Гүл - генеративті мүше болғандықтан оның аталығы және аналығы болады. Егер бір гүлде аталық пен аналық болса, қос жынысты, ал аталық пен аналық жеке дара гүлде болса, дара жыныста деп аталады.
Мысалы: Алдарыңыздағы ілулі тұрған плакатқа қарайық. Бұнда қызанақ пен талдың сырға гүлдері бейнеленген. Осының гүлдерінің құрылысын қарай отырып неше жынысты екенін ажыратамыз.
1. Қызанақ – қос жынысты, себебі аталық пен аналық бір гүлде орналасқан
2. Тал – дара жынысты гүлдер себебі аталық пен аналық екі гүлде орналасқан.