Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Мұқағали Мақатаев туғанына - 90жыл

07 сәуір 2021, Сәрсенбі
Категориясы: Қоғам
Мұқағали Мақатаев туғанына - 90жыл
(Виртуалдық көрме)
Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл толуына орай «Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының кітапханасында «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ақынның көптеген заман ұлылығын, адалдықты, достықты жыр ететін өлеңдерін, сөз өнерін көркемдік сипатымен шеберлік қырларымен танытатын поэмаларын, шет ел әдебиетінен аударған аудармалары және ерекше дарын иесі жөніндегі замандастарының естеліктері ұсынылды. Көрме Маңғыстау облысы бойынша филиалының курс тыңдаушыларына таныстырылып, онлайн жолданды.
А. Өтебаева,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ
Маңғыстау облысы бойынша филиалының
кітапхана ісінің бас маманы

Сайын Назарбекұлы туғанына 80жыл
(Виртуалдық көрме)
Ақын, сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы, Маңғыстау облысының және Атырау облысының Құрметті азаматы, Қазақстан Сәулетшілер Одағының және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сайын Назарбекұлының туғанына 80 жыл толуына орай, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының кітапханасында «Өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде сәулетші Сайын Назарбекұлының Абыл ақын, Досан батыр, Долы Апа күмбездері, Тобықтыдағы Бекет Ата мешіті, Шыңғыстау өңірінде «Абай - Шәкәрім» мұнаралары, «Омархан - Нұржамал» кесенесі, Тобықты Тоқтамыс батыр, Мамай батар, Кеңгірбай би, Көкбай ақын күмбездері, Ділдә, Әйгерім, Ақылбай сағаналары, Қаратау өңірінде «Домалақ - ана», Жары Тоқтамыс батыр кесенелері, Атырау өңірінде «Хан Ордалы Сарайшық» кесенесі, Исатай - Махамбет мешітін тұрғызудағы кәсіби шеберлігі туралы айтылды. Сонымен бірге Сайын Назарбекұлының қаламгер ретінде «Парыз», «Абай басқан Жидебай топырағы», «Шерқала», «Менің Ақ Ордам» өлең кітаптары, үш томдық шығармалар жинағы, «Сырласым бол» кітабы, «Қазақтың киіз үйі», сегіз томдық «Қазақ халқының шежіре - тарихы. Адай тайпасы», «Қаһарман халықтың қаһарман ұлы» атты еңбектері, драматургия жанрындағы «Махамбеттің бір күні», «Ақбөбек», «Ант», «Шотан батыр» пьесалары және Нұрсұлтан Назарбаев және Әбіш Кекілбайұлы сынды тұлғаларға арналған «Ұлы Дала Ұлдары» атты еңбектері туралы виртуалдық кітап көрмесінде тереңірек тоқталды. Көрме Маңғыстау облысы бойынша филиалының курс тыңдаушыларына таныстырылып, онлайн жолданды.
А. Өтебаева,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ
Маңғыстау облысы бойынша филиалының
кітапхана ісінің бас маманы
2 270
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
«Ұлы дала мұрагерлері» Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқиды
«Ұлы дала мұрагерлері» Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқиды
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күні дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар марафонынан бастау алады. NIS - тің барлық YouTube арналарында Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Нұрғиса Тілендиевтің атақты күйлері орындалатын
Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман
Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман
2020 жылдың 30 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми - педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институты (ББЖ ҚБАРИ) «Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман»
«Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман» тақырыбында Республикалық форум
«Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман» тақырыбында Республикалық форум
2020 жылдың 30 қазаны күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман» тақырыбында Республикалық форум (on - line) өткізеді.
«Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру: балаларды ерте дамытуды ұйымдастыру тәжірибесі»
«Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру: балаларды ерте дамытуды ұйымдастыру тәжірибесі»
2020 жылдың 30 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының
Сандық білім ресурстары – қашықтықтан оқытуда
Сандық білім ресурстары – қашықтықтан оқытуда
«Өрлеу»БАҰО» АҚ Республика бойынша 5 000 сандық білім беру ресурсын жасақтап, «Өрлеу» білім беру каналына жүктеді. Бұл жұмыстарды әр пән бойынша барлық облыстық филиалдар бөліп алды.
Алан Бөрібаевтың шалқар шабыты
Алан Бөрібаевтың шалқар шабыты
Педагогикалық шеберлік орталығының «Шабыт» бағдарламасы аясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы қызметкерлерінің Алан Бөрібаевпен онлайн кездесуі өтті.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.