«Алтын күз» сайысының дүбіріне,
Сайланып, дайындықпен мен де келдім.
Жылқайдар Нұрасылмын Батырханұлы,
Сайыстың бізге артар ауыр жүгі.
8- сыныптың намысын қорғап,
Озып шығам,сайыста болып үлгі.
Алтын күзде дастарқан молығады,
Көкөніс әр үйдегі дастарқан сәні.
Өздігінен ол бізге келмес еді,
Бәрі де шаруаның адал еңбегі.
Еңбекпен адам жаны көркейеді,
Табысы артып, байлыққа кенеледі.
«Алтын күз» сайысында өнер көрсетер,
Менің де енді міне кезегім келді.
Руым Қарабатыр Сіргеліде,
Шежірені білу шарт мына бізге.
Ата-баба тарихы «алтын сандық»,
Аш деп кілтін ұстаздар берер бізге.
Жігітке жеті өнер аз дер халқым,
Сақтаймын дәстүрі мен оның салтын.
Көрермен мені қолдап, демеуші бол,
Қазылар да бұзбасын сайыс шартын.
Демеңдер мен өнерді аяп қалды,
Сайысты бастар уақытта таяп қалды.
Бастайын өнерімді бойымда бар,
Көтеретін білімім бар «қара нарды».