Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік тәтті сөз

14 қаңтар 2014, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
ТӘУЕЛСІЗДІК ТӘТТІ СӨЗ

Тәуелсіздік – кез келген ел үшін жаңа сатыға көтерілу мен қайта түлеудің, гүлденіп дамудың тың қадамы, елеулі тарихи кезеңі. Алтайдан Атырауға дейінгі кең байтақ өлкемізді cан жылдар бойы отарлықтың құрсауында ұстаған кеңестік империя күйрегеннен кейін Қазақ елі еркіндікке қол жеткізді. Алғашқы Конституциямыз бекітіліп, республикалық мемлекеттілігімізді заңдастырған кезден бастап, дербестіктің игілігін сезіне бастадық.

Қазақ елі - әлемдегі ежелгі тарихи терең тамырлы елдердің бірі. Бүгінгі таңда гүлденіп дамуы мен ғылыми - технологиялық жағынан әлемде танымал кейбір елдердің өзі бізден кейін пайда болған мемлекеттер. Сонау Сақ, Ғұн дәуірінен бастап, ежелгі түрік қағанатының балбал тасқа қашалған дерек көздерінен негізге алып, таратсақ тарихымыздың тамыры тереңде жатқанына көз жеткізуге болады.

Көшпенділердің біріккен мемлекеті құрамынан бөлініп шығып, Қазақ елінің жеке шаңырақ көтеруіне Керей мен Жәнібек ханның қосқан тарихи рөлі айтарлықтай. Ел басқарудың, тұрақты әрі бейбіт қоғам қалыптастырудың озық әрі әлемнің ешбір елінде кездеспеген ғажайып үлгісін жасады. Оның айқын дәлелі ретінде көшпенді ру тайпалардың сотсыз, абақтысыз, сақшысыз ел басқарып, «Жеті Жарғы», «Есім занның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы» секілді құжаттарымен қоғамдық қатынасты үйлестірулері еді. Шешен билердің бір ауыз сөзіне тоқтап, «Күлтөбенің басындағы күнде кеңесте» айтылған ақсақалдар шешімінің алдында ханның да, қараша халықтың да тең ерікті болуы биік өркениетке жеткен ешбір елде болмаған озық ойлы ақылды жұртқа лайық үрдіс болатын.

Шындық сөзге, әділ іске жаппай мойынсынатын әлеуметтік адал үрдіс қалыптасып, ұлттың өзіне тән дала демократиясының құндылықтары өмірге енді. Сайын даланы көсіле жайлап, күзеген, қыстаған халық өзара жиі араласып - құраласып, құда - құдандалы, нағашы - жиен сынды қарға тамырлы біртұтас қазақ ұлты болып ұйысуларының арқасында үш жүз қаймағы бұзылмаған, ешбір диалектісіз бір тілде сөйлеп, ортақ салт пен дәстүрді қалыптастырды. Қазіргі күні кейбір көрші елдеріміздің өзінде қатар тұрған екі қала тұрғындары өзара тілмашсыз тіл табыса алмайтыны белгілі. Айталық, Пекин мен Шаңқайда тұратын ұлты бір екі ханзу екі бөлек тілде сөйлейді. Сол секілді Дағыстан өлкесіндегі Қап тауының әр сайларын мекендеген түбі бір туыс тұрғындардың арасында бір қыстақтың тілін екіншісі түсінбейді. Шағын ғана территорияны мекендеген осы елдегі қандас бауыр жерлестер өзара алты тілге бөлінген.

Олай болса, әрқайсы бір бір мемлекетке татитын қазақтың үш жүзі мен сан ондаған рулары біртұтас салт - дәстүрге бағынып, ортақ бір тілде сөйлеседі. Осының өзі - ақ біздің ел болып ұйысуға, түйілген жұдырықтай бірлікке жұмыла алатын ерекше қабілеттілігімізді айғақтайды. Сан ғасыр бойы ардақтаған ана тіліміз алуан түрлі сынақтан өтсе де өзінің қаймағын бұзбай бүгінге дейін саф алтындай сақталып, тәуелсіздікке жетті.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 369
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, мемлекеттік дәрежеге көтерілуі, саяси тарихы, билеушілері туралы мағлұмат беру.
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы Конспект 15 ғасырда қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлерді қоныстанды. Қоңыраттар Түркістан мен Қаратау аралығын мекендеген. Арғындар Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстанда қоныс
Батыс Түрік қағанаты (603 - 704 жылдар)
Батыс Түрік қағанаты (603 - 704 жылдар)
Батыс Түрік қағанаты (603 - 704 жылдар) Конспект Қазақстан аумағында 603 жылы Батыс Түрік қағанаты құрылды. Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты. Ол Жамбыл облысында Қаратаудың
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Абай атындағы орта мектебі» ММ тарих пәні мұғалімі К. Мусаева
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған аграрлық – технологиялық коледжінің тарих - география пәнінің мұғалімі Ибадуллаев Махамбетхали
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×