Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шалкиіз жырау

31 мам 2011, Сейсенбі
Категориясы: Жыраулар
Шалкиіз жырау (1465-1560)


Шалкиіз поэзиясының жыраулар поэзиясындағы орын ерекше. Ол әйгілі ақын болған. Өз жырларында өмірге терең көз жіберген, аталы ғибратнамалық сөз қалдырған. Шалкиіз талай жорықтарға қатысқан. Оның жырларынан ерлік сарыны айқын сезіледі. Ол «Дулығаның төбесі туған айдай болмаса, Батыршылық сүрмен-ді», «Дулығалы бас кескен, Ерлердің алдаспаннан игі қолы болар ма?» деп батырлықты жоғары бағалаған.

Елін жауынан, дұшпанынан тек «жалаңаш барып жауға тиер» ер ғана қорғай алады деген түйін жасайды. Ақын жақсы деген не, жаман деген не; ізгілік, парасаттылық неде, адамгершілік қасиет адамның қандай әрекеті, қылық – мінезінен көрінеді, міне осы тақырыпта жыр-толғаған.
Ақын өз ойын жақсы мен жаманды, жарық пен күңгіртті салыстыра өрнектейді.

Бір жақсымен дос болсаң
Азбас-тозбас мүлкі етер.
Бір жаманмен дос болсаң
Күндердің күні болғанда,
Бүкіл елге күлкі етер.

Демек ақын пиғылы жаман жаннан без, аулақ бол деген ғибрат айтады. Жырау ел билейтін басшының қауым, әлеумет өміріндегі орнын да дұрыс бағалай білген. Ал сол ел билейтін адам қандай болуы керек дегенге, жырау « ғаділ төре, ел бастар» деп ел тағдыры, әділ басшыға байланысты деп даналық ой түйген.

Өмір диалектикасын терең пайымдаған жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауында дүние үнемі өзгерісте болатынын, өмірдің бір қалыпта тұрмайтындығын айтып, «мынау жалған дүние кімдерден кейін қалмаған» деп болашақ ұрпаққа өмірден аларыңды алып, береріңді беріп қал деген ой айтады.
15 216
0
дауыс


Жаңалықтар
Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі Конспект Қазақ халқының ауыз әдебиетінде жыраулар поэзиясы ерекше орын алады. Әйгілі Сыпыра жырау – Қазақстанның батысында өмір сүрген қазақ пен ноғайға ортақ тұлға. Ауыз әдебиетінде Асан Қайғының Жәнібек ханмен
Қазтуған жырау (күнделікті сабақ жоспары)
Қазтуған жырау (күнделікті сабақ жоспары)
Ол өзін "айдаса қойдың көсемі", "сөйлесе қызыл тілдің шешені", "буыршынның бұта шайқар азуы", "бидайықтың көл жайқаған жалғызы" деп таныстырады. Қазтуған жырау тайпалар көсемі, отты биі, әскербасы, орақ тілді шешен, арқалы ақын болған.
Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғау»
Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғау»
Шалкиіз Тіленшіұлының толғауларының басты тақырыптары, жырларының адамгершілік қасиеттерді насихаттауымен, ақыл - нақыл мен өсиет сөздерінің молдығымен ерекшеленетінін ұғындыру. Толғауының мазмұнын игерту. Тәрбиелік: дүниедегі жақсылық атаулыға
Ақтамберді жырау
Ақтамберді жырау
Астана қаласы, №36 орта мектебінің қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Тұрсынхан Г. Т
Жиембет жырау
Жиембет жырау
Жиембет жырау әрі әскербасы, әрі әйгілі ақын болған. Қазақ жерін жаудан қорғауда талай ерлік, батырлық көрсеткен. Ақын поэзиясынан оның ерлік, өрлік мінезі, ерен батырлығы айқын көрінеді.
Қазтуған жырау
Қазтуған жырау
Қазтуған жырау (XV ғасыр)   Ол өзін «Айдаса қойдың көсемі», «Сөйлесе қызыл тілдің шешені», «Буыршынның бұта шайнар азуы», «Бидайықтың көл жайқаған жалғызы» деп таныстырады, Қазтуған жырау тайпалар
Пікірлер (0)
×