Үй соғайын деп едім

0 дауыс
Құрылыс, жобалау бөлімінде 22 Қаз, 18 Сабыр сұрады
Үй соғайын деп едім, қандай құжаттар әзірлеу керек?

1 Жауап

0 дауыс
22 Қаз, 18 аноним жауап берді

Бүгінде жеке үй салу деген оңай шаруа емес. Басқасын былай қойғанда тиісті құжаттарды дұрыс рәсімдеу мәселесіне аса мән берген жөн. Ол үшін мынадай құжаттар болуы тиіс:

♦ Құрылыс жұмыстарын бастау үшін тиісті мекемеге өтінім бересіз. Өтінішке мынадай құжаттар қоса тігілуі тиіс:

— жергілікті билік басшысының жер телімін беру туралы Қаулысы;

— сату-сатып алу келісім-шарты;

— бас жоспар, жер телімінің төлқұжаты;

— жер телімінің шекарасы, онда салынатын ғимараттар туралы акт.

♦ Осыдан кейін бұл құжаттарды тексеріп көрген әкімшілік үй салуға рұқсат беру жөнінде Қаулы шығарады. Мынадай құжаттар рәсімделеді:

— әкімшіліктің Қаулысы;

— үй салушыға құқық берілетін құжат;

— бас жоспардан үй салуға берілетін құжат көшірмесі;

— ситуациялық жоспар;

— инженерлік жүйелерге қосылуға қатысты техникалық жағдайлар, фасад, қабат сызбалары;

— жер телімінің салынатын түрлі ғимараттарға қатысты сызбасы.

♦ Бұдан бөлек, салынатын үй жоспары жеке құжатқа тігіледі. Онда мынадай құжаттар болады:

— ситуациялық жоспар, мұнда үйдің жақын елді мекенге байланысы, сыртқы жарық, жылу, су көздерімен кәріз жүйелерімен, құрылыстарымен байланысы көрсетіледі;

— үйдің жақын көше бөлігімен қоса «топосьемкалық» суреті;

— жер телімінің жақын аумаққа байланысын көрсететін тігінен жасалған сызбасы;

— жертөле мен қабаттар жоспары;

— ғимараттың бүйір және бас фасадтары;

— сәйкес бөліктер;

— қабаттардың жабылуына қатысты жоспар, шатырдың, жабындының жоспары;

— іргетас жоспары, оның қиылыс-бұрылыстарының жоспары;

— техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне қатысты жазбалар, ғимарат құнына қатысты қаржылық-сметалық есептеу­лер.

♦ Ал жер телімін құжаттандыру үшін тиісті мекемеге ол жерге не салынатынын, қай аумақта екенін, көлемін көрсетіп, жеке басты растайтын құжат көшірмесін, сату-сатып алу туралы келісім-шартты, азаматтың жер теліміне құқық көрсететін құжатты, кадастрлық жоспарды қоса тігіп, өтініш өткізу керек.

♦ Есте ұстар жайт, мемлекеттік меншікті реттеу органына өтініш тастап (паспорт көшірмесімен бірге), жер бұған дейін жекешелендірілген бе – соны білу керек. Жер телімі өз атына рәсімделгесін өтініш берушіге шешім құжаты тапсырылады. Жерді өлшеу, кадастрлық жоспар жасауға кететін шығынды жер иесі өтейді. Сосын мемлекет тарапынан жер теліміне қатысты сату-сатып алу келісім-шарты жасалады. (Өтініш берушіге жер телімі мұрагерлікпен қалған немесе мемлекет тарапынан тегін берілген болса, құжат басқаша рәсімделеді). Бұдан кейін тіркеуге өтініш беріледі. Мынадай құжаттар қоса тігілуі керек: Төлқұжат көшірмесі, жергілікті атқарушы биліктің жер телімін бергені туралы шешім көшірмесі, сату-сатып алу келісім-шарты, жердің расталған кадастрлық жоспары. Паспорттан басқа құжаттар түпнұсқа және көшірме түрінде өткізілуі тиіс.

Дереккөзі: reactor.inform.kz

Білімділер порталының сұрақ жауап бөліміне қош келдіңіздер!

258 сұрақ

265 жауап

10 пікір

48,669 қолданушы

Көп қолданылатын ілмектер

математика тік төртбұрыштың ауданын табу денсаулық синоним педагогика өлең социальная сеть қазақ тілі тақпақ аттестация психология махаббат мерекесі жарнама арқылы ақша табу әлеуметтік желі лексика адам болсан десениз диалект аудан табу формула тамақ ауруы бала құқығын қорғайтын заң екі таңбалы сан таныстыру өлеңі күзгі бал банк несие қаржы валюта теңге білім дыбыстар дауыссыз жер тіркелу қалай адам сценарий сайтқа квадрадтың ауданын табу жауаптары барма әдебиет сақтардың өмір сүрген жылдары аудан дегеніміз не? сақтар . өте тез керек өсиет. грант 2019 грант 2019-2020 толық тізімі грант 2019-2020 күн туралы сұрақ 70 пайыз құйрықты жұлдыз комета жер мен күн қашықтық қолданылу өрісі тар лексика ұлтан мағынасы ұлтан сұлтан өрт сөндіру нөмірі өрт сөндіру номері қауіпсіздік махаббат күні министрлердің тізімі министрлік рамадан 2019 рамазан айы ораза 2019 үй жануарлары мысық гмо спорт олимпиада госакт на землю жер телімі госакт азық түлік тарнс майлар трансмайлар мереке күндері теңдеуді шешу диалект сөздер характеристика ковалентной связи. октетные формулы льюиса. термин теория электронных смещений химическая связь теория направленных валентностей тік төртбұрыш тіктөртбұрыш периметр қазақ әдебиеті зар заман ақындары кекек әдемі есім ұл балаға есім таңдау қыз балаға есім таңдау есім таңдаң елің кім руың кім
...