Баяндама: «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау жүйесін информатика пәнін оқытуда қолдану»
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай тың бағдарлама.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс - тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ – ны қолдану, коммуникативті қарым - қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс - тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану болып табылады.
Білім алушылардың күтілетін оқу нәтижелері жетістігін бағалау жүйесі білім беру мазмұнының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Жаңартылған орта білім беруді енгізу кезінде білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі қолданылады.
Қазақстан үшін жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушыларды оқуға ынталандыруға, қызығушылығын арттыруға, дамытуға бағытталған. Егер әр білім алушыға, оның ата - аналарына түсінікті анық, өлшемді бағалау критерийлері берілсе, бұған қол жеткізуге әбден болады.
Критериалды бағалау жүйесі жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау тәжірибесіне өзгерістер енгізудің негізін анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін, әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау жүйесін информатика пәнін оқытуда қолдану. жүктеу