тәрбиесіне бағыттауымыз қажет. Бұл бағытта тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені ол бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тәрбиесін баяндайды. Тарих сабағы оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастырады, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелейді.

Мысалы:“Біздің өлке - Қазақстан Республикасы ” тақырыбын өткенде “Отан” ұғымына кеңірек тоқталып, Отан дегеніміз адамның туып өскен жері, туған туысқандарымен бірге тұратын атамекені. Елінің кеңдігі, байлығы туралы білгенде мақтаныш сезімі оянып, білуге құштарлығы артады. Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеуде патриоттық тақырыптардағы өлең жолдарын оқыту, мақал - мәтел айтқызу үлкен роль атқарады. Сабақта өлкенің, туған ауылдың тарихын оқыту, мұражай деректеріне сүйену, отаншылдық сезімді тереңдетеді.

“Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында” тақырыбында еліміздің, туған ауылымыздың жеңіске қосқан үлесі туралы деректерді пайдаландым.“Бөкей ордасындағы Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс” тақырыптарында өлке тарихына тереңірек үңіліп, көтеріліс басшылары туралы жазылған еңбектерден сілтеме бере отырып, оқушы бойында мақтаныш сезімін туғызу, асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіруді мақсат еттім.

Отанға қызмет ету әрбір жеке тұлғаның тарихтағы орыны мен еңбегінен олардың өшпес өнері мен ғұламаларының өсиеттерінен үлгі алған, солардан рухтанған ұрпақтарымыздың патриоттық күшімен өлшенеді. Екінің бірі тумысынан дара, ғұлама болмайды, оқудан, таңдау, үйренуден барып, адам өзін толыққанды етіп тәрбиелейді.

Қазақстандық патриотизм дегеніміз - қазақ мемлекетін Отаным деп сезіну, басқа ұлттың қазақ халқына сый - құрметпен қарауы, әр ұлттың құқықтық еркіндігін қуаттай, туған жерін көркейтуге, қорғауға дайын болуы. Жалпы патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесінен бастау алып, өсе келе мектепте әрі қарай дамып, жүзеге асады. Сондықтан орта мектептің бағдарламалары мен оқулықтарының ұлттық және қазақстандық патриотизм мүддесіне қызмет ететіндей мазмұнды болуы қажет.

Қорыта келгенде, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру оқушы бойындағы сана - сезімді, намысты, парызды қалыптастырумен қатар егемен еліміздің тәуелсіздігін, ынтымағын, бірлігін сақтап қала алатын патриот - азамат тәрбиелеуге толық мүмкіндігіміздің бар екендігі анық. Осы жолда сілтер бағытымыз, көрсетер жолымыз түзу болсын дегім келеді.
8 389
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Студенттерді патриоттық тәрбиелеу моделінің шеңберінде іс-шаралар өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар
Студенттерді патриоттық тәрбиелеу моделінің шеңберінде іс-шаралар өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар
Тәрбие мазмұнының қазақстандық компоненті 2006 - 2011 жылдарға арналған «ҚР білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасында» нақты анықталған, онда тәрбиенің басым бағыттарының бірі қазақстандық патриотизмді қалыптастыру болып табылады.
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария етілді.
Білім беруді жаңғырту жағдайында АӘД сабақтарында патриоттық тәрбие беру
Білім беруді жаңғырту жағдайында АӘД сабақтарында патриоттық тәрбие беру
Білім беруді жаңғырту жағдайында АӘД сабақтарында патриоттық тәрбие беру
Балаларға патриоттық тәрбие беру мәселесі
Балаларға патриоттық тәрбие беру мәселесі
Балаларға патриоттық тәрбие беру мәселесі
Оқу үрдісіндегі қазақ тілінің ағылшын тіліне әсері
Оқу үрдісіндегі қазақ тілінің ағылшын тіліне әсері
Қызылорда қаласы, Жалағаш ауданы, №201 орта мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Прманова Әйгерім
Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономика, бизнес және құқық колледжінің А.Ә.Д. пәнінің оқытушысы Жумабеков Бейбіт Кайыржанович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×