Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

20 желтоқсан 2012, Бейсенбі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

ТҮЙІНДЕМЕ

Полатова Айнұр Мүслімбекқызы


1974 жылы 21 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы,
Арыс ауданы, Байырқұм ауылында туылдым.
Мекен - жайым: Оңтүстік Қазақстан облысы,
Арыс ауданы, Байырқұм елді мекені,
Сырдария көшесі №4 үй
Ұялы сымтетігі: 87778877969
Мамандығым: мұғалім
Бағыт: Қазақ тілі мен әдебиеті және араб тілі пәні.


Білімі мен қызметі туралы мәлімет:
- 1990 - 1992 жылдары аралығында М. Шаханов атындағы орта мектебінде тәлімгер болып қызмет еттім;
- 1992жылы Оңтүстік Қазақстан Араб институтына түсіп, 1994 жылы 2 жылдық курсын бітірдім;
- М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебінде 1994 жылы қазан айынан бері
қазақ тілі мен әдебиеті және араб тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп келемін;
- Халықаралық Қазақ - Араб университетіне (сырттай) 2000 жылы өз мамандығым бойынша 3 - курсқа түсіп, 2003 жылы бітіріп шықтым;
- 2006 – 2007оқу жылында мектеп психологы болып жұмыс істедім;
- Интерактивті тақта бойынша 2009 жылы курстан өттім;
- Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 2013 жылы ақпан айында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы ОҚО бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында біліктілік арттыру курсынан өттім;
- Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы «Qurmet – АВ» Қоғамдық қорының 1 тамыз
2013 жылғы № 01 – 0003 шешімімен «Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталдым.
- 2013 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі
бағдарламалары аясында бірінші(ілгері) деңгей бағдарламасы курсын аяқтап
«СЕРТИФИКАТҚА» ие болдым.
- Санатым жоғары;
- Еңбек өтілімім - 22 жыл;
- Тұрмыс құрғанмын, 4 балам бар.
Қосымша мәліметтер:
1. 2007 жылы шәкіртім Омархан Ақботаның республикалық ғылыми жоба жарыстарының облыстық сырттай байқауында «Сырдың сырлы тарихы» тақырыбындағы ғылыми жобасы ІІІ орынға ие болып ІІІ дәрежелі «Дипломмен» марапатталды;
2. 2007 жылы «Арыс ақиқаты» газетіне шәкірттерім өз жанынан шығарған өлеңдерін жолдап, редакция алқасының ұйымдастыруымен өткізілген «Жастар жырлайды» тақырыбындағы аудандық байқауында З. Құдайберген ІІІ орынға ие болса, Г. Әлімхан, М, Егеубаева, А. Омархан, М. Жақсылық «Мақтау қағаздары» және бағалы сыйлықтармен марапатталды;
3. АҚББ-нің 2009 жылы білім беру жүйесінде шығармашылықпен нәтижелі жұмыс жасап, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқаным үшін екі рет «Құрмет грамотасымен» марапатталдым;
4. 2010 жылы шәкіртім Партаева Ұлжарқынның республикалық КҒА - ның облыстық сырттай байқауында «Атаулар сыры» тақырыбындағы ғылыми жобасы ІІІ орынға ие болып, ІІІ дәрежелі «Дипломмен» марапатталды;
5. 2010 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық
олимпиадасында І орынға ие болып І дәрежелі «Дипломмен» марапатталдым;
6. 2010 жылы ҚРКҒА облыстық сырттай және іштей байқауларына жүлдегер шәкірт дайындағаным үшін «Алғыс хатпен» марапатталдым;
7. 2010 жылы шәкірттерім ҰБТ – дан жоғары балл жинап екі оқушым А. Омархан, Қ. Рсалы «Алтын белгі» иегері атанып, облыстың әкімі А. Мырзахметовтың «Алғыс хатымен» марапатталды;
8. 2010 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық олимпиадасында ІІІ орынға ие болып ІІІ дәрежелі «Дипломмен» марапатталдым;
9. 2011жылы оқушым Балтабай Бағлан Республикалық ғылыми жоба жарыстарының іштей облыстық кезеңінде «Қазақ әдебиеті тарихындағы оқиғалар ізі» тақырыбындағы ғылыми жобасын қорғап «Грамотамен» марапатталды;
10. 2011 жылы «Болашақ» республикалық газетінің желтоқсан айындағы кезекті санына «Сөзмерген» тақырыбындағы сабағым жарияланды;
11. Аудан әкімі Қ. Сыдықов 2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мерекесімен құттықтап, өскелең ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз қосқан еңбегіме алғыс айта отырып «Алғыс хатпен» марапаттады;
12. 2011 жылы «Жарқын болашақ»аудандық пән олимпиадасында «Жазушылар» конкурсы бойынша оқушым Г. Дауылбай ІІІ орынға ие болды;
13. «Жарқын болашақ» аудандық пән олимпиадасында «Жас ғалымдар» конкурсы бойынша оқушым Х. Әбдуәлі 2011 жылы ІІ орынға ие болса, 2012 жылы «Сөзшеберлері» конкурсы бойынша ІІІ орынға ие болды;
14. 2011жылы облыстық шығармалар конкурсынан оқушым Дауылбай Гүлім І орынды иеленіп, І дәрежелі «Дипломмен» марапатталды;
15. 2011 жылы «Тіл – халықтар алтын көпірі» аудандық пән олимпиадасына оқушым Ұ. Төребек қатысып ІІІ орынға ие болды;
16. 2011 жылы шәкіртім Г. Дауылбай оқушылардың аудандық пән олимпиадасынан І жүлделі орынға ие болды;
17. 2012 жылы Арыс қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Оралхан Бөкей атындағы «Көркем сөз оқу шеберлігінің» аудандық байқауынан оқушым Х. Әбдуәлі ІІ орынға ие болды;
18. 2012 жылы «Мен Елбасыммен мақтанамын» тақырыбындағы аудандық шығармалар байқауынан Г. Дауылбай ІІ орынға ие болды;
19. Аудандық 2011 - 2012 жылдары «Арыс ақиқаты» газетіне «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл», «Рухани досымыз», «Мейірімге толы жүрегі» тақырыбындағы мақалаларым жарияланды;
20. 2012 жылы желтоқсан айында «Оқытудың жаңа технологиясы – нәтижеге бағытталған білім беру құралы» тақырыбында өткізілген аудандық семинарда үлгілі ашық сабақ бергенім үшін АҚББ бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталдым;
21. 2012 жылғы желтоқсан айындағы мектеп директорының № 161 / 2 бұйрығымен іс – тәжірибем мектепішілік таратылды;
22. 2012 жылы аудандық «Жыл мұғалімі - 2012» номинациясын иелендім;
23. 2012 жылы «Білім беру жүйесін модернизациялаудағы проблемалар мен шешімдер» тақырыбында облыстық ғылыми - практикалық конференциясында «Білім мазмұнын модернизациялау жағдайында мемлекеттік тілді дамытудың маңызы» тақырыбында баяндама оқыдым. Осы баяндамамды құнды деп танып ҚР білім және ғылым министрлігі, ОҚО бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Алғыс хатымен» марапатталдым. Баяндамам облыстық ғылыми – практикалық конференцияның МАТЕРИАЛДАРЫ жинағына енді;
24. 2012 жылдан бері Республикалық «WWW. BILIMDILER. KZ» сонымен қатар «ustaz. kz» сайттарына өзімнің сапалы сабақтарымды жариялап отырамын;
25. 2003 жылдан бері педагогикалық кеңестің хатшысымын;
26. 2013 өз қызым әрі шәкіртім Балтабай Балнұр көркемсөз оқу шеберлерінің «О. Бөкей» ХҮ аудандық оқулары мен «Жарқын болашақ» Ү республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінен І орынды жеңіп алып, облыстық кезеңінде ІІІ жүлделі орынға ие болды.
27. 2013 жылғы №2(74) Ақпан айының «Қазақстанның білім және ғылым әлемі» Республикалық ғылыми - әдістемелік педагогикалық журналына «Ақан Қорамсаұлы – ақын, сазгер»
тақырыбында сабағым жарияланды.
28. 2013 жылы мамыр айындағы «Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы «АҚ филиалы» ОҚО бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен өткізілген «Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін модернизациялау - оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың кепілі» педагог қызметкерлердің аймақтық конференциясы материалдар жинағына «Жеке тұлғаны дамытуға бағытталған ұлттық білім мен тәрбие» тақырыбындағы сол сияқты желтоқсан айындағы конференцияда «Нәтижеге бағытталған оқыту мен оқу үдерісі» тақырыбындағы мақалаларым енді.
29. 2012 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиеті және тарих, құқық пән бірлестігінің жетекшісімін;
30. 2010 жылдан бері «Жарқын болашақ» олимпиадасындағы қазылар алқасының мүшесі болып келемін;
31. Аудандық шығармашылық топ мүшесімін;
32. Мектепішілік оқушылардың ғылыми қоғамының жетекшісімін;
33. Озат тәжірибе мүшесімін.
34. Қазіргі таңда «Жеке тұлғаны дамытудағы ұлттық білім мен тәрбие» тақырыбында шығармашылық жұмыс жазып жатырмын.
9 052
0
  • 100
6 дауыс


Жаңалықтар
Сөздерді байланыстыру әдістері
Сөздерді байланыстыру әдістері
ОҚО, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Дауысты дыбыстардың емлесі
Дауысты дыбыстардың емлесі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Буын түрлері
Буын түрлері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Этнопедагогика
Этнопедагогика
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Байырқұм елді мекені М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
І.Жансүгіровтың Құлагер поэмасы (реферат)
І.Жансүгіровтың Құлагер поэмасы (реферат)
Қысқаша өмірбаяны Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді. 1919 жылы. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×