Қышқыл — химиялық қосынды, көк лакмус қағазына қызғылт рең беретін ерітінді, дәмі қышқыл. Қышқылдар құрамына қарай оттекті, оттексіз болып, олардағы сутекатомдарының сандарына қарай бір және көп негізді деп бөлінеді. Қышқыл ертітінділерде түсін өзгертетін заттарды индикаторлар деп атайды
Қышқылдар сутек атомынан және қышқыл қалдығынан құралған күрделі зат, олар екі топқа бөлінеді: Оттекті және Оттексіз Оттекті: HNO³, H²SO(4), H²CO³, H²SiO³, H³PO(4), H²SO³ Оттексіз: HCl, H(I), HBr, HF, H²S
Азот, тұз, күкірт қышқылдары сұйық заттар, ал фосфор және бор қышқылы (Н3BО3) - қатты заттар болса, кремний қышқылы суда ерімейтін іркілдек зат. Көмір және күкіртті қышқылдары тұрақсыз, оңай айырылатын заттар.
H2CO3→CO2↑+H2O;
H2SO3→H2O|+SO2↑
Қышқылдардың құрылысының формуласын жазғанда әуелі сутектің таңбасын шетіне жазамыз, өйткені ол бір валентті элемент.
Оттексіз қышқылдарда сутек қышқыл түзуші элементпен тікелей байланысады: Н—CI Н—S—Н, т.б.