Қолданушының барлық пікрілері Дауыл - Білімділер порталының ойын-сауық бөлімі
Сәлем саған, мектебім!
Сәлем саған, мектебім,
Алтын ұям, армысың.
Көңілімде көп менің,
Саған айтар алғысым.]]></description>
Сәлем саған, мектебім,
Алтын ұям, армысың.
Көңілімде көп менің,
Саған айтар алғысым.
<dc:creator>Дауыл</dc:creator>
Әріптес - қызметтестерге құттықтау, тілек
Жыл сайын қуанышқа бөленіңіз,
Бақытқа отбасылық кенеліңіз!
Жұмыста еңбегіңіз бағаланып,
Медальмен, орденменен еленіңіз!]]></description>
<turbo:content><![CDATA[ Әріптес - қызметтестерге құттықтау, тілек
Жыл сайын қуанышқа бөленіңіз,
Бақытқа отбасылық кенеліңіз!
Жұмыста еңбегіңіз бағаланып,
Медальмен, орденменен еленіңіз!
<dc:creator>Дауыл</dc:creator>
1 Қыркүйек - Білім күніне тақпақтар (Алғашқы қоңырау)
Бірінші қыркүйек күнімен.
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алар мектебім,
Сүйкімді қоңырау үнімен.]]></description>
Сәлем, саған мектебім,
Бірінші қыркүйек күнімен.
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алар мектебім,
Сүйкімді қоңырау үнімен.
<dc:creator>Дауыл</dc:creator>
Байғұс бала - Мұхтар Жақсылық
Көлеңкелеп отыр едім көк талды,
Бір кішкентай маған қарай оқталды.
Рұқсат сұрап жайғасты да жаныма,
Аға, сенде МАМА бар ма?., деп қалды.]]></description>
<turbo:content><![CDATA[ Байғұс бала...
Көлеңкелеп отыр едім көк талды,
Бір кішкентай маған қарай оқталды.
Рұқсат сұрап жайғасты да жаныма,
Аға, сенде МАМА бар ма?., деп қалды.
<dc:creator>Дауыл</dc:creator>
Дастарханға бата
Дастарханың бай болсын.
Қазан - ошағың май болсын.
Төрт түлігің сай болсын.
Көңілің толып жай болсын.
Ұлың қонып қияға,
Қызың қонып қияға,
Келінің бибі атанып,
Ұлың болсын би аға.]]></description>
<turbo:content><![CDATA[ Дастарханға бата
Дастарханың бай болсын.
Қазан - ошағың май болсын.
Төрт түлігің сай болсын.
Көңілің толып жай болсын.
Ұлың қонып қияға,
Қызың қонып қияға,
Келінің бибі атанып,
Ұлың болсын би аға.
Дастарханың бай болсын,
Қазан - ошағың май болсын.
Төрт түлігің сай болсын,
Көңілің толып жай болсын.
Дастарханың бай болсын,
Төрт түлігің сай болсын,
Көңілің толып жай болсын.
Ұлың болсын «би аға»!
<dc:creator>Дауыл</dc:creator>
Мектеп бітірушілерге арналған тілектер топтамасы
<description><![CDATA[Құрметті бүгінгі салтанатты кешке жиналған қадірлі ұстаздарымыз, ата - аналарымыз және менің қимас достарым! Міне, біз бүгін «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» ыстық ұямыз – мектебімізбен, бізді 11 жыл бойы оқытып, тәрбиелеген аяулы ұстаздарымызбен қоштасқалы тұрмыз. Енді біздің құлағымыз күмбірлеген күміс қоңыраудың үнін естімейді.
Мектеп бітірушілерге арналған тілек
<dc:creator>Дауыл</dc:creator>
Мектеп бітіруші түлектерге ұстаздарының айтатын тілектері
Мамырдың соңы – мамыражай мектеп маусымымен қоштасатын мезгіл.]]></description>
<dc:creator>Дауыл</dc:creator>
Жас түлектерге ата - аналары айтатын тілектер
Осы тілектердің жүректеріңізге жетіп, көңілдеріңізге қонғанын және орындалуын шын жүректен тілейміз.]]></description>
<turbo:content><![CDATA[ Жас түлектерге ата - аналары айтатын тілектер
<dc:creator>Дауыл</dc:creator>
1 Маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күні
<turbo:content><![CDATA[ 1 Маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күні
1 маусым - Балаларды қорғау күніне құттықтау ]]></turbo:content>
<dc:creator>Дауыл</dc:creator>
1 маусым - Балаларды қорғау күніне құттықтау
1 маусым - Балаларды қорғау күні құтты болсын!]]></description>
<dc:creator>Дауыл</dc:creator>