Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу – еліміздің ертеңін ойлау

09 мам 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу – еліміздің ертеңін ойлау

Биылғы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы өмірдің барлық саласын қамтыды. Соның ішінде тоқтала кететін жайт, мемлекетіміздің ең басты байлығы – адам капиталының сапалы өсуі мәселесі.

Сапа дегенде тек қана адамның білімі, тәрбиесі ғана емес, оның денсаулығы да қарастырылатындығы айқын. Дені сау азамат өз Отанын көркейту, дамыту және байыту үшін, алған сапалы білімі мен тәрбиесін пайдалана отырып, нәтижелі еңбек етеді. Адамзат тарихынан білетініміз қай елдің болмасын даму көрсеткіші халқының денсаулығы, білімі мен руханияты арқылы білінетіндігі.
Сондықтан әр ата-ана, мұғалім, тәрбиешінің алдында балалардың білім алуының сапасын көтеріп қана қоймай, оның өз денсаулығын сақтауын әрқашан назардан тыс қалдырмау міндеті тұр. Дені мен рухы сау азаматты тәрбиелеп, өсіруде біз ақпарат жетіспеушілігін сезінбеуіміз керек және ол ақпарат барынша нақты, сапалы, шынайы болғаны жөн.
Осы мақсатта Ресей еліне ғана емес бүкіл әлемге танымал психолог - дәрігер, академик Дмитрий Васильевич Колесовтың Москва қаласы, Дрофа баспасынан 2002жылы шыққан «Болезни поведения. Воспитание здорового образа жизни» атты ғылыми-танымдық басылымының аудармасынан үзінді келтіріліп отыр.

Дмитрий Васильевич Колесов – РАО-ның акдемигі, медицина ғылымдарының докторы, педиатр-дәрігер, психолог, ірі ғалымдардың бірі. Ол өмірінің соңына дейін адамзат өмірінің құпиясын ашуға тырысқан жан. Жазған еңбектерін қарапайым, жалпы оқырманға түсінікті тілмен жеткізе білген. Оның артында қалған еңбектері көп. Соның бірі «Болезни поведения. Воспитание здорового образа жизни» атты ғылыми-танымдық басылымы.
Бұл аудармада баланы жас кезінен бастап салауатты өмірге тәрбиелеу жолдары мен «жаман» әдеттерге, олардың зияндығына көзін жеткізе отырып, жиіркенішпен қарау, арылуға, сауығуға апаратын жолдар туралы берілген психолог әрі педиатр дәрігердің өз іс-тәжірибесінен жинақтаған нақты ақыл-кеңестері ұсынылып отыр.
Қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдер тәрбиесінде өте өзекті болып отырған салауатты өмір салтын насихаттауға арналған бұл басылымды ата-аналар, тәрбиешілер мен мұғалімдер, жалпы оқырман қауым салауатты өмір сүруге бастайтын ақыл - кеңес берер көмекші оқу құралы ретінде пайдалана алады.

Мазмұны
І. Ата-ананың ерте жастан баланы салауатты өмір сүруге тәрбиелеу арқылы мінез-құлқын тәрбиелеуі.
ІІ. Салауатты өмір сүруге кедергі келтіретін мінез-құлық ауруларының психологиялық негіздері
3. Ғылыми-танымдық басылымды қазақ тіліне аудару үшін қолданылған әдебиеттер.

І. Ата-ананың ерте жастан баланы салауатты өмір сүруге тәрбиелеу арқылы мінез-құлқын тәрбиелеуі.
Мінез-құлық ауруларының көзін міндетті түрде балалық шақтан іздейміз.
Адамның психикалық дамуы өмір бойы жүреді. Әсіресе алғашқы үш жылда қарқынды болады. Бала басқа адамдармен қарым-қатынаста бола отырып, қоғамда өмір сүре отырып қана «адамға» айнала алады. Бала қандай адам болып шығады, оған осы өскен ортасы әсер етеді. Ең бірінші көретін, тәрбие алатын адамдары әрине анасы мен әкесі. Әсіресе дүниеге келген алғашқы айлардың әсері мол. Анасымен болған сайын баланың өзі сабырлы, байсалды бола түседі.

Тәрбиенің келесі шарты: ата-ананың баласының мінез-құлықтарындағы ерекшеліктеріне, өзгерістеріне үнемі әрі уақытылы назар аударып отыруы: Құптау, құптамау, жұмсақ немесе қаттылау дауыспен өз пікірін білдіріп отыру.
Бұл құлықтық - имандылық тәрбиенің негізі десек болады. Қоршаған ортаның әсері арқылы имандылықтың өлшемі қалыптасады. Құлықтық - имандылық тәрбие баланың қоршаған ортадан алатын, көретін жағымды - жағымсыз байланыстар, әр түрлі жағдаяттарға байланысты беріледі.
Тәрбиенің тағы бір шарты: баланың мінез-құлқының бір жақты, бірегей бағалануы. Бала бірте-бірте болжау механизмін меңгереді: бұлай істесем - осылай болады, ал басқаша – басқа болады. Бұл механизм өз мінез-құлқының құлықтық - имандылығын реттеуші негіз болады.
Жасөспірімнің өзіне де ата-анасына да «жасөспірім шақ» қиын кезең болып есептеледі. Жылдам өсуі, соматикалық дамуы, жыныстық жетілуі және қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі, әсіресе өзге жыныс өкілімен қарым-қатынасының ерекшеленуі.

Осы кезеңде жасөспірімнің жалпы жағдайы, көңіл-күйі нашарлап, аурулары шиеленісуі мүмкін. Ең басты психологиялық қиындық: жасөспірімнің ата-анасымен қарым-қатынасының өзгеруі. Осы кезеңде бұрын алған тәрбиесінің кемшілік - ақаулары анықталып, көріне бастайды.
Ата-аналарға бірнеше тәрбиелік қызмет жүктелген:
- қорғау және моральдық қолдау,
- бақылау және көңіл-күйі, жалпы жағдайын қарау,
- қарым-қатынасының тұрақталуына жағдай жасау: қандай жағдайға түссе де, кіммен қарым-қатынас жасаса да туған үйі мен ата-анасы ол үшін әрдайым - құндылық болуы керек.

Қазақ тіліне аударған:Қызылорда қаласындағы
Мәншүк Мәметова атындағы гуманитарлық колледждің
РОӘБ әдіскері Даулетбаева Гүлзира

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 658
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Салауатты өмір – еліміздің болашағы
Салауатты өмір – еліміздің болашағы
Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы, денсаулықты сақтаудың бірден - бір дұрыс жолы зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру
Оқушылардың денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастыру мәселелері
Оқушылардың денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастыру мәселелері
Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан - жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері Құрметті қазақстандықтар! Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне
Денсаулық сақтау технологияларын сабақта қолдану
Денсаулық сақтау технологияларын сабақта қолдану
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылы. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мукантаева Нургуль Кайратовна
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №8 «Теремок»бала - бақшасы тәрбиешісі: Балдырова Бақыт Мейрамовна
Мектепте оқушының салауатты өмір сүру мәдениетін  қалыптастырудың ерекшеліктері
Мектепте оқушының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері
"Сымбат" жеке мектебі бастауыш сынып мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×