Сыныбы: 8 сынып
Күні:
№2-шы сабақ тақырыбы: Негіздік, екідайлы және қышқылдық оксидтердің химиялық қасиеттері және қолданылуы.
Оқытудың мақсаты: Негіздік, екідайлы, қышқылдық оксидтердің химиялық қасиеттері туралы білімді жүйелеп дамыту.
Реактивтер мен құралдар: Кальций оксиді, фосфор(V)оксиді,мырыш оксиді,су,стақан, сынауықтар,сынауық тұрғы,индикаторлар,қышқыл,сілті ерітінділері.
Көрсетілім: Кальций және фосфор(V)оксидтерінің суда еруі. Мырыш
оксидінің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуі.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Білім мен біліктерін тексеру: Оксидтердің жіктелуі бойынша сұрақ қойып мысалдар келтіру. 1. Оксидтер неше топқа жіктеледі?
2. Негіздік, екідайлы, қышқылдық оксидтерге мысалдар келтіріңдер.
Оксидтер
Металл оксидтері айнымалы металл оксидтері бейметал оксидтері
Na2O,MgO,CaO,BaO,CuO AI2O3,ZnO,Cr2O3,BeO, CrO3,Mn2O7,SO3,P2O5,CO2
Негіздік оксидтер Екідайлы оксидтер Қышқылдық оксидтер
Тақтаға сабақ тақырыбы жазылады.Оқушыларға эксперименттік есептерді орындауды ұсынады. 1. Кальций оксиді – негіздік оксид екенін қалай дәлелдеуге болады?
Бір оқушыны тәжірибе жасайтын столға шақырамын. Ол кальций оксидін суда ерітіп, түзілген сілтіні индикатормен анықтайды. Екінші оқушы кальций оксидін лакмуспен боялған тұз қышқылында ерітеді. Содан кейін олар реакция теңдеулерін жазады.
2. Фосфор(V)оксиді – қышқылдық оксид екенін қалай дәлелдеуге болады?
Эксперименттік тәжірибені мұғалім орындайды. Фосфор(V)оксидін суда ерітіп, түзілген қышқыл ерітіндісін индикатормен анықтайды. Фосфор(V)оксидін сілтімен әрекеттестіреді. Ал оқушылар реакция теңдеулерін жазады. Негіздік және қышқылдық оксидтермен қатар екідайлы қасиет көрсететін оксидтерді де қарастыру. Мұндай оксидтер қышқылдармен де,негіздермен де реакцияға түсе алады, демек екідайлы қасиет көрсетеді. Тәжірибе көрсетіледі,теңдеулері жазылады:
ZnO + H2SO4 = ZnSO4 + H2O; ZnO + NaOH = Na2ZnO2 + H2O
Оқушыларды қатыстыра отырып, тірек - сызба таблицасы арқылы оксидтердің химиялық қасиеттері түсіндіріледі.
Өтілген тақырыпты бекіту:
1-тапсырма: Берілген формулалар:NaCI,SO2,CO2,H2O,HCI,H2SO4,KOH. Осылардың қайсысы кальций оксидімен әрекеттеседі. Тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар.
2-тапсырма: Берілген формулалар:H2O,BaO,SiO2,BaCI2,Ca(OH)2,Na,H2SO4. Осылардың қайсысы көміртек(IV) оксидімен әрекеттеседі. Тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар.
Оқытудың жоспарланған қасиеті: Суда еритін және ерімейтін оксидтерге мысалдар келтіре отырып, екідайлы оксидтердің ерекше қасиеттерін тәжірибе қорытындысы бойынша түсіндіріп беруі қажет.