Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Назарбаев зияткерлік мектебінің білім сатысы оқуы

25 қазан 2013, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Қазақстан Республикасы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену жолында. ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры. Оқушылардың білім сапасын көтеру – қазіргі өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан да осы салада батыл қадамдар жасалып, өзгерістер енгізілуде. Осындай игі істердің бірі - Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) зерделеу. Бұл бағдарламада оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, оқуға қабілетін жақсартады. Білім беру негізін түсіну, ойлануға жүйелі білім беру, өзінің шығармашылық жұмысын жетілдіріп отыру, кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы, ақпараттық – коммуникациялық технологияны дұрыс меңгеру қажет. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мен мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мән – мәтінмен өзара байланыста қарастырылады.

Егемен, Тәуелсіз еліміздің болашағы жастардың қолында. Әйтсе де оған дұрыс бағыт бағдар берушінің бірі ата – ана болса, тағы бірі ол – біз, яғни мұғалім. Осы өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім. Мектеп жұмыс пен оқушы жетістіктерін өрістеуіндегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болу үшін әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан - жақты білікті болуды талап етеді.

Бағдарламаның жетекші мақсаты әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтарының негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; екіншіден – жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпал тигізетін сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қамтиды. Аталған бағдарлама идеясы сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған.

1 - модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс – тәсілдері оқу бағдарламасының басты мақсаты деп білемін. Сыныпты топқа бөліп оқыту, ережеге, уақытқа бағыну, постер қорғату. Біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік – сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой – пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 523
0
  • 20
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Көпмүше. Көпмүшенің стандарт түрі, дәрежесі
Көпмүше. Көпмүшенің стандарт түрі, дәрежесі
Кіріспе Жалпы білім саласында болып жатқан өзгерістер мен қабылданып жатқан заңдар, оқыту мен оқуға өзгеріс енгізілуі жайында біршама хабарым бар еді.
Рефлексивті есеп /соңғы 2 жыл бойынша/
Рефлексивті есеп /соңғы 2 жыл бойынша/
2013 жылы тамыз айында Орджоникидзе ОМГ - да деңгейлік курсты бітірген мұғалімдерге сертификаттар табыс етілді. Біз мектепте 3 мұғалім үшінші деңгей бойынша сертификаттарымызды алып, алға атқару үшін мақсаттар мен міндеттер қойдық.
ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші деңгей бағдарламасы бойынша тест сұрақтары жауабымен
ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші деңгей бағдарламасы бойынша тест сұрақтары жауабымен
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Полатова Айнұр Мүслімбекқы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының ағылшын тілі мұғалімі Абибуллаева Жазира
Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру
Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру
Қарағанды қаласы, Абай ауданы, Южный кенті №9 балабақша - мектеп кешені бастауыш сынып мұғалімі Халым Айгул
Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - білім сапасының кепілі
Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - білім сапасының кепілі
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жаңа өмір ауылы Шаған жалпы орта білім беретін мектебі коррекциялық /түзете-дамыта оқыту/ сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна

Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.