ІНЖҮ – теңіз астынан алынатын түсі ақ, қызғылт немесе сары, кейде қара әдемі тастар; Маржан.
ІҢКӘР - араб тілінен алынған — құмар көңіл, ынтық, аса жақсы көретін ынтызар. Біріккен тұлғалы есім – Іңкәрбала.
АЙБИКЕ - екі сөзден бірігіп жасалған есім, сыңарындағы бике сөзі араб тілінде әйел деген сөз. Яғни Айдай сұлу әдемі, көркем
АРНА - бір адамға бағыштау, арнайы қою.
АРУ - сұлу, көркем.
АРШАТ - араб тілінен - адал, таза, батыл, сенімді, қайырымды.
АСИЯ - иран тілінен — қайырымды, мейірімді (әйел).
АСЛИ - араб тілінен — нағыз, шын. Түрі - Аслия.