Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әріптік жұмбақтар

15 наурыз 2018, Бейсенбі
Категориясы: Жұмбақтар
Әріптік жұмбақтар
Түсіндірме хат
Әріптер жүйесі оқушының дыбысты айқын ажыратуына септігін тигізетін дыбыстар мен әріптер ретін құрайды. Әліппе кезеңінде дыбыстық және әріптік жүйе игеріледі.
Оқушыға дыбыспен әріпті таныту, сауатты ажырата білуге үйрету, дыбыстық жүйені ауызша талдауға төсілдіру. Бұл құрал мектепалды даярлық және
1 - сынып ұстаздарына қолдануға өте тиімді. Әр сабақтың басында мұғалім әріптік жұмбақтарды жасырып отырса, оқушылардың есте сақтау және шапшаңдық қасиеттері молаяды. Әліпбиді үйренуде және қызығушылығын арттыруда бұл әдіс мол септігін тигізеді.

Щеткада бар,
Шегеде жоқ.
Ащыда бар,
Тәттіде жоқ.
(Щ)

Цементте бар,
Әкте жоқ.
Циркте бар,
Керікте жоқ.
(Ц)

Экранда бар,
Уранда жоқ.
Экскаваторда бар,
Кранда жоқ.
(Э)
Чемоданда бар,
Сөмкеде жоқ.
Чапаевта бар,
Ақтаевта жоқ.
(ч)

Лагерьде бар,
Бекетте жоқ.
Конькиде бар,
Шаңғыда жоқ.
(Ь)

Разъезде бар,
Пойызда жоқ.
Подъезде бар,
Үйлерде жоқ.
(Ъ)

Аюда бар,
Түлкіде жоқ.
Тышқанда бар,
Мысықта жоқ.
(А)

Раушанда бар,
Лалада жоқ.
Ринатта бар,
Алматта жоқ.
(Р)

Ойда бар,
Қыда жоқ.
Отта бар,
Суда жоқ.
(О)

Маралда бар,
Мұратта жоқ.
Оралда бар,
Таразда жоқ.
(Л)

Ашада бар,
Асада жоқ.
Шашта бар,
Қаста жоқ.
(Ш)
Сізде бар,
Бізде жоқ.
Сенде бар,
Менде жоқ.
(С)
Суда бар,
Балықта жоқ.
Тауықта бар,
Жемде жоқ.
(У)
Қыста бар,
Жазда жоқ.
Наурызда бар,
Сәуірде жоқ.
(Ы)
Данада бар,
Сарада жоқ.
Динада бар,
Ирада жоқ.
(Д)
Таста бар,
Құмда жоқ.
Тауда бар,
Бауда жоқ.
(Т)
Мысықта бар,
Тышқанда жоқ.
Маймылда бар,
Үкіде жоқ.
(М)
Нанда бар,
Майда жоқ.
Ұнда бар,
Шайда жоқ.
(Н)
Аңда бар,
Анада жоқ.
Таңда бар,
Табада жоқ.
(Ң)
Қарғада бар,
Көкекте бар.
Сырғада бар,
Моншақта жоқ.
(Ғ)
Әжемде бар,
Атам да жоқ.
Жеңгемде бар,
Ағамда жоқ.
(Ж)
Тілде бар,
Таста жоқ.
Тісте бар,
Көзде жоқ.
(І)
Әлиде бар,
Арманда жоқ.
Әселде бар,
Анарда жоқ.
(Ә)
Өрікте бар,
Анарда жоқ.
Өнерде бар,
Білімде жоқ. (Ө)
Бұлтта бар,
Айда жоқ.
Құлыпта бар,
Кілтте жоқ.
(Қ)
Күзде бар,
Жазда жоқ.
Кірпіде бар,
Қоңызда жоқ.
(К)
Ешкіде бар,
Лақта жоқ.
Елікте бар,
Бұғыда жоқ.
(Е)
Бірлікте бар,
Тірлікте жоқ.
Болжамда бар,
Айжанда жоқ.
(Б)
Инеде бар,
Жіпте жоқ.
Илеуіште бар,
Ұнда жоқ.
(И)
Айда бар,
Күнде жоқ.
Тайда бар,
Құлында жоқ.
(Й)
Аяқта бар,
Баста жоқ.
Таяқта бар,
Таста жоқ. (Я)
Жиюда бар,
Шашуда жоқ.
Оюда бар,
Кестеде жоқ. (Ю)
Хатта бар,
Кітапта жоқ.
Халатта бар,
Көйлекте жоқ.
(Х)
Вагонда бар,
Ұшақта жоқ.
Ваняда бар,
Саняда жоқ. (В)
Фермада бар,
Малда жоқ.
Формада бар,
Киімде жоқ.
(Ф)
Шахтёрде бар,
Қойшыда жоқ.
Монтёрде бар,
Малшыда жоқ. (Ё)
Газетте бар,
Журналда жоқ.
Гүлде бар,
Ағашта жоқ.
(Г)
Заңгерде бар,
Дәрігерде жоқ.
Ұстазда бар
Ғалымда жоқ. (З)
Ұлуда бар,
Жыланда жоқ.
Ұлда бар,
Қызда жоқ.
(Ұ)
Үлкенде бар,
Кішіде жоқ.
Үсенде бар,
Асанда жоқ.
(Ү)
Партада бар,
Тақтада жоқ.
Пілде бар,
Тілде жоқ.
(П)
Айдаһарда бар,
Жолбарыста жоқ.
Шаһарда бар
Әлемде жоқ. (Һ)
Щёткада бар,
Шегеде жоқ.
Ащыда бар,
Тәттіде жоқ.
(Щ)

Құрастырған
бастауыш сынып мұғалімі: Сактағанова А. К.

Әріптік жұмбақтар. жүктеу

Жұмбақтар жинағын. қарау
2 778
0
  • 100
1 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
«Көркем жазу» факультатив курсынан 1 - сыныпқа арналған күнтізбелік сабақ жоспары
«Көркем жазу» факультатив курсынан 1 - сыныпқа арналған күнтізбелік сабақ жоспары
Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық, қоғамдық тәрбиелік мәні зор.
Санды өрнектерді салыстыру
Санды өрнектерді салыстыру
Қосу мен алу арасындағы байланысты әріптік теңдік түрінде көрсету және қолдану
Р дыбысын қою
Р дыбысын қою
дыбысты дұрыс айтуға қажет сөйлеу мүшелерінің қалпын, қимыл қозғалысын дамыту.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Қосудың қасиеттері
Қосудың қасиеттері
Қосудық ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қасиетін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдана алады
Т дыбысы
Т дыбысы
Т дыбысының әріптік таңбалануын, жазылуын таныстыра отырып, оған дыбыстық мінездеме беру, білімдерін қалыптастыру. Зерек, байқағыш, алғырлыққа баулу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.