Кембридж университеті – Еуропадағы ірі ғылыми орталық, ежелгі университеттердің бірі. 1209 ж. Ұлыбританияда Лондон қаласынан солтүстікке қарай Кембридж қаласында құрылған. XIII ғасырдың өзінде Кембридж университетінде 4 факультет болды: гуманитарлық, заң ғылымы, дінтану (теология), медицина. XVII ғ - да Кембридж университеті ірі ғылыми орталыққа айналды. 1669 – 1702 ж. Исаак Ньютон Кембридж университетінің профессоры болды. 1837 ж. Кембридж университетінде Чарльз Дарвин магистр атағын алған. Кембридж университетінің өзіндік ерекшелігі – күні бүгінге дейін өзінің ортағасырлық құрылымын сақтаған. Жаңа типті университеттерден Кембридж университетінің айырмашылығы – ол жеке колледждерден тұрады. Бүгінде университетте 29 колледж бар. Оның әрқайсысының өз кітапханалары жұмыс істейді.
Аталған оқу орнынан 15 ағылшын премьер-министрі, әлем елдерінің 23 көшбасшысы, Үндістанның 3 премьер-министрі, Дания патшайымы II Маргрета оқып шыққан. Әлемдік QS World University Rankings рейтінгісі аталған университетті 2010 жылдың ең үздік жоғары оқу орны деп таныды.
Жекелеген салалар бойынша Оксфорд, Гарвард оқу орындарына үстемдік бергенмен, жалпы салалар бойынша ең үздік болып саналады.
Дереккөзі:
https://kk.wikipedia.org