Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Асан қайғы

31 мам 2011, Сейсенбі
Категориясы: Жыраулар
Асан қайғы (XV ғасыр)

Асан өз заманының асқан ақылгөйі. Жыраудың өзі айтқандай, онан қалған «таза мінсіз асыл сөз» аз болмаса керек, бірақ олардың бәрі біздің заманымызға жетпеген. Оның қазір қолда бар өлеңдерінен замана жайын әріден толғаған ірі сөз зергері, терең ойшыл ақын екенін танимыз.

Асан атына «қайғы» деген сөз қосылуы, да көп нәрсені аңғартады. Мұнан біз оның халық қайғысын, мұң-арманын, тағдырын ойлаумен өткен адам екенін аңғарамыз. Асан қайғы туралы халық аңыздары да оның желмаяға мініп, еліне шұрайлы, жайлы қоныс, шүйгін жер іздеумен өмір кешкен халық қамқоры екенін танытады. Асан ел тыныштығын армандаған. Мал баққан көшпелі елге керегі – бейбіт тіршілік. Бірақ ол кезде, жаугершілік, басқыншылық соғыс құнарлы жер үшін ұрыс-қақтығыс жиі болып тұрған.

Олар ел берекесін кетіріп, күйзеліске ұшыратқан. Жырау халық басына төнген осы ауыртпалықты көре білген.
Асан қайғы «Әй, хан мен айтпасам білмейсің» деген Жәнібек ханға айтқан толғауында «Шабылып жатқан халқың бар, аймағын көздеп көрмейсің» деп күйзелген халқының қамын ойлау орнына «Қымыз ішіп қызарып, масаттанып, қызып, өзінен басқа хан жоқтай елеуреп, бақ-дәрежесіне, мансабына масаттанған» ханға батыл үн қатады. Жырау бұл жерде ханның мақтаншақ, парықсыз, ұшқалақ мінезін тамаша бейнелеген. Елінің қамын, ертеңін ойламаған ханға жырау:

Ойыл көздің жасы еді
Ойылд ан елді көшірдің,
Жемде кеңес қылмадың
Жемнен де елді көшірдің
Еділ деген қиянға,
Еңкейіп келдің тар жерге
деп нали тіл қатады.

Ақылгөй жырау «ата жұрты бұхара» күшін жоғары бағалайды. «Еділ бол да, Жайық бол ешкімменен ұрыспа» деп елді бірлік-ынтымаққа шақырады. Жырда ғибрат, өнеге аларлық парасатты ой түйіндері мол. Ол өз тұсындағыларға да келешек ұрпаққа да биік адамгершілікті уағыздайды.

Асан Қайғы – Бұл заманда не ғаріп?

Ақ қалалы боз ғаріп
Жақсыларға айтпаған,
Асыл шырын сөз ғаріп.
Замандасы болмаса,
Қариялар болар тез ғаріп
Қадірін жеңге білмесе,
Бойға жеткен қыз ғаріп.
Ел жағалай қонбаса,
Бетегелі бел ғаріп.
Қаз - үйрегі болмаса,
Айдын - шалқар көл ғаріп.
Мүритін тауып алмаса,
Азғын болса, пір ғаріп.
Атажұрты бұқара
Өз қолында болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғаріп.
14 051
0
дауыс


Жаңалықтар
Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол», «Бұл заманда не ғаріп?»
Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол», «Бұл заманда не ғаріп?»
Оқушыларға жаңа сабақ туралы толық мағлұмат беру, қазақ халқына жеррұйық іздеген Асан қайғы туралы мәлімет беру, өз ойларын еркін айтуға, өмірмен байланыстыра білуге үйрету, сөздік қорларын молайтып, ой - өрістерін дамыту, өзіндік пікір
Асан қайғы Сәбитұлы
Асан қайғы Сәбитұлы
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры - 15 ғасырдың басы) - мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған.
Асан қайғының жерге айтқан сыны аңызы. Дала данышпаны
Асан қайғының жерге айтқан сыны аңызы. Дала данышпаны
Асан қайғы шынайы өмірдегі осы ақпаратқа қандай пікір айтар еді? Көріпкел абыз ХХІ ғасырда өмір сүрсе, қазіргі Қазақстан жеріне қандай сын айтар еді?
Асан қайғы «Бұл заманда не ғаріп?» өлеңі
Асан қайғы «Бұл заманда не ғаріп?» өлеңі
Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз бетімен ізденуге баулу, ой қорытуға дағдыландыру, көркем әдеби тілде сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Асан қайғы - дала данышпаны
Асан қайғы - дала данышпаны
Табиғат – бүкіл әлем. Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты қатынаста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі табиғатпен тікелей байланысты. Одан шығатын қорытынды - адам табиғатының бір бөлігі.
Асан Қайғы "Бұл заманда не ғаріп?", "Есті көрсең кем деме"
Асан Қайғы "Бұл заманда не ғаріп?", "Есті көрсең кем деме"
Топтық жұмыс арқылы ұлы жыраудың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, ұлы жырау өмір сүрген кезеңдегі тарихи - әлеуметтік жағдайды ашу.
Пікірлер (0)
×