Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шынықсаң шымыр боларсың

25 қараша 2016, Жұма
Тақырыбы: Шынықсаң шымыр боларсың
Мақсаты:
Балалардың дене бітімін үйлесімді дамытуға, тұлғасын дұрыс қалыптастыруға, бала денсаулығының мықты болуына, спортқа деген қызығушылығын оятып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Міндеттері:
Балалардың қозғалыс - қимылдарын жетілдіріп, дененің икемділік, шапшаңдылық, төзімділік қасиеттерін қалыптастыру.
Француз жазушысы: ”байлығын тер төгіп тапқан алтын емес”- халықтың байлығы мен күші – денсаулық деген екен.
Адамзат жаратылысынан бері табиғат қозғалыстың негізінде өмір сүріп, өсіп жетіліп отыратындығы белгілі. Дегенменде күнделікті тіршіліктегі табиғи қозғалыс, әрине ағзаның толық жетілуін қамтамасыз ете алмайтыны бізге мәлім. Сондықтан қосымша дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануымыз керек.
Белгілі дарын философия ғалымы: Аристотель өзіне тәжірибе жасау арқылы “жанды дене қозғалмаса өледі” деген тұжырымға келген. Ол өзіне жасаған тәжірибесінде күніне бірнеше сағат бойына 1 қолына батпан іліп,
2 - қолына қозғалтпай денесін байлап қойған. Батпан көтерген қолының күш - қуаты жетіліп, қозғалмаған қолы әлсіреп кеткен екен. Демек, денесінің бір мүшесі ауруға шалдықса, оны мүмкіндік болғанша әр адам өзінің шамасына қарай, бақылауы керек. Денсаулығын сақтау арқылы өмірдің ұзақтығын қамтамасыз ету әр адамның
өз қолында және оған жас кезінен бастап, спортпен шұғылданған дұрыс.
Қоғамдық тәрбиенің жалпы жүйесінде балалардың дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Дені сау, ішкі жан дүниесі кең адам бақытты адам, ол өзін өте жақсы сезінеді, істеген ісіне, жұмысынан күш алады, өзін - өзі жетілдіріп, дамытуға тырысып, жан дүниесінің сұлулығын аша біліп, баланың дене жағынан қалыптастырып, моральдық жағынан жетілуін, психикалық дамуына тығыз байланыста жұмыс жасадым. Өмірді қорғау мен денсаулықты нығайту, бала организмнің қызметін жетілдіріп, денесін қалыптасуына ықпал жасап, жұмыс қабілетін арттырып, дене жағынан тәрбиелеудегі басты міндетім.

Бұл міндеттерінің маңыздылығы: органдар мен жүйелердің тез өсуіне және дамуына қарамастан, олардың қызметі де жетілмеген, организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан сүйек және буын аралығы дұрыс әрі мерзімімен жетілуіне, бел омыртқа иіндерінің қалыптасуына, табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне ықпал жасауым қажет. Барлық бұлшықет топтарын, әсіресе жиырмалы бұлшықеттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуін, оның әртүрлі және тез өзгеріп тұратын ауыртпалықтарға бейімделу мүмкіндіктерін арттырып, тыныс алу тереңдігін мен ырғалықтылығына және қозғалыспен үйлестіру шеберлігін дамытуға мүмкіндікті дұрыс қолдану керек.
Басты міндет балалардың қозғалыстарын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және дененің икемділік, шапшаңдылық, төзімділік қасиеттерін арттыру. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене жағынан тәрбиелеу және тұлғасын дұрыс қалыптастырып, дене тәрбиесі балалардың ақыл - ой, адамгершілік ке, еңбек және эстетикалық тәрбие жағынан жүзеге асыру, балалардың сергек, шат көңіл және белсенді болуына ықпал жасадым.
Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұны мынадай: дене жаттығулары, табиғат аясындағы серуен, гигиеналық тәртіпке, қимыл - қозғалыс ойыны,
қозғалыс қызметінің күрделі түрлерін қамтиды. Қазіргі таңда дене жаттығуында баланың жан - жақты жетілуіне жағдай жасалынған. Балалардың денесін жаттықтыру бірнеше түрлерге бөлінген.
Таңертеңгілік жаттығу
Қимыл - қозғалыс ойыны және спорттық ойынды дамыту.

3) Спорттық жаттығулар
4) Қарапайым туризм
Балабақшадағы дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері
Таңертеңгілік жаттығу
Қимылдық - қозғалыс ойындары
Серуендегі спорттық жаттығулар
Спорттық жарыстар (Эстафеталық жарыстар)
Балалардың өз бетінше қозғалу қызметі
Жоғарыда аталған жұмыстың барлық түрлері бір - біріментығыз байланысты, бір - бірін толықтырып отырады.
Барлығы бір қозғалыс тәртібін құрайды. Денешынықтыру балаларды үйлесімді дамытып, жетілдіріп, денсаулығын сақтап нығайтады. Дене мүсіннің сұлулығын қалыптастырып, қимыл - қозғалыс қабілетттерінің негізін салып, оларды өмірде белсенді болуына, елін қорғауға
дайындаймын.
Жаттығу - 4 түрге бөлінеді. 1 - негізгі жаттығу, 2 - жалпы
дамытушы жаттығуы, 3 - сапта тұру жаттығуы, 4 - би жаттығуы

Ойындар - 2 түрге бөлінеді. 1 - қимыл - қозғалыс ойыны, 2 - спорттық ойын.
Спорттық жаттығулар - 2 түрге бөлінеді. 1 - Жазғы мезгілінің спорттық ойыны. 2 - Қысқы мезгілінің спорттық ойыны.


Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт-Шевченко қаласы, Баутин ауылы,
"Ақбота"балабақшасының
дене шынықтыру нұсқаушысы А. Ермекбаева

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 490
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дене жаттығуларына үйрету әдістемесі. Гимнастика
Дене жаттығуларына үйрету әдістемесі. Гимнастика
Дененің даму қасиеттерін іс - тәжірибе барысында пайдалана білуіне мүмкіндік жасауға үйрету. Топпен және ұжымдық жұмыс жасау арқылы, қатынас мәдениеті, адамгершілік құндылықтарын дұрыс қалыптастыруға бағыттау. Қозғалыс қимылдарын дамытып, дене
Шынықсаң шымыр боларсың
Шынықсаң шымыр боларсың
Балалардың бойындағы спортқа деген қызығушылығы мен білімін арттыру; Спорттағы достық қарым - қатынасқа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Шынықсаң шымыр боларсың!
Шынықсаң шымыр боларсың!
Денсаулық ол шыныққан, барлық дене мүшесі, Денсаулық ол тыныққан, жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары (бастауыш сынып)
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары (бастауыш сынып)
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ дене шынықтыру пәні мұғалімі Токов Мухит Касымович
Шынықсаң шымыр боларсың
Шынықсаң шымыр боларсың
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×