Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Саяхатқа шығайық. Әуежайда

06 желтоқсан 2020, Жексенбі
Мерзімі/Дата
Топ/Группа
Тақырыбы/Тема занятия Саяхатқа шығайық. Әуежайда.

Сабақтың мақсаты/Цель занятия
білімдік/образовательная: Білім алушыларға лексикалық тақырыпқа байланысты сөздерді орынды, дұрыс пайдалануға үйрету және тұрақты сөз тіркестерін дұрыс пайдалануға үйрету.
дамытушылық /развивающая Білім алушыларға ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
тәрбиелік/воспитательная Білім алушыларды әдепті сөйлеуге, таза жазуға, сауаттылыққа тәрбиелеу. Топпен жұмыс жасауға үйрету, бір - бірінің пікірін тыңдауға үйрету.

Сабақтың типі/Тип занятия Жаңа сабақ
Сабақтың қамтамасыздандырылуы/Обеспечение занятия

а) оқу - көрнекілік құралдар/учебно - наглядные пособия оқулықтар. Фламастерлер, маркерлер, стикерлер, түрлі түсті қағаздар.
б) үлестірмелі материалдар/раздаточный материал кеспе қағаздар, А4 қағаздары
в) ТОҚ/ТСО ноутбук, проектор.

Пәнаралық байланыс/Межпредметная связь дене шынықтыру, көркем еңбек.
Қолданатын әдебиет/Литература к занятию
Негізгі/Основная Қазақ тілі 11класс

Сабақтың жоспары/ план занятия
Саяхатқа шығайық. Әуежайда.
Сабақтың өту барысы/Ход занятия
Ұйымдасытру кезеңі/Организационный момент

Сәлемдесу. Білім алушылардың сабаққа әзірлігін және құрал - жабдықтарының түгел болуын қадағалау.

Сабақ бастамас бұрын, фигуралар арқылы 3 - топқа бөліп отырғызамыз, топтан басшы сайлаймыз.(жүрекше, жұлдызша, үшбұрыш)

1 - топ - ТУ - 134
2 - топ - Боинг - 707
3 - топ - Ғоккер - 100

Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру
Проверка знаний и умений обучающихся

Үй тапсырмасын сұрақ қою арқылы жауап береді - 5 мин
Сұрақтар

1. Қонақтың түрлерін атаңыз?
2. Қонаққа қатысты қандай мақал - мәтел білесіз?
3. Қонақ әдебі қандай?

Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі
Содержание и последовательность изложения новой темы

Сұрақ қою арқылы жаңа сабаққа көшеміз.
1. Сіз қонаққа барғанда қандай көлікпен барасыз?
2. Қандай көлік түрлерін білесіз?
3. Сіз қандай қалаға саяхатқа шығып көрдіңіз?

Жаңа сабақ.
Лексикалық тақырып.(Мультиктен үзінді - 1, 33 мин, тақырып көрсетеміз)

Әуежай суреттері арқылы сөзге тарту. Енді балалар, тақтаға қарап, суретте не бейнеленгені айтыңызшы. Сын тұрғысынан ойлау.

Дұрыс. Қазақ тілінде бұл әуежай. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

- Балалар, бүгін біз сабақта не істейміз? «Саяхатқа шығайық. Әуежай» деген тақырыппен танысамыз. Сабақта біз білгенін еске түсіреміз, керекті сөздермен танысып, өз білімдерімізді ары қарай жетілдіреміз. Тапсырмалар арқылы грамматикалық тақырыптар бойынша жұмыс жүргіземіз.

Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру
Закрепление нового материала, формирование умений и навыков
Ал енді, әуежайлар туралы бейнероликтер көрейік (4. 30мин)
«Әуежайда» мәтінімен танысу(. Проектордан оқып жұмыс жасайды.)- сын тұрғысынан ойлау

Әуежай – әуе көлігі құралдарымен тұрақты түрде жолаушыларды, жүк пен пошта тасылмалдауды қамтамасыз етуге арналған кәсіпорын. Жабдықталу және тасымалдау дәрежесіне қарай халықаралық және жергілікті әуежайлар болып ажыратылады. Әуежай радиолокатормен, автоматты радиотехникалық құралдармен, жарықталады. Әуежайдың орнын таңдағанда, оның қалаға қатынауға ыңғайлы болуы, қалада шуды көбейтпеу мақсатында едәуір қашықтыққа орналастыру, әуежай жанында биік кедергілердің болмауы және т. б. ескеріледі.. Әуежайдың негігі бөлігі – аэродром. Онда ұшақ ұшатын және қонатын жолақты жолдар, бағдарлану жолы, ұшақ тұратын орындар т. б. болады. Қызмет крсету - техникалық аймағына жолаушылар кешені радионавигациялық және ұшақтарға техникалық қызмет көрсететін т. б. ғимараттар, сондай - ақ жүк тиеу және түсіру кешені жатады.. Ірі әуежайлардың ауғы мыңдаған гектарға жетеді. Оларда бір мезетте бірнеше ұшақ ұшып - қонып жатады. Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларында әуежай бар. Алматы әуежайында тәулігіне, орташаесеппен, 4 мың жолаушыға қызмет көрсетеді.

1 – тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер

Әуежай қандай кәсіпорын?
Әуежайлар қандай түрлерге бөлінеді?
Әуежайлар қалай жабдықталады? Әуежай орнын қалай таңдайды?
Аэродромда қандай орындар болады?

Қызмет көрсету – техникалық аймағына нелер жатады?

Оқылым - 15 мин
1 – тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аудару.
2 - тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.
3 - тапсырма. Осы сөздер бойынша сөйлем құрау.

Сергіту сәті Көңілді күн(балалар орнынан тұрып билейді)- 2. 1

Жазылым ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР(видео арқылы көрсетемін)- 15 мин

Тақтада сөйлемдердің орын тәртібін дұрыстап, орын - орынға қояды, синтаксистік талдау(АҚТ)

2002 жылы елімізде әуе тасымалымен айналысатын «ЭйрАстана» атты ұлттық әуе компаниясы құрылған болатын.
әуе тасымалымен, атты ұлттық, «ЭйрАстана», 2002 жылы, елімізде, әуе компаниясы, болатын, құрылған
«Эйр Астана» АҚ 2002 және 2010 жылдар арасында лизинг операциясы тәртібімен 22 жаңа әуе кемесін сатып алды.
22 жаңа әуе кемесін, «Эйр Астана» АҚ, сатып алды, 2002 және, тәртібімен, 2010 жылдар арасында, лизинг операциясы.
Еліміздегі әуе тасымалының көлемі бойынша екінші орынды иеленетін ірі компаниялардың қатарында «СКАТ» авиакомпаниясын атауға болады.
«СКАТ» авиакомпаниясын, Еліміздегі, ірі компаниялардың, әуе тасымалының, атауға болады, көлемі бойынша, қатарында, екінші орынды иеленетін.

3 - топқа 3 - түрлі тақырыпта жоба жұмысы - 10 мин орындайды, 5 - мин қорғайды - Постер қорғау(ғаламтор арқылы ізденеді)*- топ басшылары бағалап отырады

Алматы әуежайы
Астана әуежайы
Атырау әуежайы

Сабақтың қорытындысы/Подведение итогов занятия
Билингвалдық компонент, кубизм әдісі - 5 мин кубик арқылы сөздерді табу және орыс, ағылшын тіліне аудару.

Рефлексия
Смайликтер арқылы сабаққа баға беру
Бағалау/Оценка
Топ жетекшілері өз тобына баға береді.
Үй тапсырмасы/Домашнее заданиее

Саяхатқа шығайық. Әуежайда мәтінін оқу аудару.

15 - жаттығу
Оқытушының қолы/Подпись преподавателя 
2 220
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оралхан Бөкей: «Тортай мінген ақ боз ат» әңгімесі
Оралхан Бөкей: «Тортай мінген ақ боз ат» әңгімесі
Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, өзіне таныс мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.
Шектер туралы теоремалар
Шектер туралы теоремалар
Өзбетімен жұмыс істеуге, шығармашылықпен ізденуге дағдыландыру. Ұқыптылыққа байқампаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дене мүшелері
Дене мүшелері
Адамның дене мүшелері туралы толық мәлімет беру, жаңа сөздерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға үйрету.
Алдыңғы доңғалақтардың орнатылу бұрыштарының өлшемін тексеріп реттеу
Алдыңғы доңғалақтардың орнатылу бұрыштарының өлшемін тексеріп реттеу
Астана қаласы, «Құрылыс техникалық колледжі» МКҚК Өндірістік оқыту шебері және арнайы пән оқытушысы Жаңғабыл Нұрлан Мүсипқазыұлы
Тригонометрические функции числового аргумента
Тригонометрические функции числового аргумента
ГУ «Управление образования г. Астаны» ГККП «Колледж транспорта и коммуникаций» Преподаватель по дисциплине математика Джаппарова К. И
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Пирманова Гульжамила Альзакқызы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×