Мен емес, шеге жыртты (көрініс)
Автор: Еркін бесінші сыныпқа көшты. Сабақты жақсы оқығаны, үлгілі тәртібі үшін оған әдемі қағазға жазылған мақтау қағаз берілді. Қуанған ол, мақтау қағазын үйіне жеткенше көтере ұстап келді. Есіктен кіре бере, кішкене қарындасы Әнтайға:
Еркін: - Бұл не, тапшы? – деп қызықтырды.
Әнтай: - Бере тұр. Көрейінші.
Еркін: - Жоқ саған беруге болмайды. Кірлетесің.
Автор: Еркін осыны айтты да, мақтау қағазын Әнтайдың қолы жетпейтін етіп, этажарканың жоғарғы сөресіне қойды. Одан біраздан кейін алды да өз кереуетінің бас жағына бастырмамен жапсырды. Ондағы ойы: - «Қызметтен келген бетте мамам көрсін». Еркін бұдан кейін тысқа шығып кетті. Әнтай бұл кезде өзінің ойыншығын жинаған бұрышта отыр еді. Ол Еркіннің далаға шыққанын көрісімен – ақ астына орындық қойып, жапсырулы тұрған мақтау қағазды жұлып алды. Қағаздың бастырып қойған бұрыштары жырымдалып жыртылып қалды. Әнтай бұлай болар деп ойламап еді. Қағазды жерге тастай беріп, зытып жөнелді.
Үйге Еркін келді. Әлгінде ғана жапсырып қойған мақтау қағазының үшті – күйлі жоғалғанын көріп, жүрегі су ете қалды. Қараса, жерде жатыр. Шеті жұлым – жұлым. Еркін жүгіріп сыртқа шықты да, Әнтайды іздеді.
Еркін: Әнтай! Әнтай!
Автор: Еркін мақтау қағазды көрсетіп...
Әнтай: Жо Жоқ мен емес. Мен тек.... Көрейін деп... ала беріп едім.. Оны шеге жыртып кетті.