Көжек тусиниутеме?

0 дауыс
Тіл, сөз бөлімінде 07 Қыр, 18 аноним сұрады
Көжек дегенимиз не?

1 Жауап

0 дауыс
27 Қыр, 18 _GamerBeuYT_ (1,920 бал) жауап берді

Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Салмағы 0,1 – 4,5 кг, дене тұрқы 12 – 75 см, Мадагаскар аралы, Оңтүстік Американың оңтүстік аймағы, Антарктидадан басқа барлық жерде таралған. Шөп, ағашқабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 – 8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады. Қоянның кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар. Ақ қоян, негізінен, қалың қар түсетін ҚостанайСолтүстік ҚазақстанПавлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, АқтөбеАлматыоблыстарында сирек кездеседі.

Қоянның іні

Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68 см, салмағы 5 – 6 кг-дай болады. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады;

Құм қоян – қояндардың ішіндегі ең кішісі. Дене тұрқы 38 – 53 см, салмағы 1,5 – 2,5 кг. Арқасы мен бүйірі қоңыр, сұр, ал бауыры ақ түсті. Қазақстанда Арал ҚарақұмыҚызылқұмМойынқұмда және ҚызылордаЖамбылОңтүстік ҚазақстанМаңғыстау облыстарындағы құмды жерлерде мекендейді. Қорегін іздеуге ымырт түскен кезде, түнде шығады. Ұйығуы қаңтар мен ақпанның аяғында басталады. Құм қояны – өте өсімтал, жылына 3 рет көбейеді, әр туғанда 1 – 9 көжектен табады.

Ор қоян – қояндардың ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 53 – 69 см, салмағы 3,5 – 5,8 кг. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда екі есеге жуық ұзын. Түсі әр маусымда әр түрлі. Жазда және қысқа қарай құйрығында қара жолақ пайда болады. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде, әсіресе Батыс Қазақстан, АтырауАқтөбе облыстарында таралған. Шөлшөлейт, далалы жерлерді мекендейді. Тіршілік әрекеті іңірде және түнге қарай басталады. Жылына 2, кейде 3 рет, 3 – 9 көжектен табады. Қояндар көбейіп кетсе бау-бақшаға зиян келтіреді. Олар еті, терісі үшін ауланады.[1]

Білімділер порталының сұрақ жауап бөліміне қош келдіңіздер!

262 сұрақ

265 жауап

10 пікір

49,579 қолданушы

Көп қолданылатын ілмектер

математика синоним тік төртбұрыштың ауданын табу денсаулық педагогика өлең социальная сеть қазақ тілі күзгі бал тақпақ аттестация психология махаббат мерекесі жарнама арқылы ақша табу әлеуметтік желі лексика адам болсан десениз диалект аудан табу формула тамақ ауруы бала құқығын қорғайтын заң екі таңбалы сан таныстыру өлеңі банк несие қаржы валюта теңге білім дыбыстар дауыссыз жер тіркелу қалай адам сценарий сайтқа квадрадтың ауданын табу жауаптары барма әдебиет сақтардың өмір сүрген жылдары аудан дегеніміз не? сақтар . өте тез керек өсиет. грант 2019 грант 2019-2020 толық тізімі грант 2019-2020 күн туралы сұрақ 70 пайыз құйрықты жұлдыз комета жер мен күн қашықтық қолданылу өрісі тар лексика ұлтан мағынасы ұлтан сұлтан өрт сөндіру нөмірі өрт сөндіру номері қауіпсіздік махаббат күні министрлердің тізімі министрлік рамадан 2019 рамазан айы ораза 2019 үй жануарлары мысық гмо спорт олимпиада госакт на землю жер телімі госакт азық түлік тарнс майлар трансмайлар мереке күндері теңдеуді шешу диалект сөздер характеристика ковалентной связи. октетные формулы льюиса. термин теория электронных смещений химическая связь теория направленных валентностей тік төртбұрыш тіктөртбұрыш периметр қазақ әдебиеті зар заман ақындары кекек әдемі есім ұл балаға есім таңдау қыз балаға есім таңдау есім таңдаң елің кім руың кім
...