Ана туралы өлең
Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,
Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін?
Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті,
Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің.
Ана, жаным, жүре берші қасымда,
Сен өтпеген, бәлкім, осы асу ма?
Әркез маған бата беріп жол нұсқап,
Айтатынсың: «Құлыным - ау, жасыма!».
Сұм тағдырды кешіп өттің басымнан,
Сондықтан да ширақ болдың жасыңнан.
Кешір ана, қателессем кеше көр,
Бірақ алыс кете көрме қасымнан.