Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу

18 қараша 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу

Оқушылардың тілін дамыту негізінде баланың сөздік қорын дамыту, жаңа сөздермен таныстырып, ойын дұрыс, жүйелі айтып беруге, сөйлей білуге үйретуді мақсат тұтамыз. Осы үш процесті күнделікті өтілетін грамматикалық тақырыппен байланысты, біртұтас жүргізіп отыру нәтижесінде тіл дамыту жұмысы мақсатына жетеді.
Оқушылардың тілін дамыту барысында сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем, сөйлемнен күрделі ой, күрделі ойдан әңгіме, шығарма құрастыруға дейін сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға, айтқанын жазбаша түрде жеткізе білуге дағдыландыру жолындағы әдістерді қажет етеді.
Оқушының ауызша сөйлеу тілін дамытудың барлық пәндерге бірдей ортақ қатысы бар. Сондықтан оқушының сөздік қорын байыту, сөйлеу, жазу тілін дамытуға барлық мұғалімдер жауапкершілікпен қараған дұрыс.
Ауызша тіл дамыту әдістері мынадай жүйеде жүргізіледі:
1. Ауызша суреттеп сөйлеу әдісі
Табиғат көрінісін, суреттен көргенін, көрмеден, түрлі мәдени орындардан алған әсерін, жанды - жансыз заттарды көз алдында тұрғандай етіп суреттеп баяндауға дағдыландырады. Суреттеп сөйлеуге баулуда оқушы жауапкершілігі артады. Себебі бір нәрсені суреттеуде, сол заттың белгілері мен ерекшеліктерін айтуда оқушы әр ұғымның атауын іздестіріп, сөздік қорын байытады.
2. Мәтін оқу әдісі
Мәтін оқу ауызша, жазбаша, тіл дамыту жұмыстарына ортақ категория. Мәтін оқу, мәтінді мазмұндау оқушы тілін дамыту жұмыстарының әдіс - тәсілдерінің бірінен саналады.
3. Ойдан әңгіме, өлең шығарту әдістері
Оқушылар қиялға өте бай келеді. Сондықтан оқушыларға өз қиялдарынан шағын әңгіме, ертегі айтқызып, өлең шығарту жұмысы жүргізіледі. Бұл оқушылардың ауызша, жазбаша тілін дамытады. Оқушы тілін дамытуда жазбаша жұмыстар басты роль атқарады.
4. Жазбаша жұмыстарды:
1) Хабарлау
2) Баяндау
3) Әңгімелеу әдістері түрінде жүргізуге болады.
Оқушы тілін дамытуға еркін тақырыптар ұсынуға немесе сұраққа жауап бергізу арқылы да әңгіме жаздыруға болады. Оқушы тілін дамытудың негізгі объектісі – шығарма жаздыру. Оқушыға шығарма жазғызудағы мақсат - оның ойын, пікірін әдеби тілмен жатық, сауатты жаза білуге және шығармашылық ізденіске баулу, логикалық ой - өрісін кеңейтуге машықтандыру болып табылады.
5. Түрлі - түсті суреттер немесе өз ортасына байланысты баяндау әдісі
Бұл әдістер арқылы ауызша және жазбаша баяндау негізінде сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға мүмкіндік туады. Өз ортасына байланысты «Менің досым», «Менің әкем», «Менің күшігім» т. б.
6. Мәнерлеп оқу әдісі
Тіл дамыту әдісінің бір түрі мәнерлеп оқу. Мұның пайдалы жағы оқушылар сөйлеу тілі мен әдеби тілдік норманы сақтап оқуға төселеді. Поэзияны сүюге, сөз байлығын еркінше пайдаланып, жүйелеп айту шеберлігін жетілдіруге үлкен септігін тигізеді. «Қай ертегіде кездесемін?», «Мені білесің бе?» деп алып кейіпкерлердің үлкейтіп салынған суреттерін көрсету арқылы кім екенін, қай ертегіде кездесетінін айтқызып, мінездеме бергізу арқылы білгендерін ауызша жеткізе білуге үйрету жұмысы да тіл дамытудың негізгі бір жолы. Мұның өзі оқушылардың көркем шығарма оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға көмектеседі. Ең бастысы оқушылардың өзін сөйлету арқылы сөйлеу тілдері дамиды. Жаттау, мәнерлеп оқу, мазмұнын айта білу, сұрау - тапсырмаларға жауап жазу, кейіпкерлерге мінездеме бере отырып, салыстырмалы әдіске негізделіп жазылған үлеспелі кестелерді толтыру т. б. Әдістер үзбей ақтарылып отырса, жақсы нәтиже берері сөзсіз.
Ойды көрікті, мағыналы етіп жеткізуде сөздікпен жұмыс жасаудың септігі мол. Түсінігі қиын сөз, сөз тіркестерін түсіндіру арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту. Сөздік жұмысын үзбей қолдану барысында көркемдегіш ерекшеліктерді танытудағы басты мақсат сөздік қорды жаңа бейнелі сөздермен, сөз тіркестерімен толықтыру негізінде дамыту.
Қорыта айтқанда, қандай пән, қандай сабақ түр болсын тіл дамыту, сөздік қорды байыту үнемі жүргізіліп отыратын жұмыс.
Өкінішке орай, кейде басқа пән мұғалімдері тіл дамытуды қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне тән мәселе деп қарап, оқушы тілін дамытуға онша көңіл бөлмейді. Оқушының ой - өрісін кеңейту, тілін дамыту, сөз байлығын молайту барлық пән мұғалімдерінің айрықша көңіл бөлетін мәселесі болу керек. Сондықтан мектепте түрлі әдіс - тәсілдерді, мүмкіндіктерді пайдаланып, оқушының тілін дамытуға, тіл байлығын, тіл мәдениетін арттырып, тәрбиелеуге үлкен мән берген жөн.
Ана тілді жетік білу, қастерлеу, ардақ тұту да осыдан келіп шығады.
25 283
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сынып оқушыларының жазбаша тілін дамыту мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларының жазбаша тілін дамыту мәселелері
Қай тілде болса да жатық сөйлеп, сауатты жазу үшін, сөздерді бір - бірімен байланыстырып сөйлеу білу қажет. Ол тіл дамыту жұмыстарының алуан түрлерімен ұштасады.
Бала тілін дамытуда тілдің грамматикалық құрылымының маңызы
Бала тілін дамытуда тілдің грамматикалық құрылымының маңызы
Балабақшада тәрбиеленіп жүрген баланың тілі де, ой - өрісі де үйде жалғыз жүріп өскен баладан анағұрлым жақсы дамиды. Онда баланың тілін жаттықтырып, ой - өрісін дамытуға көп көңіл бөлінеді.
Тіл негізі - ой дамыту
Тіл негізі - ой дамыту
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, № 14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бикбусенова Ғалия
Оқушылардың сөздік қорларын дамытып, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру
Оқушылардың сөздік қорларын дамытып, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру
Екібастуз қаласы, "№11 жалпы орта білім беретін мектеп" ММ - нің бастауыш сынып мұғалімі Смагулова Ботагөз Мейрамовна
Оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін дамыту
Оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін дамыту
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Көксу ауылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Эльмира Хасенова
Сөздік жұмысы арқылы оқушылардың тілі мен ойлауын дамытудың жолдары
Сөздік жұмысы арқылы оқушылардың тілі мен ойлауын дамытудың жолдары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті №216 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлдана Сансызбаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×