Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дене тәрбиесін ұйымдастырудағы өзекті мәселе

28 шілде 2013, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Дене тәрбиесін ұйымдастырудағы өзекті мәселе
Дене тәрбиесінің мақсаты денсаулығы мықты, рухы сергек, Отанын қорғауға және ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыру болып табылады.
Осы жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде ұстаздың жеке басының рөлі ерекше, Бұл туралы кезінде орыстың атақты педагогы К. Д. Ушинский: «Сөз жоқ, көп нәрсе оқу орындарындағы жалпы тәртіпке байланысты, бірақ ең негізгісі тәрбиеленушімен тікелей қарым - қатынаста болатын тәрбиешінің жеке басының жас жанға ықпал етуі оқулықпен де, моральдық ақыл айтумен де жазалау және мадақтау жүйелерімен де алмастыруға болмайтын тәрбиелеуші күш болып табылады» - деген болатын. Бұл айтылғандар дене тәрбиесі жетекшілеріне де түгелдей қатысты.

Дегенмен, бұл талаптардың үдесінен шығу жеңіл - желпі, өздігінен бола қалатын шаруа емес. Бұл міндеттерді ойдағыдай орындау үшін дене тәрбиесі жетекшілеріне бар ынта мен жұмыс істеуге, ізденуге тура келеді.
Әсіресе, халқымыздың тарихи - мәдени мұралардың ішіндегі ерекше орын алатын салалардың бірі – қазақтың ұлттық ойындарын сабақта пайдалану. Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға бай екендігін тарихтан белгілі. Қазіргі кезеңде ұлттық ойындарды болашақ ұрпақтар мен замандастар оқып, санасында сақтап, үйреніп, күнделікті өміріңде қолданып, дене күштерін арттыруға бірден – бір себепші болатындығы айғақ. Ұлттық ойындармен танысып, ата бабаларымыздың психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салып, ұрпақтан - ұрпаққа дарыған дәстүрі мен жалғасын өрістете отырып, өткен мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне сыныпта оқыту мен тәрбие беру барысында денсаулық сақтау межесіне жету мақсатын көздеуге, оны іс жүзіне асыруға бар ерік - күшін жұмылдыру, сөйтіп мәңгүрттік атауға тосқауыл қоюларына мүмкіндік береді. Халқымыздың перзенттерінің бірі ХХ ғасырдың аса көрнекті жазушысы М. О. Әуезов: Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтығын алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған,- деп тегіннен тегін айтпаған. Өйткені Мұхтар Әуезов бұл пікірін өзі өмір сүрген ортасынан алған топшылауы ғана емес, теориялық қағидаларға сүйеніп жасалған тұжырымдама демекпіз. Негізінде ұлт ойындары халқымыздың әлеуметтік - экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанын қазақ халқының ұлттық ойындарының алдына қойған мақсат - міндеттерінен, құрылымынан, мазмұндық ерекшеліктерінен байқағанбыз.

Олар ұлтымыздың көші-қоны тұрмыс жағдайларына, үйлесімді жасалғандай әсер қалдырады. Олай дейтініміз осы ойындардың көпшілігі сол көшпелі тұрмысқа лайықталып, арнайы материялық әзірліксіз ойнай беретіндігінде ғана емес, сонымен бірге халықтың арнайы материялық әзірліксіз ойнай бертіндігіне ғана емес, сонымен бірге психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты екендігіне көзіміз жетті.
Қазақ халқының тарихи көне жырларының, эпостары мен лиро - эпостарының қай - қайсысын алып қарасаң да, олардың өң бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдет - ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз, осы жырларымен эпостардың басты кейіпкерлері - болашақ ел қорғаушылары: батыр, сарбаз, би - сұлтандар, ел ардагерлері мен қайраткерлері ойын үстінде өсіп отырады.
Қимыл - қозғалыс, ұлттық ойындардың маңызы жайлы теориялық та, сондай - ақ, әдістемелік сипаттар көптеген отандық әдебиеттерде бар. Ондай ойынның рөлі, оның таралуы, әр түрлі халықтарға ойын фольклорының ұқсастықтары мен айырмашылықтары, әдістемелік ерекшеліктеріне қарастырылады.
Дене тәрбиесінің теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеуші Т. Ш. Қуаныш «... ойын – тәрбиенің кешенді құрылымының бірі болып табылады: ол жан - жақты дене даярлығына, организм функциясын, ойнаушылардың мінез - құлық белгілерін жетілдірілдіруге бағытталған»,- деп жазады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 120
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Дене шынықтыру сабағын жаңа технология бойынша өткізу әдістері»
«Дене шынықтыру сабағын жаңа технология бойынша өткізу әдістері»
Бүгінде білім - қоғамның әлеуметтік - экономикалық, интеллектуалдық және рухани дамуының стратегиялық бағдары ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамымыздың қауіпсіздігінің кепілі.
Дені сау бала – болашақ жемісі
Дені сау бала – болашақ жемісі
Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек.
Тәрбие теориясы бөлімін қайталау
Тәрбие теориясы бөлімін қайталау
Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде арнайы пәндер оқытушысы Турагулова Балжума Темирбековна
Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттары
Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттары
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Қаскелең қосалқы мектеп - интернатының тәрбиешісі Бекмагамбетова Айткул Сейтеновна
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары (бастауыш сынып)
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары (бастауыш сынып)
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ дене шынықтыру пәні мұғалімі Токов Мухит Касымович
3 сағаттық дене тәрбиесімен айналысуды ұйымдастырудағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене қасиеттерінің дамуы
3 сағаттық дене тәрбиесімен айналысуды ұйымдастырудағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене қасиеттерінің дамуы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Мамытов Берик Кудабаевич
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×