Күзгі балға арналған таныстыру өлеңі

+1 дауыс
Тіл, сөз бөлімінде 14 Қаз, 18 аноним сұрады
Күзгі балға арналған таныстыру өлеңі бар ма? Қыз бен ұл балаға?

3 Жауаптар

0 дауыс
14 Қаз, 18 Баур жауап берді
Қыз бала: Сәлем берем, сәлем беру салтымыз,
 Сәлемменен сөз бастаған халқымыз.
 Аман – есен жүрмісіздер жалпыңыз.
 Армысыздар, жиылған жұрт халқымыз

 Ұл бала. Аманбысың ағайын құрбы құрдас.
 Тілегі бір замандас ізгі сырлас
 Кезекті берейік танысуға
 Біз келдік ЭЕТ - дан сайысуға

 Ұл бала: Қасымда жұбым бар Шолпан атты
Сұлу да сымбатты, инабатты
Ортаға қол ұстасып шыққан кезде
Талай адам тамсанып таңдай қақты

Ұл бала: Жүзіңде күннің нұры ұялаған
Мұндай жан жер бетінде туылмаған
Көркіңде тұрар мәңгі арай шашып
Танысыңдар міне Шолпан осындай жан

Қыз бала: Бектас тұр жанымда жарқыраған
Жүрегі ақ көңіл аңқылдаған
Армандап талай жандар бір көруге
Аңсау менен түндерді таңды атырған

Қыз - ұл бала: Ортаға қол ұстасып біз шығайық
 Өмірдің шапағатын біз құрайық
 Көрсетіп өнерлерді барша жұртқа
 Иемденіп бас жүлдені біз алайық
25 Қаз, 19 Жанерке пікір қалдыру
Өте керемет маған ұнады
0 дауыс
14 Қаз, 18 Бөлекбай жауап берді
Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Биік қойған жанынан қыздың арын!
Қыз өсірген қазақтың қайғысы осы,
Қатал сынға салатын әр қадамын!
Шын сыналған жүйрікте мін болмайды,
Ақылы озық - біреуге күң болмайды!
Келіні дана болған қазағымның,
Ұлдары өзге елге құл болмайды!
Көпшілік мен де өзімді сынға салдым,
Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын!
Топтан озу мақсатым болмаса да,
Ару болу мақсатым инабатты!
Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Аруларға әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?!
Атым -..... болады сұрасаңыз,
Албан екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты..... асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!
Анашым Тугленшедей Бәленше қызы,
Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!
Ұстазым -... апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған!
Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын!
0 дауыс
14 Қаз, 18 Колхоз жауап берді
«Алтын күз» сайысының дүбіріне,
Сайланып, дайындықпен мен де келдім.
Жылқайдар Нұрасылмын Батырханұлы,
Сайыстың бізге артар ауыр жүгі.
8- сыныптың намысын қорғап,
Озып шығам,сайыста болып үлгі.
Алтын күзде дастарқан молығады,
Көкөніс әр үйдегі дастарқан сәні.
Өздігінен ол бізге келмес еді,
Бәрі де шаруаның адал еңбегі.
Еңбекпен адам жаны көркейеді,
Табысы артып, байлыққа кенеледі.
«Алтын күз» сайысында өнер көрсетер,
Менің де енді міне кезегім келді.
Руым Қарабатыр Сіргеліде,
Шежірені білу шарт мына бізге.
Ата-баба тарихы «алтын сандық»,
Аш деп кілтін ұстаздар берер бізге.
Жігітке жеті өнер аз дер халқым,
Сақтаймын дәстүрі мен оның салтын.
Көрермен мені қолдап, демеуші бол,
Қазылар да бұзбасын сайыс шартын.
Демеңдер мен өнерді аяп қалды,
Сайысты бастар уақытта таяп қалды.
Бастайын өнерімді бойымда бар,
Көтеретін білімім бар «қара нарды».
14 Қаз, 19 Айсулу пікір қалдыру
Бір өлеңді шығар бермендерші
Білімділер порталының сұрақ жауап бөліміне қош келдіңіздер!

262 сұрақ

265 жауап

10 пікір

49,614 қолданушы

Көп қолданылатын ілмектер

математика синоним тік төртбұрыштың ауданын табу денсаулық педагогика өлең социальная сеть қазақ тілі күзгі бал тақпақ аттестация психология махаббат мерекесі жарнама арқылы ақша табу әлеуметтік желі лексика адам болсан десениз диалект аудан табу формула тамақ ауруы бала құқығын қорғайтын заң екі таңбалы сан таныстыру өлеңі банк несие қаржы валюта теңге білім дыбыстар дауыссыз жер тіркелу қалай адам сценарий сайтқа квадрадтың ауданын табу жауаптары барма әдебиет сақтардың өмір сүрген жылдары аудан дегеніміз не? сақтар . өте тез керек өсиет. грант 2019 грант 2019-2020 толық тізімі грант 2019-2020 күн туралы сұрақ 70 пайыз құйрықты жұлдыз комета жер мен күн қашықтық қолданылу өрісі тар лексика ұлтан мағынасы ұлтан сұлтан өрт сөндіру нөмірі өрт сөндіру номері қауіпсіздік махаббат күні министрлердің тізімі министрлік рамадан 2019 рамазан айы ораза 2019 үй жануарлары мысық гмо спорт олимпиада госакт на землю жер телімі госакт азық түлік тарнс майлар трансмайлар мереке күндері теңдеуді шешу диалект сөздер характеристика ковалентной связи. октетные формулы льюиса. термин теория электронных смещений химическая связь теория направленных валентностей тік төртбұрыш тіктөртбұрыш периметр қазақ әдебиеті зар заман ақындары кекек әдемі есім ұл балаға есім таңдау қыз балаға есім таңдау есім таңдаң елің кім руың кім
...