Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жиембет жырау

31 мам 2011, Сейсенбі
Категориясы: Жыраулар
Жиембет жырау (XVII ғасыр)


Жиембет жырау әрі әскербасы, әрі әйгілі ақын болған. Қазақ жерін жаудан қорғауда талай ерлік, батырлық көрсеткен. Ақын поэзиясынан оның ерлік, өрлік мінезі, ерен батырлығы айқын көрінеді.

Жырау өлеңдеріндегі
Менімен ханым ойнаспа
Менің ерлігімді сұрасаң
Жолбарыс пенен аюдай
Өрлігімді сұрасаң
Жылқыдағы асау тайындай
Беріктігімді сұрасаң
Қарағай менен қайыңдай.
деген жолдар соған кепіл.

Жиембет алған бетінен қайтпайтын өжет жан болған. Хан-әкімдерге бас имеген, айтарын батыл айтқан, бас кетер деп, тіл тартпаған, бүлікшіл, қанішер ханның теріс жауыздық мінезін әшкерелеген, қаһарынан қорықпаған.

Әмірің қатты Есім хан
Бүлік салып бұйырдың
Басын бер деп батырдың
Қанын ішіп қанбаққа
Жанын отқа салмаққа
Хан ие ісің жол емес.

деп қалың еліне арқа сүйеген батыр ханға өктем сөйлейді. Жырау бейбіт күнде батырсынған ханның «Қалмақтың Бәрі ханы келгенде», «Соқыр бурыл байталға жайдақ мінгенсің», «тас қалаға жан сақтап» бас сауғалаған жүрексіз, қорқақ мінезін әшкерелейді. Сол опасыз хан қылығына зығырданы қайнап, ызалы үн көтеріп. «Арқаға қарай көшермін, алашыма ұран десермін, ат құйрығын кесермін» деп қайсар мінезінен батыр еш қайтпайды.

Жыраудың туған жеріне шынайы сүйіспеншілігі оның толғауларында айқын көрінген. «Ханға қарсы тұрам деп» елінен айдалған батыр Жиембет

Қайырылып қадам басарға
Күн болар ма екен мен сорға
Өзен Арал жерлерім
Қиядан қолды көрсеткен
Төбеңе шығар күн бар ма?
Жотасы биік Дөңдерім

деп шер төгеді, соларды бір көруді армандайды. Демек, жырау елі, жері үшін емірене ерлік жыр төккен, сол елдің елдігі бүтіндігі жолында жырымен де ерлігімен де қызмет еткен.
Ақтамберді жырау (1675-1768 жж.)

Ақтамберді жырау басынан талай қилы-қилы кезеңдерді кешіреді. Қолына желекті найза ұстап ата жауларымен шайқастарға қатынасады ерлік көрсетеді. Сол шайқастардың бірінде жау қолында қалып, өлім аузынан қайтады. Ойраттармен арадағы соғыста өзінің асқан ерлігімен де, жалынды жырымен де көзге түседі, қазақ жерін жаудан аман алып қалуда ерен қызмет көрсетеді. Ақтамберді өз басынан кешірген сол қиын сәттерді жыр-толғауларында былай өрнектеген.
Жапанға біткен терекпін

Еңсемнен жел соқса да теңселмен
Қарағайға қарсы біткен бұтақпын
Балталасаң да айрылман
Сыртым – құрыш, жүзім – болат
Тасқа да салсаң майрылман! –

Ақын өзінің бар өмірін елі, халқының, оның елдігін, бүтіндігін сақтап қалу жолына арнаған. Жыраудың «елі-жұрты қорғайлап, өлімге жүрміз бас байлап» деген жолдарынан мұны айқын аңғаруға болады. Ақтамберді өз толғауларында ерлікті, батырлықты жырлаған. Өйткені едің елдігін сақтап , оны сыртқы жаудан қорғар – батыр ұлы. Ақынның әйгілі Бөгембай батырға жыр арнауы да осыған байланысты. Ол жігіттің жігіттігі де қанды шайқаста сыналады деп біледі.

Ел шетіне жау келсе
Алдына сірә, дау келсе
Батырсынған жігіттің
Күшін сонда сынаса

деп, жігіттің сыналар шағы осындай қиын-қыстау кезінде деген тұжырым жасайды.
Көшпелі қазақ тіршілігінде жықының алар орны ерекше. Ол сауса сусын, сойса азық. Жорықта ер қанаты, серігі. Ақтамберді жырында жылқы малының осы қасиеті, қадірі ерекше. Ол «Биенің сүті сары бал, Қымыздан асқан ас бар ма, Жылқыдан асқан мал бар ма, Кермеде тұлпар бусанса» деп жылқы малын аса дәріптейді. Ақтамберді сол жылқының сипатын «От басар орны отаудай» өлеңінде тамаша өрнектеген.
Ақтамберді жыраудың толғауларынан еліне, халқына сүйіспеншілігі айқын сезіледі. Ол:

Кеуде бір жерді жол қылсам
Шөлең бір жерді көл қылсам
Құрап жанды көп жиып
Өз алдына ел қылсам.
деп, халқының басын құрап ел етуді армандаған.
17 129
0
дауыс


Жаңалықтар
Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі Конспект Қазақ халқының ауыз әдебиетінде жыраулар поэзиясы ерекше орын алады. Әйгілі Сыпыра жырау – Қазақстанның батысында өмір сүрген қазақ пен ноғайға ортақ тұлға. Ауыз әдебиетінде Асан Қайғының Жәнібек ханмен
Тест "Жыраулық дәстүр"
Тест "Жыраулық дәстүр"
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, №5 орта мектеп музыка мұғалімі Есмуханова Самал Жанатлековна
Тест тапсырмасы Қазақстан тарихы  7 сынып
Тест тапсырмасы Қазақстан тарихы 7 сынып
Алматы облысы, Балхаш ауданы, Береке орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Керімбекова Фариза
Ақтамберді жырау
Ақтамберді жырау
Астана қаласы, №36 орта мектебінің қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Тұрсынхан Г. Т
Шалкиіз жырау
Шалкиіз жырау
Шалкиіз жырау (1465-1560) Шалкиіз поэзиясының жыраулар поэзиясындағы орын ерекше. Ол әйгілі ақын болған. Өз жырларында өмірге терең көз жіберген, аталы ғибратнамалық сөз қалдырған. Шалкиіз талай жорықтарға қатысқан. Оның жырларынан ерлік сарыны
Қазтуған жырау
Қазтуған жырау
Қазтуған жырау (XV ғасыр)   Ол өзін «Айдаса қойдың көсемі», «Сөйлесе қызыл тілдің шешені», «Буыршынның бұта шайнар азуы», «Бидайықтың көл жайқаған жалғызы» деп таныстырады, Қазтуған жырау тайпалар
Пікірлер (0)
×